Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Нұр сипаты Өлеңдер, әңгіме, һикайалар, дастан Қарағанды, 2013



бет3/14
Дата06.07.2018
өлшемі306,82 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Тербетер сұлу бесігін.

Ғашықгүл мәңгі солмайды,

Азбайды шын ғашық, тозбайды

Шынардай сұлу адамдар

Ырысын, бақытын қорғайды

Қуаньпп әнін толғайды.
БОЛАШАҚТЫҢ БАҒЫНА

Тіл - буынсыз,

Ой -түпсіз

Талап талмас қанатың.

Айақ басу,

Қол беру Адамдықтың парасы.

Басың - сандық,

Көзің - нұр

Сыр ұйясы - көңілің.

Жүрегің - кілт,

Білім - күш

Біліміңмен өрлей түс.

Өнерің - іс,

Қайрат- күш

Арман, мақсат қазынаң.

Заман - заңғар,

Арман - асқар,

Сарқылмасын мақсатың.

Асыл - тастан,

Өнер -жастан

Бағалансын жас шағың.

Балалық - байлық,

Жастық -жалын

Уақыттан қалыспа.

Жақсылықтан үлгі алайық,

Күн нұрынан нұрланайық

Болашақтың гүлбағына

Қол ұстасып бір барайық.


КҮНШУАҚ

Ай, Жұлдыз -

Аспан Әлем шырақтары,

Сылындап,

Күн нұрына гүл майысып,

Күншуақ жазын сүйіп, шабыттанды.

Ақ аспан

Ақша бұлттан адаланды.

Самалы

Сұлу желдің сылаң қағып,



Гүл искеп, күн көзінен шәшақ тақты

Жаз сұлу


Жадыратты жердің жүзін,

Саһарада


Домбыраның келтіріп құлаң күйін

Шалқыды күй, сайратты құс та әнін.

Па, шіркін,

Күннен қуат алады Әлем,

Тыныштық

Сол бір сәтте сайабырлап,

Бас иіп, Қазақелге берді сәлем!
СӨЗДІҢ НҰРЫ

Нұр!- деген сөз бар,

Бір ғажап жаратылыс.

Сезініп сөздің Нұрын,

Өрнекте сөздің сырын.

Қалы кілем өрнегіндей,

Жүйеленіп орын тепкен.

Сөздің мәні жүйесінде,

Мағынасы тіл киесінде,

Орнын тапқан асыл сөз

Маңайға нұрын шашады

Сөз таппаса орынын,

Көлеңкеде қалады.

Сөзде тағы бір нұр бар

Қырлы пирамидадай

Поэзия - сөз нұры

Шабысы су жорғадай.
ҚУАНЫШТАН ЖҮЗІҢ ЖАРҚЫН

Қуан қазақ азаттық алғаныңа,

Елім жетті аңсаған арманына.

Нұрын шашып аспаннан, күнім күліп,

Саһарамның жайқалып, толғанына.

Көз жіберсем алысқа, өткен күнге,

Неше зұлмат қайғыны қазақ көрген.

Көз қуансын қарашы байтағыма,

Саһ даланың байлығын Ел игерген.
АҚҚУЛАР ӘСЕМ

Қ-сы Аққулар әсем әнім сен,

Көгімнің сұлу сәні сен,

Айдынды шалқар көлдерді

Шаттыққа бөлер мәні сен.

Аққулар, әсем аққулар,

Сазыңда сенің тәтті үн бар.

Саумалды таңмен сырласып,

Әсем бір әнге салыңдар.

Қ-сы: Аққулар әсем әнімсің,

Көгімнің сұлу сәнісің.

Айдынды шалқар көлдерді

Шаттыққа бөлер мәнісің.

Аққулар, әнші аққулар,

Жүрегің сұлу пәксіңдер.

Күн құдіретінен сусындап,

Патша көңілің болсын шат.


ҚАРАШЫ

Ақыным, Пушкин, қарашы,

Половцы - Степняк даласын

Сен жазған Тунгуз жабайы.

Қалмақпенен Қазағың

Бәрі ағайын, достықта

Болды азат қорлықтан,

Табынудан, зорлықтан.

Өлеңіңді оқыды,

Оқып жадқа тоқыды,

Сөзіңдегі шындықты

Іске асырды, бекінді,

Еркіндік алды, желпінді

Кейде тәтті, кейде қатты айтамыз сөз балаға,

Ақылды бар ма ұғатын. Сөзім кетті-ау далаға

Айналайын, ұға гөр, кетпесін ақыл далаға.../Тұрсын/
ҰСТАЗДАР

Жақсы оқы,- деу ұстаздардың ұраны,

Білім, ғылым- ұстаздардың құралы.

Ұстаздардың бақыт кешу сәттері,

Кездесу мен тілдесуден тұрады.

Ұстаздарды ұмытуға һақың жоқ,

Шәкірттерін еске алатын жылдар көп.

Шәкіртінің шыққан тауын көргенде,

Қуаныштан жаны жайлау, көңлі тоқ.

Жасап талай ағат мінез балалық,

Кейде ұстазға немқұрайды қарадық.

Сәлем жолдап кұттықтамай мейрамда

Жалқаулықпен көрсетпедік саналық.

Ұстаздарды ұмытпаңыз, шәкірттер,

Жетелі істі ұстаз ғана дәріптер.

Ұстазбенен бақытты ғой ғалым да,

Алғашқы ұстаз үйретті ғой әріптер

Ұстаз- аға, ұстаз- ана, бауырың,

Үйретеді мінез - құлық тәуірін.

Бар ынтаңмен ақыл түйіп, білім ал.

Ұстаздарсыз қараңғы өмір - дәуірің. 2004

КІМ БІЛГЕН?

Кім білген?

Мәңгілік сарқылмайтын өмір қырын

Сыры мен сиқыры мол әмір шерін.

Мән беріп мағынасын түстегенмен,

Жетпейсің ол сиқырдың түптен сырын

Кім білген?

Сыпсың дүние сиқырлы үнін,

Жақсы да, жаман да жүр көріп күнін.

Тоқтамай, айалдамай тура тартам,

Ұғынам, айтпаса да, күйкі түрін

Кім білген?

Білмес ешкім ертеңгісін

Тілеймін Аспанменен жер кеңдігін.

Теңдіктен Отан туы желбіресе,

Жойады Ел мен Ұлттың теңсіздігін. 2000


НЕСІ АЙЫП

Тыныштық иықтан құшақтап,

Үнсіздік ойымды тежейді.

Өтірік шындықты қудалап,

Суырып суыртпақ, өтірікке меңзейді.

Жоқ,- деймін, мұныңа көнбеймін,

Өтірік айтпайды ақындар, көр деймін.

Ақынның тілінде апиын, алмас бар,

Ақынның төрінде өтірікке орын тар.

Ойға батып, отырам, кейде, мұнданып,

Мұңымнан өлең бұлақ боп ақса, несі айып.

Талайлар кепі, өлеңге батып, өртеніп.

Жарық жалғаның осы болса, несі айып?!
БАҚЫТ КЕЛЕР

Айлар, жылдар өтер, кетер,

Біз қартайар мезгіл жетер.

Айаулы сол анамдай боп,

Күндей күліп Бақыт жетер

Бапталмаса Бақыт та өлер,

Күтілмеген көңіл күрең.

Бақытыңды өзің байла.

Болашағың өз қолыңда.

Ғасыр - өмір өтер, кетер

Өмір тілі кімге жетер.

Айалдасаң, айаласаң

Өмір - өзен өткел берер.
БӘРІ ҰЙҚЫДА, МЕН ОЙАУ

Сары нәсіл,

Қоңыр бала

Жатыр тәтті ұйқыда,

Терезенің

Ту сыртында

Дің ағаш та ұйқыда.

Бұтақ толы

Түрлі құстар

Маужырайды құлпыра,

Бүкіл дала

Мүлгіп орман

Мамыражай ұғымда.

Уақытта

Таңға айналды

Ұйқы үйірілді көзіме

Аспан әппәқ,

Жерім көк - бақ

Күн шапағы төрімде.

Алтын сәуле

Нұрын шашып,

Жылу құйды көңілге. 2003



ТАҢ ҚЫЛЫП

Мәңгулікті, әңгілікті қалдырып,

Есер, масаң, жалқау күйден арылып,

Аталықтың аттап табалдырығын,

Сенде бір кез қойшы елді таң қылып.

Құйын мінез, ала бүлік ілезді

Сырттан сүзіп, шабақтайды өсекті

Естіжүрек жол бермейді өсекке

Адал сөзді айтады шын тілекпен. 2009


ЖЕҢЕШЕ-АЙ

(Түркістандағы Жұпарға)
Пай пай, жеңеше, жеңеше – ай,

Қандай тәтті шұбатың,

Іздемедің ағамды,

Қандай мықты қуатың

Пай пай, жеңеше- ай

Кездесе алмай жеңеше, кете бардым,

Сәлем айт!- деп, ағаға сауал салдым

Бір көруге өзіңді Аллаһ жазсын

Жұпар жеңгем исіне құмар қансын,

Пай - пай, жеңеше - ай!

Жеңеше- ай.
ЖАН СӨЗІМ

Жан сырым саған жазған осы сөзім

Жаманға түспесінші азат күнім.

Өмірден оза шығып жан сезімім,

Жанымды жарылқасын жақұт жырым.

Ойланып, оттай қызу өлең жазам,

Өйтпесем күнім күңгірт, түнім тозаң.

Жүрегім Тәңірімнен жарылқансын

Шабытым, шарықтасаң, құлың болам.
БІР СӨЗДЕН

Бір сөзден семіріп,

Бір сөзден аримын.

Бір сөзден марқайып,

Бір сөзден жайқалып,

Бір сөзден жанамын.

Бір сөзді ұмытып,

Бір сөзді мәңгі ұғамын. 2009


СОЛ БЕЙНЕ МӘҢГІ ИРЕГІМ

Бір бейне бар көңілде,

Елесі өмір төрінде.

Жолдай да алмай сәлемін,

Көмілді-ау, бөтен елінде

Оу, бақуатты кең өлке,

Жаймадың құшақ ерлерге.

Мәңгі күн нұрын төгуде,

Топрағыңды самал өбуде.

Бұйырды жаттан топырақ,

Жатыр, тек, мүлгіп атырап.

Жазықсыз, жаумен алысқан

Әкем де менің Батыр-ақ.

Осындай, міне, адамдар,

Жүректе мәңгі жүреді.

Ойымды оңға ұштаған

Сол бейне жүрек тірегі. 2001

ӨЛЕҢ - ҚҰРҒАҚ СӨЗДІҢ АЙҚАСЫ ЕМЕС

Ақынға қара сөзден өлең оңай,

Орман боп көрінеді жалғыз қурай.

Даламның құба белі, жөн, тауы мол,

Еліме Бақыт берші Жалғыз Құдай

Еліммен Бақытты өмір бапталады,

Ақынның асыл сөзі сақталады.

Тәңірге тәнті болып өлең жазам,

Болашақ айтып мені мақтанады.

Өлең, тек, айқасы емес құрғақ сөздің,

Білмейді түсінбеген жырдың кенін.

Өлеңде күрестердің ұлы ісі бар,

Жыраулар - күрестердің пірі шығар.

Өлеңде Қазақ елдің жан сыры бар,

Жендеттің, жауыздықтың қаңсуы бар,

Талапты тарлаңдарым Өлемге айан,

Әфсана, эссе, айтыста бәйгі алған. 2011
АҚЫН ЖАНЫ

Ақын жаны жалғандыққа бармайды,

Шындық сөзі дүниені шарлайды.

Табиғаттың тамашасын мәнерлеп,

Адамдықты, ақ ниетті толғайды.

Еліктейді Абыз қартқа, аңызға,

Желікпейді желмайалы табысқа.

Ол- Одиссей, ол- Оссиан, Аполлон,

Шаттанады соз сарасы табысқа.

Ертегі,аңыз, әңгіме де жазады,

Эссе, юмор, аллегория азабы.

Достық әзіл, оданы да құптайды,

Фәлсафалық толғауы - сөздің тазасы.

Ақын осы бар жанрды меңгерген,

Ақын жүрек табиғатты еңсерген.

Ақын болып дүниеге келген ол,

Нәзір,назым, пафосты да өңгерген.
Одиссей (Гомер поемасынан)

Оссиан (111в. легендарный поэт Ирландий, аңыз ақын)

Аполлон (певец любви- маһаббат жыршысы)
Ақын осы,қарағым, ақын осы,

Ұлысының жаны ол, шам-шырағы

Алпыс екі тамырының соғуы

Өлең - өмір өзен болып ағады.


ҒАШЫҚТЫҚ

Ғашықтық - жыры жүректің

Күші емес ол құр білектің.

Ғашықтық тілі тілсіз жау

Қасіреті әлсіз жүректің.

Сағыныш көңіл зарығып,

Батады мұнға тарығып.

Айала ғашық жүректі,

Айаққа баспа, жарығым.

Ғашықтың жыры бағың ғой,

Күтпесең ұшар сағымдай.

Есіңнен кетпес таңдары,

Жүректер қалса қосылмай.

Жақұттай жәудір жанарың,

Тозбасын балбұл ажарың.

Жүрсеңде шалғай өзгерме,

Берілме, жаным, өзгеге.

Жырымды алып жетермін,

Айалап сені өтермін

Кездеспей қалса сол бейне

Ғашық боп мәңгі өтермін. 1963

Қайырлы Таң, әділ Таң,

Әділдік келсін далама,

Сүйемін дарһан даламды,

Ұйқыңды аш тірлік көзіңді,

Әлемім болсын көңілді. (Б. Тұрсынһан)
БІР ТЫНЫШТЫҚ

Аспандағы күміс Айым нұрлы еді,

Ай жарығы түн түнегін түреді.

Түн күзетіп, жұлдыз санап тұр едім,

Ақ бетімді Ай сұлуым сүйеді.

Таң шапағы Ай сәулесін таратты

Талай мәрте Күнім көктен қарады.

Тырыс- тырыс жауған жаңбыр тамшысы

Көзін қысып, әйнегімнен қарады.

Ақ тамшылар терезені қағады,

Ақ маржаннан әйнек моншақ тағынды.

Ақ жауыннан дала шаңы басылып,

Бір тыныштық жүрегіме бағынды. 2005
ӨМІРДІҢ КЕЙБІР СӘТТЕРІ

Өмірдің кейбір сәттерін

Отырам болжап топшылап.

Зымырап күндер көшеді

Несібем болсын еселі.

Өмірдің кейбір сәттері

Ғибратты өмір көктемі

Қиындыққа жан шыдар

Соқпасын желдің өкпегі.

Өмірдің кейбір сәттері

Тұрады белес- белдерден

Бір тамшы ғұмыр дүние

Жалғасын тапқан көңілден. 2006
ОЙПЫР-АЙ
Жапырақ қоңыр желден дірілдейді,

Салқыннан жаны суып күбірлейді

Ойпыр-ай, күбірлейді.

Боз таңдай сәулелі, мөлдір аспан

Тыныштық ақ таңменен тым жарасқан

Ойпар-ай, тым жарасқан.

Бір бұлбұл, тыныштықты бұзды сайрап,

Сыр айтты тұла бойды үні жайлап

Оу,Тәңір, үні жайлап.
МЕН СОЛМЫН

Мен байағы солмын, солмын,

Жүрек жылуы молмын, молмын.

Білім алдым...

Оң солымды танып, толдым, толдым.

Өнерді сүйдім езім, өзім,

Еңбекті сүйді төзім, төзім.

Бола түссін...

Тола түссін өмірде жолым,жолым.
СҰЛУЛЫҚСЫЗ ДҮНИЕ ТҰЛ

Киелі асыл сөз бұл:

Сұлулықсыз дүние тұл!

Сұлулықгың жолында

Азап пен бақыт егіз құл.

Сұлулықтар Әлемі

Қорғайды адам қоғамын

Үндестігін тап бассаң,

Биігіне бойлайсаң.
МЕЙІРІМ

Ананың мейірімі - күн шуағы

Ана,- деген көңілдің бір бұлағы

Ана, - өмір! Әлемнің ол шырағы!

Жүргімнен Ана!- деп ән шырқалды.

Айналайын,

анадан айналайын

Күншуағым

өзіңмен арайланды

Ана!- деген

маһаббат мейірімі

Ана !-деген

Әлемнің ақ айдыны.

Ана,- дейді Тәңірім, тәбиғатым

Мәңгі өнеге анадан жиған қатым

Жалғыз жалау өмірде ана мәңгі,

Ұқсатамын анама атқан таңды.
СҰЛУ ҚАРТТЫҚ

Берік мінез, биік тұлға, бекем ой,

Оларда жоқ беген пиғыл, секемді ой

Нұрлы, назды, жаны сұлу адамдар,

Сұлу күйде қартайады екен ғой.
Аңғармай жол, белестер ауырлығын,

Өмірге ғашық болып жүреді адам...

Жыр серік, шабыт жолдас болғаннан соң,

Тәңірім, қуатыңа сенді қалам.

Өмірде ештеңе де мәңгі емес,

Өткеннің бәрі ертең болар елес.

Қажыған қарттарыма қайрат болып,

Сұлу қарттық мінезбен озды белес.

Сұлу өмір береді екен сұлулық,

Адам- фәндә, өтпелі өмір тым қызық.

Бармақтай сол Бақыт үшін жаралған,

Сұлу болып қартайады сұлулық.

Берік мінез, биік тұлға, бекем ой,

Оларда жоқ бөтен пиғыл, секем ой,

Нұрлы, назды, жаны сұлу адамдар,

Сұлу күйде қартайады екенғой. 2009


ӘНШІЖАМАЛ АПАЙҒА

Айта, айта «Алтайды»

Жамал апаң қартайды»,-

деген еді бір кезде.

Ұмыт болды, ілезде...

Енді бір сәт ойласам,

Өмірге өткен бойласам

Асқақтата «Алтайды»

Ешкім айта алмапты.
АЛАТАУ - ТӘҢІР
Алатау маңдай,

Шындары қандай,

Ақбөрік киіп,

Көкке тұр тиіп.

Шың басы ақ қар,

Етегі бақтар

Жайқалып тұнған,

Сайында гүл бар,

Шыршасы жасыл,

Қарағай қалың,

Жағасы толған

Қой, жылқы малың.

Алатау асқар

Шындары асқақ

Қартыққа басқан

Имейді басын.

Жасасты бірге

Аспан мен Жермен

Алатау таңы,

Атады мәңгі.

Әні бар таңы,

Күні бар күлген.

Алатау - Тәңір,

Жасасын мәңгі.



Сылқым сөзбен сыр құйдым,

Саналып сөзден жыр түйдім. (Б. Тұрсынһан.)
БАЛАЛЫҚ КЕЗ ЕҢ
Балалық кезең, балалық кез ең

Асығыс қайда жөнелдің?

Жетем бе, қусам,

Қайта бір тусам

Қайтару, сірә, бекер ме?!

Недеген тез ең, балалық кезең,

Жалаң айақ жарысқан

Балалық кез ең,

Тамашакезең Тотыдай сұлу таранған.

Балалық кезден жастыққа көшкем

Жұлдыздай көкте жайнағам.

Жастықтың шоғы,

Маздаған оты - Маһаббат жыры сайраған.

Балалық кезең, отты бір кез ең

Іздеймін төзім тоздырып.

Мәңгілік есте Сағыныш кезең

Сақтаймын өмір оздырып.

ТӘҢІРГЕ

Қуат бер Тәңір сүюге,

Достықпен адал жүруге,

Жырымды жазып, күлуге

Асаудай толқын төріңде

Жүйесін жанның еріткен

Жүрегім Күнге тепе-тең.

Өтті талай жаңа күн,

Туарын тостым таза күн

Жүрекке толсын қуат нұр. 2009



СӨЗ

Д і л м а р ды көрсең дірірілдеп,

Ш е ш е н дік сөзге тамсандың.

С ө з у а р дың қу сөзі

С ө з ш е ң ге қашан теңесті?

Д а н а л ы қ бар даламда

Данышпан салған сара жол

Кемеңгерлер кеңесіп,

А қ ы л ды қосты бабалар.

А қ ы л г ө й ұрпақ жалғасты,

Т і л , Д і н ге бүгін бой салды.

Өнерлі ө р е н жиылып,

Сөз өнері жалғасты.
ҚАРАҚАТ ТҮНГЕ АСЫҒАМ

Қарақат түннің ғажабын

Түн жортса білер жолаушы

Қалғиды жел де желікпей,

Ай, Жұлдыз сені қолдаушы.

Қарақат түннің ауасы

Дәрмендәрі жан ісі

Жұбатар жанның қайғысын

Жұлдыз - сіңлі, Ай - қызы.

Қарақат түннің асылы,

Ой қосар көңіл жасыны.

Жыр түртсе жүрек түкпірін

Қағылар жырдың қазығы.
Ой тоқып көңіл көгінде,

Күй құшып, әнге қосылам

Бақыттан елтіп жүрегім,

Қарақат түнге асығам. 2006


ОҢТҮСТІККЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Күзгі аспан күрсініп,

Күн қызуы азайды.

Күн биіктеп алысқа

Тоғай, дала мұңайды.

Далаға түсті көк тұман,

Қоңырлап жер де сарғайды.

Қоштасып аққу,тырна, қаз,

Оңтүстікке жол тартты.
ЖЫР ШАШУ

Қара бұлт нөсерін өткізіп,

Аспанға,

Ақ бұлтқа көз салдым,

Қалауын арманның қамшылап,

Елімнің төріне жыр шаштым.

Бұлт ойнап аспанға асылды Аспанда

Ала бұлт жаңбыр боп басылды.

Айшықты, арайлы әндерім,

Достыққа Әлемді шақырды.


ЖАНАРЫМДЫ ЖАҚСЫЛЫҚПЕН ҰШТАДЫМ

Жанарымды жақсылықпен ұштадым,

Ұнасам деп, біреулерге, ұшпадым

Тәрбиелі, дәстүрлерді бұзбауда

Балалықтың ғашықтығын кұшпадым.

Жерде тудым, биіктерге ұшпадым.

Жер иемнің кіндігінен ұстадым.

Жылылықты, жақсылықты, шуақты,

Жер — Анамның желкенінен ұққанмын.

Жер - Ананың желкілдеген қызымын,

Байтақ елін сүйген сұлу бірімін.

Көкірегім күн нұрынан нәр алған

Желбіреген нәзік емір гүлімін

Ашық күндей анық менің келбетім,

Бесігімде жан анашым тербеттің.

Саған ұқсас жүрегімде қызу бар,

Сыйғызардай жүрегіме жер бетін.

Адалдықты, ақиқатты бойлаймын

Жадыраймын жан анамды ойлаймын

Қыз жүрегі ұқсас ана жүрекпен

Ана жүрек соғады зор тілекпен. 1997
Поэзия это не просто мысль,

Это песнь кровоточащейраны.

Или же улыбающихся губ,- сказал Д.Джебран
МҰҚАҒАЛИҒА

(мадақтау - ода)

Әр жүректе жазулы тұр есімің,

Әркім ашар Кітабыңның есігін,

Бірі жылап, енді бірі күрсінер,

Тұла бойда неткен шындық! -десіп үн.

Айдынына аққу-қазды қондырып,

Сұлу әнді жазды Әлемді таң қылып.

Маһаббаттың пейішінен сусындап,

Сұлулықты паш етеді ән - ғұрып.

Шынар шыңға шындық іздеп шығасың,

Терең ойлы, тау тұлғалы бір басың.

Өтіп барады құмар ғұмыр тынбастан,

Шабытыңнан үлгі алады ақын мың.

Ақын жыры шуақ шашса жанға сыр,

Арғымағын өлең,жырдың тұсадың.

Теңеуі жоқ, тежелмейді ғасыр - жыр,

Ұрпағыңның жүрегінде мәңгісің. 2011


ҚАСЫМ РУҺЫНА

(арнау)


Заманымен үндескен,

Аспанменен тілдескен.

Азулы ақын әйгілі

Азаттықпен жүздескен.

Тәңір руһты айбарлы,

Мінез - құлқы жайдары,

Жанға бір ләззәт құйардай,

Өлеңдерің ұрандай

Өміріңнен озыпсың,

Ұрпақты жырға қосыпсың.

Сезіміңде сергектік,

Бақытын көрдің қалықтың.

Бесігің алтын Арқа елі,

Назира - назың еңселі.

Танымын жанның жаңғыртып,

Жалынды сөзді селдетті.

Руһқа сіңді қайратың,

Өлеңге қостың айбатты.

Сіңірдің еңбек ұлтыңа,

Жыр - жауһарың қаймақты.

Аспандаған асылсың,

Әніңді айтып тасыдым.

Сұңғыла сыншы - құдірет,

Ұрпағың саған бас иед 2011


ҚАЗАҚТЫҢ АСЫЛ ҰЛЫ

(Ақселеу Сланұлына )

Қазақтың асыл ұлы едің

Өмірге ғашық бірі едің

«Сарыарқа», «Дәурен-ай» әндерің,

Артыңда қалды ұлы ісің.

Келді көктем, келді жаз,

Жайқалды селеу иіп бас.

Дала тұнған ақ шашақ,

Селеулі аймақ, ақ масақ

Ойыңа ойлар тең келмес,

Бойыңа бой да тең емес

Сұм ажал қалай алдайды,

Жақсыны неге жалмайды.
*А.Сланұлы - академик ғалым, этнограф.әдебиет және тариһ зеттеушісі ҚРМ, ҚЖО сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет» орденініц иегері, ақын, жазушы, сазгер, сері, домбырашы, зергер, аңшы.

Отырған жерің шежіре,

Әңгіме, тариһ дүкені,

Қазақтың салтын ұстанып,

Тартқан ең баба - тегіңе.

Ойыңа бойың жарасқан

Сұлу терек сырбаз ең

Жеті өнерді де азсынып.

Түрлентіп өнер іздедің.

Тариһын күйдің негіздеп,

Өлең жыр жаздың еселеп.

Зергерлік затын өрнектеп,

Сайатшыл едің елгезек.

Жақсыны ажал арбайды,

Қыр соңынан қалмайды

Ол дүниенің НЛО-сы

Жақсыны,сірә, таңдайды.

Қабыкенді де алған ғарыш күш,

Тынбай жүр Жермен жалғасып.

Жалғыздықтан жабығып.

Тосқан-ау ғалым, құрбысын.

Қос ғалым Ғарыш кегінде

Жұлдыз боп жанды көгімде.

Жүздерің Жердің бетінде,

Руһтарың аспан легінде.

Аспанға түнде қараймын,

Жұлдыздарды санаймын

Жаңаарқа аспаны көгінде,

Қос жұлдыз туды толайым

ТАУЛАР АЛЫСТАҒАН САЙЫН БИІКТЕЙДІ

Табиғаттың таңғажайып құбылысы өзіңде,

Жарық дәурен күншуағы көзіңде.

Ғұмырнама ғақлиасы сөзіңде

Парасатың, ғарасатың қалды туған еліңде.
*

Ғ.Әбдіқожарұлы- ҚҒА ның академигі ғалымы, ҚРПМА академигі, медицина профессор, дәрігер, әнші, домбырашы, аңсақ, сері, жазушы.
Дүйім жұртты мойындатқан Ақселеуі Алаштың,

Жан сезімің жастарға үлгі, қарасын.

Елің үшін өшпестей із қалдырған,

Ықыласың, ілтифатың асқақ тым.

Өнегелі жан ең, сұлу ажарлы,

Сарыарқаңда дәурен сүрді талабың.

Тоғыз өнер тал бесіктен өріліп,

Күмбірлеттің Арғын - Алаш алабын.

Сарарқадай сылқым сырлы қаламың,

Дәуренайың - мұңлы сыры адамның.

Елің үшін, тілің үшін тәмсілің,

Бауырым,- деп Елдің сырын тамсадың.

Ақселеусіз ажар болмас далада,

Ақселеуін таниды жас бала да.

Дала жоны әппәқ торғын жамылды,

Бас изейді ақ селеулер далада.

Биік тұлғаң жарасушы еді сәніне,

Алаш Елің қосылып жүр әніңе.

Атыңа сай түрің, тұлғаң, жүрісің,

Ақселеулі дала руһы мәнінде.

Өмір жалғыз, өмір мәні негізден,

Күйзеліс пен күрсіністер көңілден

Сартап болған сағынышты сейілтіп,

Мейірім мен маһаббатты сезінген.

Аңсап, шөлдеп, шайқап сөздің тұнығын,

Зерделеймін озық жанның өмірін.

Шексіз құрмет, риасыз пейілің,

Ұлылығың - ой негізі - өлшемің.

Асқар таулар биіктейді алыстан,

Сағым сезім сағынышпен жарысқан.

Жетпіс жылда биіктерден көріндің,

Жүрекжарды сұлу сөзді төгілттің.


ЗАМАНҒА ЖОҚ ЗИАНЫ ЗИАЛЫНЫҢ

Заманға жоқ зианы зиалының,

Сәуле шашар ақыл ой, қиалынан.

Руһани тірліктің жолын тауып,

Арылтады бодандық зианынан.

Адамға жоқ зианы зиалының,

Жылағанға қамқор ол байағыдан.

Үйретеді тәлімді, парасатты,

Жетелейді мінезге биазылық.

Зиалыны қадірлеп дәріптейік,

Қасиетін дәстүрдің тізбелейік,

Қалықтың жауқазындай жақсылығын,

Ақ киізбен тұғырға көтерейік.

Ой салады зиалы қауым маған,

Шағылмасын шаңырақ, тауың бабам,

Аз ба, көп пе, атқарған ісім болсын,

Өмірімнің жаңылмай жолын табам. 2000
...ТІЛ, ДІНІМІЗ - ҚАЗАҚ

Ұлтымыз, тіл, дініміз қазақ,

Басқа ұлтқа болмайық мазақ.

Ағылшын, орысша сайрай бер,

Өз тілін білмеу тым азап.

Жер, топырақ, суымыз да қазақ,

Қашаннан қазақ өскен жеке дарақ

Бесіктен шыққан балбөбек,

Өз тілін білмей, кешпесін азап.

Тіл-діннің руһы, байлығы қазақ,

Тіл, білімге жасаңдар қадам.

Бақыттан байлық озарда,

Тіл білмей қазақ тозар да.

Алаштың атын, Қазақтың затын

Өшіре алмас өңкей құл.

Асыл сөз отын маздатып,

Қуанамын өз тілімде қат жазып.


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет