Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Нұр сипаты Өлеңдер, әңгіме, һикайалар, дастан Қарағанды, 2013



бет5/14
Дата06.07.2018
өлшемі306,82 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

К* -ге

(А. С.Пушкиннен)

Есте сол тәтті сұлу сәт

Ғайыптан келген көрініс

Пәктіктің сымбат тазасы

Алдымда тұрды сұлу пәк.

Әбігер шудан үрейлеп,

Үмітсіз қажып қайғыдан

Жабыққан жүрек жүдетіп

Мұңдана қажып тұрғанда

Нәзік үн қалды жадымда.

Жылдар өтті...

Ұйтқыды бүлік тасқыны

Сүйкімді кескін түске еніп,

Армандыкетті сейілтіп.

Ұмытам,қалай, үніңді,

Сымбатты көктем жүзіңді.

Сол нәзік кескін жалғады

Үзілген бір сезімді.

Қараңғы қамау түкпірге,

Жылжиды байау күндерім

Тәңірсіз, еңбексіз, шабытсыз,

Маһаббатсыз өмір көңілсіз,

Міне, сен тағы оралдың

Қайтадан жаным жаңданды

Ғайыптан келген көрініс

Фәріштә сұлу жанға азық.

Құштар жүрек лүфілдеп,

Жаңғырып, қайта тірілді.

Тәңір берген шабыт та,

Көз жасы болып төгілді,

Эпилог: Иілмеді- ау, иілмеді маһаббат.

Алдандырды сізді арман,

Жастықтың жалын қызығы,

Үркіп ұшты алдыңнан,

Маһаббат сұлу ажары.

Әліде болса, үміт зор

Толқып түр ойдың талабы,

Күзгі таңның шығындай,

Қыз жүрегі шамданды.
БҰЛТ

Соңғы бүлтын аспанның

Жел айдап, қуып, тарқатпақ.

Көлеңке жерге түсіріп,

Күн көзін де жасырмақ...

Аспанды бұлттар торлады

Нажағай жалт- жұлт ойнады

Күн күркіреп нөсерлеп,

Ашкөзін жердің суарды.

Жетер, тоқтат нөсерді

Жер жаңарды, бұлт көпггі

Бұтақты сүйді самал жел,

Бұлтты қуды, тыншы сен.

ҚҰСТАР ҰШЫП КЕЛЕДІ

Құстар ұшып келеді лек-легімен,

Сыңғырлайды үндері көк күмбезден

Қуаныштан қанатын әсем қағып,

Көк төсінің базарын күмбірлеткен.

Құстарым, әсем құстарым,

Үшбұрыштап,шығысты нұсқай ұшқан,

Тыраулайды тырналар гүлге ұқсаған.

Қоңыр үңді қоңыр қаз топ-тобымен,

Ала үйректер мойнына «моншақ» таққан.

Құстарым әнші құстарым.

Қос-қос аққу айдынға келді қонып,

Гәккуіне қуандым, көңлім толып.

Айдын көлін аңсаған ерке аққу

Ән салады жүрекке үнін қосып

Құстарым ерке құстарым

Айдын көлін ардақгап аймаласқан

Айдай әппәқ аспанда сәулең тұнған.

Туған жермен сырласьш, думан сыйлап.

Сылаң қақты аққу, қаз, ақшағалам.

Құстарға сұлу құштармын.
ШАЙЫР АҒАШЫ

(А. С.Пушкиннен)

Ажарсыз өңсіз шөл дала,

Аңызақ желден жарылған

Күзетші болып сол шөлде

Анчарға тұр жапа жалғыздан.

Суы жоқ, нусыз, шөл дала

Қарғыстан Анчар жаралған

Жалғыз жасыл ағаштың

Түбіне уы жиналған.

Анчарға құс та қонбайды,

Жолбарыс жортып бармайды.

Залалын сезіп Анчардың

Тіршілік өзін қорғайды.

Қаңғыған бұлт сіркіреп

Суланса Анчар жапрырақ

Суменен уы сырғанап,

Көз жасы у боп ағылмақ. ...

Зорлықшыл патша жұмсады

У шайырды табуға

Келіспеске амалжоқ

Жетті құл да шайырға.

Тайырын алып өлімнің,

Жапырағын алып Анчардың

Өңі кетіп, тер басып,

Келді құл байғұс тірі елік.

Жетті демі әлсіреп,

Жетер жетпес, һәл бітіп

Сорлы құл өлді, құлады,

Әміршінің айағына бас ұрып.
ЖАПЫРАҚ

(В.А.Жуковскийден)

Бір бұтақта, тамырлас,

Көңілі, кұйі аралас,

Самсап тұр сұлу жапырақ.

Күздің қоныр желінен

Бұтақ деген елінен

Ұшты жалғыз жапырақ

Бұтағынан үзілген.

Дің азғаш сөзін құрады.

Жапырақтан сұрады: -

«Айтшы, жаным, жапырақ,

Жалғыз қайда барасың?» -

Сонда Жапырақ сөйледі:

«Өзімде соны білмеймін,

Бойымды қорқыньпп билейді

Жел шақырып,жүр,-дейді.

Тамырласым Еменді

Ұрды оты нажағай

Содан бері ұшамын

Даламен,тау,саламен

Ұшарымды Жел біліп,

Қонарымды Жер білер,

Бұйырған сайға қонармын.

Тағдырыма бағынып».

Соңда,екінші Жапырақ

Досына қарап өтінді:

«Қапаланба,қамықпа,

Тағдыр сені айдаса,

Мен боламын қасыңда!»

Қос жүрек - қос Лавр жапырақ

Бірге ұшты қосып ақыл,бақ.

Қуаныш қызығын көруге

Сайлардан жеміс теруге.

Қос Лаврдан қалыспай,

Мен де үшып көрейін,

Күш қуатым үлесте,

Ғарышқа барып келейін.
КӨКТЕМТІ СЕЗІМ

Желпіген жеңіл мамық жел,

Айпалдым тәтті исіңнен.

Таң қалдырды толғанты,

Таңғажайып толқын жел.

Жаның немен толықты,

Сұлуды қалай ойаттың?

Қандай әнмен оралдың,

Таңдантып жыл көктемін!

Қарадым көк аспаға

Нұсқаған өзің һас таңға.

Шұғыла төгіп, нұр шашып

Күліп тұр асқақ Күн қасқа.

Шұғласы көктем ашылды,

Қуанып көңіл тасыды.

Биіктен қарап алысқа

Құлақты тостым дауысқа.

Дауысқа дауыс жетті ме,

Ертегі болып кетті ме,

Әлде, ұшқан кезбе кұс

Жеткізді ме мекенге.

Белгісіз маған сол мекен

Кім нұсқап, кім көрсетер.

Шіркін, сол сұлу жерұйық

Ақынға керек жер ме екен.
ЭЛЕГИЯ - МҰҢ ӘУЕНІ

(құрбыға)

Бақыт құс байау жетеді.

Ілезде ұшьш кетеді.

Ақылды адам ұстайды

Ақымақ қолын бұлғайды.

Шер - мұңсыз едің жастықта,

Жауыздық берді ашшысын

Жазмыштан алдау көрдің де,

Қайыспай соған төздің де.

Сағаттық үміт алданыш,

Болмасын ол да мақтаныш

Бақытган басың айналмай,

Шаттыққа толсын ар-намыс.

Байлық бақыт болмайды,

Бақытсыздық - ол қайғы

Жыраққа қашып алданба

Бақыттың орны толмайды.

Бар үміт қалар үзіліл,

Жүрекке салып күрсініс

Жастығың қалып алыста,

Кәрілік қалар қасыңда.
ЕСІМІМ ҚАЛАСЫҢ БА

Жайлаудың даласында,

Таулардың саласында,

Сәндетіп анам қойған,

Атымау,

Есімім қаласың ба?



Сұлу сөз байанын да,

Ақ бата айасында,

Үнатып анам қойған

Атым-ау,


Есімім қаласың ба?

Жақсылық тірегім боп,

Жүректің тілегі боп,

Ақын-дос бірлігінде,

Атым ау,

Есімім қаласың ба?

Елімде ақын қыз боп,

Орман-ну бұлбұлы боп,

Қазақ тіл досы болып,

Атым ау,


Есімім қаласың ба?!
ӨМІРДІ СҮЙ ҮЗІЛЕ

Өмірді сүйсең үзіле

Өнерге құштар боласың.

Өмірге құштар жүрекпен

Ләззәт отын жағасың.

Өмір деген үлкен үй.

Ғажайыптан өрілген.

Жан ғұмыры жарасар

Маһаббатқа бөленген.

Өмір сұлу сырымен

Ақындар сұлу жырымен

Маһаббатты жырлайды

Жақсы өмірдің буымен.
БАҚЫТ ҚҰСЫ

(ән)

Сағыныштан шалқып тасып,

Аймаласты екі ғашық.

Ғашық жүрек лүфіп ұшып,

Лапылдайды от боп күйіп,

Аймалайды.

Бақыт құсы - арман бағы,

Қос жүректің жанды бағы

Бақыт қонып от басына,

Қос көгершін ұйа салды

Жүрек жанды.

Екі ғашық гүлге оранды,

Маһаббаты толды бағы

Армандаған нұрлы таңда,

Маһаббат құс қонақтады,

Арман баққа.

Бақыт құсы - арман бағы,

Қос жүректің жанды бағы

Бақыт болып от басына,

Қос көгершін ұйа салды,

Бағы жанды.
АЛЛАҺНЫҢ ҒАЖАП СЫЙЛЫҒЫ

Аллаһның ғажап бір сыйы

Лаулатты жүрек сөз нұрын

Тұнық та, шаттық күн берген,

Өлең, сен мэңгі менімен.

Аллаһның ғажап сыйлығы,

Өлең - жыр мәңгі менімен.

Армандай алыс қианға,

Қағамын талмай қанатты.

Алланың мэңгі сыйлығы —

Сөз нұры мені жарылқа.

Тэңірдің ғажан сыйы екен,

Ай мен Күнмен сырласу.
ҰЛЫ ЖОЛ-ҰЛЫ КҮШ

(фэлсәфалық толғау)

Ұлы дала, байтақ дала, сар дала,

Сол далада созылады сар - жолдар.

Сан жолдарға шөп те шығып үлгерді

Сар жолдарда кездеседі тағдырлар.

Сар далада жосылған көп жолдар бар

Бабаларға азық болған сүрлеу бар.

Бірі - айналса өзен, сайды, саланы,

Енді бірі - ырғып тауға жол салған.

Ескі жолдар сарабына сүйсінем,

Атам жүрген сүрлеу ғой деп түйсінем

Домбыраның қос шегіндей желі тартқан

Жүрегіме күй естілді. Күрсінем.

Аракідік көрінді, әне, ақ тақыр,

Ақ тақырда, айдау-айдау із жатыр.

Жол сорабы - күннің жүйрік көлігі,

Жаңа жолмен ескі сүрлеу қос батыр.

Көне сүрлеу асфальттармен белінді

Созыла барып бір қырқадан көрінді

Зырылдаған жылдамдықпен жарысып,

Машинаның баурына келіп төгілді.

Төгілді де, әп -сәт қайта бөлінді,

Жыртыла жылжып шалғындарға көмілді,

Көсілген сұлу даланың ізгі жолдары

Жауға шапқан бабамның жолы секілді.

Айқыш - ұйқыш аққан сұлу жолдарда

Халқымыздың тағдыры бар табында

Қаншама ру, тайпалар мен ұлыстар

Ғұмыр кешті осынау өмір жолында.

Өмір - жолдар соқтығысты, қағысты,

Кім дұрыс деп, ақыл — айла бағысты

Ірге ашып, бірде әлсіреп, ыдырап,

Ұлы күштер Ұлы жолда табысты.

Үлкен жолда - Ұлы жолда табысып,

Ұжымдасып қилы жаумен алысты.

О, сар дала, Ұлы дала мекенім,

Тек, сен үшін жанды пида етермін.

Аспан күмбезі — бір шаңырақ адамға

Оны білмей, адам, сонша, надан ба?!

Жо, жоқ Аспан мен Жер қашанда,

Егіз ұлдай - егіз тұлға адамға.

Жерім-жәннәт, жерім-кербез мекенім,

Жолдарыңды дәтке қуат етемін.

Жолға шыққан жолаушыға жебеуші,

Жер мен Аспан жол болсынын тілеуші.

Тайталасып тауқыметімен тағдырдың

Сыйынамыз бір өзіне Жалғыздың.

Тәуелсіздік табан тіреп, ғаламға,

Көк байрағын желбіретгі қазақгың.

Оңға, солға бажақтама, қазағым,

Көрдің талай өмір соқпақ азабын.

Жарты дүние сенің ата - мекенің,

Арманы жоқ, сол Далада өскеннің.

Ақылды ұл - қыз ата жұртын даттамас,

Ала жіпті ессіз ғой деп , аттамас.

Қамсыз ұрпақ болма, шырақ, қарақтар,

Алдарыңда үлкен - үлкен талап бар.

СӨЙЛЕ, ҚАЗАҚ!

Жылым жылқы, ағайын, жылым жылқы.

Мінезім бар салмақты, бір қалыпты.

Кейсәттерде ұқсаймын лашынға.

Өйтпесіме болмайды бұл ғасырда.

Әр ғасырда болыпты бір тар кезең,

Ата жолын қудым дер кей без-ен.

Не түрі жоқ, тілі жоқ, діннен қашық,

Руларға жіктемек өңкей пасық.

Әркім келіп биледі қу заманды

Қалай түзеп аламыз құл заманды.

«Реформа», «магнат», - деп буландырып,

Шет сөздері дес бермей улар жанды

Не асылдың негізі сөзде емес пе?

Ана тілін білмеген өзге емес пе:

һаны- ақымақ, қарасы - жайау адам,

Бозбаласы - бошалаң, қызы-һарам.

Өз - өзіңді білмесең заман кері,

Жас- кәрісі ұқсас боп жүрер пері.

Сайтандағы алғанын салады ғой,

Сөйле, қазақ, өз тілің — Ана тілі.
КІМГЕ АЙТАМЫН?

Кімге арнаймын жырымды,

Ұғар бар ма сырымды?

Итше ұйыққан заман кеп,

Бұзып бітті-ау ұлдарды.

Қазақтың атқа мінері,

Мен-мен,- деп, кеуде соғып тұр

Қатын жолда,- дегендей,

Әр жерге сарып, көшіп жүр.

Қаңыраған қатпарлы үй,

Кемпір- шалдар мекені.

Бала - келін бөлек үй,

Немере тілсіз, көңіл кір.

Осының бәрін жасырып,

Ата- ана отыр абдырап.

Сұрасаң көңіл, күй- жайын

Сыпайы- сұлу сөз дайын.

Пай - пай, қазақ, азабым,

Қайда кеткен намазың?

Жасырғанды намыс,- деп,

Отыр-ау, шал-шабалың?! 2011
АМАЛ НЕ?

Жылардай болып жазамын,

Қазақтың көріп азабын,

Күресерге шамам жоқ,

Енді қайттім, қарағым.

Тегімді менің сұрасаң

Батыр,болыс,қарағым,

Қазақпын, Арғын - ағасы,

Тарақтыдан жаралдым.

Сырымнан сауал сұрасаң,

Заманым үшін қамықтым.

Уайымды қуып жүректен,

Өлеңмен десті таныттым.

Көңілді сырды буамын,

Тұманды серпіп қуамын.

Кеудеме тұнған тұнбаны

Тұп- тұнық жырмен жуамын.

Өйтпесіме амал жоқ,

Тіршілікке көңіл тоқ.

Шындықгы айтып шалқимын,

Өз- өзімнен балқимын.
БҰЛ СӨЗІМНІҢ МӘНІ БАР

Әндер бар бүгінгі ұрпақ естімеген

Анамнан ол әндерді естіген ем.

Қонақта шалқытатын, үйде сыңсып

Аһ ұрып, жалын атып көкрегінен.

Сол әнді еске аламын енді мен де

Жөн сұрайтын қарттарым жоқ, емге де.

Талай жақсы асыл сөздер, ән қалды -ау,

Бізге жетпей, өлі тариһ - көмбеде.

Біз естіп ек әке, ана, ағадан,

Ашаршылық қалың елді жайлаған

Ауа көшіп, Тәңіртауын бетке алып,

Сүйек қалды қу далада шашылған.

Голощекин жуас елді басынған,

Қаңбақтайын қаңғып келген басұрман.

Мың тұрып, мың құлаған зор қазағым,

Елім- айлап, есі кетіп жылаған.

Бар жақсысын қызыл жауы талаған.

Қазақ асыл, асыл тұқым қалдырған,

Тар жол,тайғақ кешуде де мойымай,

Әдет ғұрпын, әнін, тілін қалдырған.

Бүгінгі ұрпақ тыңда әке атаны

Көңіл қойып,тыңда тілек,батаны

Білмегенді біліп, ұғып, жазып ал

Біз жібереек, сен жіберме қатаны

Біліміңді жұмса туған еліңе,

Жақсылықтың дәнін сеуіп жеріңе

Білгеніңді жеткіз Болашағыңа,

Қазағымды жарылқасын бір Аллаһ.

АЗИЯДА САЛҒАН ӘНІМ
Азияда ақ таңда салған әнім

бас қосты» мақсат мәлім.

Тоты құстай таранып Астанам тұр,

Қазақтың тамылжытып асқақ әнін.

Отанымның төрінде,

Қазақелі жеріңде

Азияда салған әнім,

Шырағы алаулайды

Астанамның.

Қазақтың сөзі ләззәт, көркі ғажап

Көкбайрақ еркіндікте қақты қанат.

Жағылды Олимпінің шырақ оты

Жазылды талай дастан, жыр шумағы

Отанымның төріңде,

Қазақелі жерінде

Азияда салған әнім,

Шырағы алаулайды

Астанамның.


ТУҒАН ЕЛІ

Туған елі- Қазақтың айтар әні,

Тауы, тасы, орманы сұлу бәрі

Топырағы торқадай, мамық ауа,

Туған жерсіз Қазақтың келмес мэні.

Қазақ осы мекенін бағалаған,

Әже - ата деп, ұлкенді ағалаған

Кемітпеген,еш елді күндемеген,

Тек жақсылық іздерді жағалаған.
ӘЙЕЛ-ӘЖЕ

Әйел жайын мың ойлап, сан толғанам,

Аузым бармай, жамандаудан қорғанам

Жаманы да, жақсысы бар, жарықтық,

Әй, ел!- деген, Ел қаратар нәзікгік.

Әйелдерде батырлық бар,бақыт бар,

Әр эйелдің емір жолы тың орман.

Азаматты өрге сүйрер жары сол,

Дағдыры мен тауқыметі роман.

Әйел жомарт дағдырына бас ұрған,

Жақсылықга шын пейілмен ағылған.

Ақылды әйел атқарады борышын,

Кейде шаршап, жүдесе де ақылдан.

Әйел нәзік, жұмсақ оның жүрегі,

Қиындыққа майрылмайды, күледі.

Тіршіліктің қиналысын көтеріп,

Кейде ауыр жүкті арқалап жүреді.

Әйел- Әже ақылға бай,көңлі жай,

Ай көркіне ақ жаулығы сайма - сай.

Бұл өмірден миллион өмір тарайды,

Жақсы өмірді жүрегі үнсіз қалайды.

Әйел ару - айалдама есігі,

Тәтті өмірмен әлдилейді бесігін.

Жазылса да повестъ, роман өмірде,

Асыл ойдың ақын ашар есігін.

Жазушы бар өмір айалдамада,

Алынбаса өмірден сыры толық бола ма?

Өмір үні жыр көмейден құйылған

Сөз өрнектеу Әже- ақынға бұйырған. 2011
СЫЙЫНДЫМ, АЛЛАҺҒА СЫЙЫНДЫМ!

(меруерт сезім)

Он сегіз мың ғаламды

Жаратушы бір Аллаһ.

Мұсылман әйел пірісің

Нұр сәулелі - Ф а т и м а.

Жер мен судың иесі –

Сүлеймен һақ пайғамбар.

Ұста шебер пірісің –

Д ә у і т ұлы пайғамбар.

Лұһман һакім-дертке ие,

Амандық, пірісің.

Ғайып Ерен,Қырық шілтен

Қасиет ырыс, береке .

Берсін Қыдыр,Ілиас

Молшылықты күтейік

Пайғамбар(лар) берсін ықылас.

Әзірет Әлі пайғамбар-

Қаһарман батыр пірісің

Жебеген желеп батырды

Пайғамбар Ә л і ірісің.

Сыйынып бір өзіңе Елді,

Жерді қорғаған

Батырлар әкеп бақытты

Туған Ел, Жер жайнаған.

Әділдіктің пірі боп,

Ж ә м ш и д патша жүріпсің.

Бір өзіңнен үлгі алып

Әділ боп қалқым туыпсың.

Білімдарлар пірісің

I д і р і с - ұлы пайғамбар

Толқынды өмір ғылымын

Жастарым тоқып біліп ал.

Сабырлық пірі-А й ұ б бар

Ол да ірі пайғамбар.

Сабырлық түбі сары алтын

Жадыңа жастар түйіп ал.

Қасен менен Құсайын-

Шейіттер пірі толайым.

Шейіт ата - бабаны

Еске алып, құран салайын.

А т ы м т а й жомарт ірісің

Жомарттықтың пірісің.

Төрт түлігің бар болса,

Жомарттығың сай тұрсын.

Осындай ірі пірлерім

Тілегімен біргесің

Тектілік негіз күшінен,

Нұрымен жырдың түледім. 2011


ТӨРТ ТҮЛІК ПІРЛЕРІНЕ

АЙТАР МҰҢЫМ
Жылқы пірі - Қамбар-ау,

Бұл не болды жалған - ау

Қымызға да су қосып,

Арықты жемдеп алдады - ау.

Түйенің пірі - Ойсылсың

Кітаптан көріп толқыдым.

Емге дәру шұбатың

Бір жұтымы емге тапшысың.

Ш о п а н ата - қой пірі

Қортық қойлар бар тірі

Жүніңнен киіз басылмай

Табаннан өтті қыс сызы.

Пимакат,пима әлі жоқ

Қарттарымның һалі жоқ.

Сіңіріме сырқатты

Синтетика сіңірді.

Ешкі пірі — Ш е к ш е к- ау

Түбітің жылы сүтің бал.

Сені де көру қиын- ау,

Таптырмайды түбіт шөл.

Лақтың еті ақ балдай,

Ешкі түбіті мақпалдай.

Тастан тасқа секірсең,

Қуанушы едім баладай.

Сиырдың пірі - 3 е ң г і ата

Болмасын сөзде бір қата

Қатындар би болған соң,

Сиыр болды пұл,мата.

Сиырды олар саумайды,

Басына жаулық салмайды

Қала мен дала жарысып,

Дүкеннің шалабын жаулайды.

Қатығын,майын сатады,

Көк сүтін шәйға қатады.

Берекесіз дастарқан

Жайылмай жанға жапалы

Мал жоқ деп, тағы зарлайды,

Жылқыны жау жалмайды

Ақ сүтті қазақ сатпаған,

Ырымға осы жатпайды.

Егінді де салады,

Жауынға сауын шалады

Сатынып қалған қазаққа,

Тарылды Диһан (баба) танабы.

Сағынып барсаң санасты,

Зар сөзден «сурет» салады.

Сараңдық пірі- Қарымбай,

Ауылға неге жарасты.

Ананың аңсап сармайын

Ауылға мойын созасың

Сатынған сана сақтамас

Таразы,теңге бақталас.

Қиамет күні Зұлқайыл

Таразыға салады

Мәлік-дозақ періште

Жеті қат жерден табады.

Айтқан жерде пәле жоқ

Тірі жанға аштық жоқ

Ойласаңшы ертеңді,

Бесуақ намаз,тәубәңді.

Қ ұ р а н Кәрім ойыңа,

Шәриғатты мойында

Жақсы ісің жетер мұратқа,

Жаманды қусаң бойыңнан.

Ұлы Аллаһның құлымын,

Үмбетімін Мұһаммед

Сүйіктімсің Мұһаммед

ЬІ б р а һ ы м шын досымсың.

М ұ с а, И с а, Ілиас, Қызыр-

пайғамбар

Дініме саулық, бер айбар.

Жақсылықты жаттайын,

Құранның сөзін қаттайын. 2011

ЕРЕК АҚЫЛ

Мен де ойшылмын,

Ақылымда болжайды,

Дәрменсіздік

Дәрмен дәрі болмайды.

Түсінбесті

Бір әлсіздік торлайды.

Саналылық

Біраз жайды барлайды...

Бар ғой жәндік

Өмірлері тым бөлек,

Жылан неге

Жылан тумауы керек.

Бар макұлық

Сүреді өмір әртүрлі

Тебіссе де,

Егеспейді тегмен...

Ал, Адамзат,

Адам болып,тудың сен

Тәрбиеле


Өзіңді өзің ісіңмен.

Көргенсіздік

Көргенділік болмайды,

Қателіктің

Орны ешқашан толмайды.

Ақыл ойла

Адамның заты болуға,

Сана керек Әлем сырын тоқуға.

Адам деген

Атқа лайық бола біл,

Ақыл - баспен

Пендешілікке бол мақұл.


КӨҢІЛ ІҢКӘРІ

Ортаймас көңілдің іңкәрі,

Таппапсың жігіттің сұңқарын

Жастықтың алабұлт алауы

Салған-ау жүрекке қылауын.

Қызыл гүл құлпырған от қуат,

Болар ма күз келсе ол қуат.

Гүл солып, жазира қуарса,

Періште-ау, сол қызды сен уат.

Жайнаған жаз өтіп күз келер,

Алмасар, өзгерер бұл дүние

Маһаббат пейілін жүректің

Өзгертпе, тәңірім, бол ие.

Сұлу қыз жүруші ең сылаңдап,

Еркелеп, еркінсіп, бұраңдап,

Көркіңе ісің сай болса екен

Кездессін бақыттың таңы алдан.

Талай қыс, талай жаз өтті тез,

Тамұққа асығар келді кез.

Сылаңдап жайқалған жаз өтіп,

Қоңыр күз биылғы келді тез.

Қоңыр күз қоңырлап құбылды

Нөсерлеп жауыны себілді.

Желіккен жан мұңы сейіліп,

Іңкәрлік жүрекке егілді.

Азамат мойнына асылдың,

Бақытың сел болып тасыды

Тіл қатпай үнсіз тек ұнатып.

Тауыпсың асыл жар, ұғысып.
ӘСЕМ ӘНІМ ШАЛҚЫСЫН
Күн суығы салқындатты ақылымды, қанымды,

Бұлшық сыздап, ұйып қапты,

Буын қинап жанымды.

Ауру түрі үстемелеп,басынғысы келгендей,

Менде көнбей тырысармын

Менен бостық күтпегей.

Салқын ауа, сыйла маған таза қуат,мол ақыл,

Қанам жеңіп,тән ширасын,

Талап тозып тынбасын.

Жазира жаз Күн сыйласын,нұрға бөлеп алтын күн

Сүйек балқып, қан жылынар

Жәйна,жәйна, алтын Күн.

Жаным жылып, толқын шуақ шашылсын

Өмір өзек мәнді болып,

Әсем әнім шалқысын.
Дүниені мінсіз жырлайды,

Ақынсыз өмір жылайды.

Ақындар мәңгі жырлайды.

Өмірге, мына, сондықтан олар сыймайды. Тұрсын
КЕРБЕЗ ҚЫЗ

Ойпырым,


Ойпырым, ойпырым - ай,

Кербез қыздың сипаты - ай,

Сылаң сыпайы жүрісі,

Гүл фәрішта күлкісі.

Қара қиғаш қасын - ай,

Қос бұрымды шәшін - ай,

Қараса көз тоймаған.

Пісте мұрын, маржан тіс,

Алма мойын, шіркін - ай.

Сөзі сұлу, асылдай

Керме иық осындай

Кербез сұлу, жасыңцай

Исі жұпар аңқыған,

Қызды көрсем көңіл жай.


ҮШ ҮМІТ

ҚЫЗ - АНА – ӘЖЕ!

Осынау ұштасқан үш ұғым - көрік,

Өмірге берік, адамға бақыт сыйлайды.

Үш асыл - сөз тіршіліктің білегі,

Үш асыл жан - шаңырақтың тірегі.

Үш тіршілік - Ұлы Әлемнің мәні,

Үш ғашық,үш жар - өмірдің сәні.

Қыз - бұлақ, Ана - өзен,Әже - мұһит

Қыз - жұлдыз, Ана - ай, Әже - шуақ.

Қыз қылықты. Ана ақылды. Әже - дана,

Қыз жүректі жаулайды, болады ана.

Ана көңілі балада, жар ол пана

Жақсылыққа баулиды Әже - сана.

Кеше қыз, бүгін ана, ертең әже,

Қыз-елік, ана-серік, ақыл- әже.

Қыз - көктем, ана - жаз,әже — жылы.

Қыз -өмірдің сәні, көңілдің сыры.

Ана -өмірдің нәрі, шаңырақтың сәні,

Әже -өмірдің бағы, ақылдың сағы.

Үш ұғым, үш үміт, үш бақыт,

Үш парық - таусылмас ұш тақырып.
ЖУСАНДЫ ДАЛА БАЙАННАМАСЫ

Дала ғой, дала дайырлы Қазаққа

Жер ол қайырлы

Туған жер, туған ауылдан

Түтіннің исі жайылды.

Кеш түсе самал саумалап,

Жусанның исі аңқиды,

Біле ме оны жас үрпақ,

Түсінбей сөзге маңқиды.

Қазақтың қоңы қалыңды,

Баптайды төрт түлік малыңды

Жатқада жала жаппайды,

Жүрек тілі жалынды.

Жусанның исін мақтайды,

Сәйгүліктерін баптайды.

Дала исінен жадырап,

Жусанға аунап ұйықтайды.

Жусанды жерім жанұйа

Отаным үшін жан пида.

Жусанымды сағынып,

Жазамын жырды ағылта.

Сүйгенім үшін жусанды,

Жабайы деп жек көрме.

Тариһымды танытар

Жыраулар жазды көп терме.

Қазағым болған тәкаббар,

Ақылды, алғыр, бәһәдүр.

Тасқа қашап таңбасын,

Теңізде тұнды тариһың.


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет