Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Нұр сипаты Өлеңдер, әңгіме, һикайалар, дастан Қарағанды, 2013



бет6/14
Дата06.07.2018
өлшемі306,82 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ЖАЙЫЛЫМ

Ауылдың малын қара ,балпандаған,

Ақ изен,боз жусаннан бал таңдаған.

Басы күрдек,түбі орам қызыл изен,

Аруана қызыға қыдыра жеген.
АҚБИДАЙ

Кекіресіз ақ бидай

Заманың өтті қалықтай

Сағынғанда саламын

«Ақ бидай» әнге жалықпай

БОЗ КӨДЕ

Көктем, жазда кеде өсер

Қысқа жапырақ дәмді өсер.

Күз жауыннан жетіліп

Боз көде баурын көтерер.


ТӘТТІ ӨМІР

Керекпе, сізге, тәтті өмір?

Қалайды сәтін пәк көңіл.

Тәтті өмірде де сұрау көп,

Сұраусыз өмір - қатты өмір.

Тәттінің дәмі таңдаулы,

Жүрекке жылдап қонады.

Сұрауы қатты өмірден

Тәттіні дәмдеу өзіңнен
КҮРМЕУІ КӨП ДҮНИЕ

Күрмеуі көп күрделі

«Ақыл- ойлы дүние»

Ғарыш -сана,жер -сана,

Адамға тән сән дүние.

Сезім сәулең жарылқап.

Жанға қуат боласың.

Ақ сәулеге шомылып,

Жүрек нұрға толасың.

Алқаракөк аспаның

Жермен жаны тілдескен.

Жұмбағын шешіп Әлемнің

Адамзат өмір сыр кешкен.

Дүние неткен ғажап ең,

Сені сүйген балаң –

Мен. Өмір- өзек- қозғалыс

Тіршілікке не жеткен.

Күрмеуі көп дүние

Ұғуға сені тырыстым.

Жеті қат жер, аспаның

Адамға болсын ырысты.
БЕС КҮНДІК ЖАЛҒАҢДА...

Бес күндік, мына,жалғанда,

Паңданба, жаным, таңданба

Адамдық пенен адалдық

Қол жетпес,сірә, болған ба?!

Бес күндік , мына, жалғанға

Алданба, жаным, алданба.

Кісілік пенен кеңдіктің

Пайымын табу арман ба?!

Бес күндік, мына,жалғанда,

Жұлдыздай жарық із қалса.

Еске алып өткен күндерді,

Азаттық күнін ардақта.

Бес күндік, мына, жалғанда,

Фәниден озып барғанда

Алдыңнан шығар аңқылдап

Тер төккен еңбек, парқың да.

Райын тауып құрметтің

Елінің бапта шырайын.

Бес күндік мына жалғанды

Малданба, жаным, алданба.

ЗАМАН АЙ

Заман -ай,

Өмірдің бұл бір ғажабы - ай

Заман да,заман,замандар

Ғаламда талай заман бар

Жақсыға онда орын көп,

Жамандарға көңіл тар.

Заман —й,

Өткен ғой талай заман жәй.

Өтсе де қилы замандар

Сүруге өмір амал бар

Жақсыда жаттық бола ма,

Заманға көңіл толар ма?

Заман -ай,

Көңіл де ,кейде, қалады -ай.

Заманың болса қу түлкі

Тазы боп адам шаласың

Бозторғай қонса көғалға

Қуанып та қаласың

Заман -ай,

Саған да бақыт қонады -ай

Заман болса қарбалас,

Өмірің де жанталас

Бірі -қу, бірі -сұм болып,

Арбап та тұрар көзқарас.

Заман -ай,

Алдырып бойды адаспа -ай

Заманды заңсыз зарлатпа,

Заманды жауға торлатпа

Заманды Адам жасайды

Білімді мыңды жықпақ та

Заман -ай,

Заңды болсын амал -ай

Адамда болсын иман шарт

Заманға қажет

Жарғы -қат

Әділ болса заң (һұқ) - құжат

Бірлікте болар Адамзат.

Заман -ай,

Қазақел болсын аман -ай.



Түйін. Өтті.кетті талай азап, талай мұң,

Түсіндіре алар ма екен заманың.

Әр заманда қуаныш бар, бар азап,

Құтқарады азаптан.тек, Адамзат.
ӨЛЕҢІМДЕ ӨМІР БАР

Өлеңімде өмір бар

Құдірет күші - көңіл бар.

Түсініңдер жарандар

Түсінбеске өмір тар.

Табылар көңіл нәсібі.

Өлеңім - өмір өрісі.

Тұшынып өлең оқысаң,

Көрінер өмір Өр ісі.

Өлеңде сөздің мәйегі,

Өлеңде даудың дәйегі.

Өлеңді оқы жәмиғат,

Нәршырын сонда ғадауат. 2011
ОЙ ҚҰРСАУЫ

Өн бойыңды кейде ауыр ой құрсаулап,

Мойындатып қарттығыңды күрсінтер.

Шырмауықтай шырмап алған шырғалаң,

Көзің талып, жүрек кей сәт дүрсілдер.

Бұл сұраудың себебі де бар шығар

Жоққа қажып мүжілмеуің мұң шығар.

Салмақ мінез, таудай талап жарысып,

Бітіміне кеңдік арқау сай болар.

Жайсаң жанның жан сарайы ғұмырлы,

Бар сырының құпиасы құлыпты.

Жүрек сезім негізіне жүгінсең

Қазынасы, көмбесі де жұпыны.

Санасына салмақ түсіп жатады,

Жүйкесіне артық жүк те батады.

Жақсы не,-деп, жаман не, -деп, түсінбей,

Жалқау жандар мол ұйқыға батады.

Пенде ғұмыр байансызсың, мойында,

Жалғандығың жалпақ жұртқа жариа.

Ауыр сәттер сайабырлап, бәсендер,

Терең ойдан көңіл озса, дәриә.

Ой тереңі шымбайына тартады,

Ұйтқысы мол,түбі терең,салмақгы

Өмір,-деген екен ғой,тек, қозғалыс,

Армандарға қолың жетсе, сол табыс.

Ана құстай әлпештенсе жүрегің

Көңіл толып, ой құрсаудан босайды.

Орындалса асыл арман,тілегің

Сезім сергіп, сезілмейді-ау қарттығың. 2011
ЖАҚСЫ ІС

Жақсы іс жаса ақыреттік азығың

Ақылдының көкірек көзі - жарығың

Дүниенің ажар- көркі жақсымен

Ақыл-нақыл, байлық руһы -азығың.

Жақсының ісі шарапатты сөзімен

Сезімі жарқын тартады ақ көңілімен.

Жақсының жақсы ісі өмір берер,

Өзін көріп,сөзін ұқ ,жан семіртер

Жақсының жылы сөзі ем болады,

Жылытар қызулы отқа тең болады.

Ұқпайды кебір надан жылы сөзді,

Ақыры ақымаққа жем болады.

Дүние өтер- кетер айалдамай,

Көрікті өмір жүзі байан болмай.

Дүние бұлаңдаған қызыл түлкі,

Қайрылмас қарт -базардың ажар көркі. 2011
СӘРЕСІДЕГІ ОЙ

Бүгінгі күн ырызық,

Қызыр баба жүрген шығар,

Әр шаңыраққа қыдырып.

Бүгінгі аспан тамаша,

Бүйрек-бүйрек бұйра бұлт

Көз тартады таласа.

Аспан толы көп шырақ

Жер адамға жай тұрақ.

Құран кәрім Нұры һақ.

Құраннан тарап Ісләм дін,

Тұпа бойға дарыған,

Адамды мәнді жаратқан.

Ғалақ сүресі, айаттан,

Рәббиім мені жаратқан.

Үйретіп құранды таратқан,

Тазалық, таным, ұстаным,

Кіршіксіз жүрек, пәк ұғым,

Ол Әлемнің Рәббісі.

Дәулеттің меншік дүниесі,

Адал шырақ майындай.

Достар мен әңгіме құрдық жәй

Тазалық- иманжарымы,

Иман Бақыттың шыңы.

Ақиық шындық сұранды.

Құранды оқы ес барда

Ақылсызда дес бар ма,

Нағыз Бақыт Ісләмда.

Лә иләиллә Аллаһ,

Мүһаммадүр рассуллаһ

Аллаһ - Тәңір бары - бақ.

Рамазан айдың өресі,

Жыл он екі айдың төресі,

Қайрымды қасиет иесі.

Ақ пен қара ажырап,

Тура жолы мүбәрәк,

Жақсылық озық, тағдыр Һақ

Иә, Аллаһ,

Дұрыс жолды бере гөр

Амандық саулық, ере бер,

Бірімін құлың, сүйе гөр.

Иә, Аллаһ,

Сен ұлысың, пәксің,

Жақсы істерге жақсың.

Жақсы ісіммен сүйсінтсем,

Төсе маған даңғыл жол,

Мәртебеге жеткіз қол.

Таң аттырдың Рәббім

Күнді де көркем шығардың

Көк пен Жердің қорғаны.

Сенен өзге Тәңір жоқ

Құдіретіңе көңіл тоқ.

Мейірім төктің айырып,

Пенделіктен арылтып,

Заманым дінге бет бұрды.

һақ тағала ерекше

Мейірім шарапат еселеп,

Жомарттықты таныттың.

Жақсылығы жарасқан,

Білімі Елмен таласқан,

Мұсылман Ел - Қазақстан.

Қазақ болып тұтасқан,

Ұлыс болып ұйысқан,

Ынтымақ, Бірлік ғасыры.

Дін қасиетін қадірлеп,

Ынтымақты дәріптеп,

Сәресі таңын қарсы алдым.

Қызыр бабам қыдырып,

Таратады ырызық,

Құран кәрімі Нұр құйып.



Эпилог:Жамандықтан жақсылыққа,

Әлсіздіктен күштілікке,

Жалқаулықтан іскерлікке бет бұрдық.

ХХІ-гасыр - өткел Ғасыр,

Қазақ болып тұтасқан ғасыр,

Ұлт болып ұйысқан ғасыр,

Ынтымақ,бірлік,береке ғасыры,

Тіл мен Дінді қасиеттеу ғасыры,

Адамдықты дәріптеу ғасыры.


ҰҚСАУ

(сол ақынмен сырласу)

Мен де сіздей ақынмын жыр көксеген,

Жақсы жырға жанымнан сыр төккен ем.

Аймен, Күнмен тілдесіп шабыт қуам,

Көңіл ,шіркін, жүйрік қой көк дөненнен.

Шуақ шашар шабытым зеңгір көктен,

Жазиралы даламнан, жұлар гүлден.

Табам ба,- деп Ақ Нұрды шарқұрамын,

Қуат ап тутан жердің көк нәрінен.

Бабамның қанасынан дарыған ба?

Талантты Аллаһ берген ағынан да.

Жырлап өтсем қалқымның арман мұңын,

Тілеуқоры бола алсам арман бар ма?

Абай,Сәкен,Мағжандай бола алмаспын,

Шабысын жүрегімнің; тыйа алмаспын.

Өлеңінен қазақтың жұпар шашып,

Ақ нөсердің лебіне тойа алмаспын.

Көкірек ашар керімсал ақ Нәзирам,

Саһараның сарқылмас күйін салған,

Ақындық Тәңірінен қуат алып,

Шындықты айтып өтсем, болмас арман.

Бірлікке, Ынтымаққа үндеу салсам,

Жігер құйып отыңды қыздыра алсам,

Көркейтсем көрігімен өлең - жырдың

Бір мақсат, бір мүддеден рақат табам. 2011


ОЙ ТОЛҒАҚ

Өмірді, әсте, кіналай көрме қарағым,

Өзіңе өзің бола алмасаң дара құл.

Талайлар жүр ғой ұқсата алмай еншісін,

Тоңмойынға, түсінбеске өмір түл.

Жер шалғайға қашса да кім құтылған,

Бәрібір өз көлеңкесіне тұтылған.

Ерте тұрып, ойлансаң сәл не етеді.

Бесінде сені көлеңкең қуып жетеді.

Әппәқ боп таңда Әлемнің күні атады,

Аптап ыстық,сарғайып сәске жатады.

Күн еркенің айналыс жолы тым ғажап,

Бесіннен ауып, қызарып барып батады.

Сұлуын сүймек, туарын Айдыңтосады

Ай тосып Күңді, асықпай аңдып жатады.

Толықсып туған сұлуға бұға бір қарап,

Тіл қата алмай бозарып ақ таң атады,

Күн аңдып Айды талай ғасыр асықты,

Айырған кім, осындай екі ғашықты.

Ай да, Күн де бірін- бірі көре алмай,

Мұңайа жылжып, ұйасына батады.

Күнде осылай: Ай күрсініп атады,

Шуақ шашып, Күн шапақтап шығады.

Бірін-бірі көре алмай Ай мен Күн

Сарғайа күтіп, ұйқыға кезек жатады.

Осындай ғажап табиғаттың тылсымы,

Адамзатқа жеткізбейді шын сырды

Қуанамыз Күн шығып,Таң атқанға,

Жер ғаламға кезек құшақ ашқанда
БОЛАШАҒЫҢ ЕРТЕҢІҢ

(пікір сарап)

Ұлылықтар ұлылықтың өлшемі,

Өлең сөздің - сөз сарасы, өресі

Жүрек сыры сезімнің гүл патшасы,

Бүгінгі Ұлан - болашақтың шарасы.

Өнер - тарлан беріледі Аллаһдан,

Өрге жүзер өнерлі бар, болма алаң.

Ұмытылмас ұлттық ұлы құндылық,

Елді, жұртты тану керек тұлғадан.

Тұлғаларды баптау, қорғау - өсиет

Әр қалықтың өз дәстүрі- қасиет.

Саналы ұрпақ - болашағың, ертеңің,

Менің қалқым ұлылыққа бас иед. 2011

ҚАЗАҚТА БӘРІБАР

(шалқу)

Қазақ елім - Қазақстан,

Берік туды, алға ұстан.

Киелі атың - Тәуелсіздік

Дос қалықтар шындап ұққан.

Күнің шуақ, жерің жасыл,

Салт - дәстүрің асқақ асыл,

Бақ - береке ынтымақта,

Тасқа шығар жасыл қына,

Бақ дәулетің елге мұра

Бір Тәңірден медет сұра.

Биіксің сен аласармас,

Аласалар таласа алмас.

Бақыт қоңды, Ел, басыңа.

Жақсылықтан асып та,таспа

Бақ дәулетің жедел- жүрдек

Құлашты жаз, әдептен озба

Бірліксіз Бақ та қонбайды,

Тірліксіз Тақ та болмайды.

Аллаһдан баһуат сұрайық

Қадірлеп Бақ пен һантақты.

Тарауы толық дініміз бар,

Жікшілдікке қара жер тар.

Үш жүздің басы қашанда бірге

Сөгілмесін Қазақы ірге.

***


Кісішілдік қасиеті ұлттың

Елдігіміз келбеті жұрттың

Абайлап басып,Аллаһдан сұрап,

Шыншыл өмір болсын тұрақ.

Қашаннан Аспан, Жер еді,

Қазақ,- деген Ел едік.

Тариһы тұнған ғажайып,

Жиделі Арқа жері еді.

Қазақтың асы молшылық

Елтұтқа - дана, елшілік,.

Кемеңгер, көсем,тектілер

Құдайға шүкір баршылық.

Қадірін сөздің білгенбіз,

Жәйлауда шалқып жүргенбіз.

Тәңірге Ұлы сыйынып,

Шын жылап,шын күлгенбіз.

Бұрынғы өткен бабалар,

Оқусыз ғалым - даналар

Жүрегі тұнған кісілік,

Өресі биік тұлғалар.

Кемеңгер,шешен,көсемдік

Сол асылдар ойында

Ғұлама, һәм би,батыр,

Даналық тұлға бойында.

От басында бәйбіше,

Ауылдың ақыл - ұйтқысы.

Тектіден туған тектілер

Тартып та туған тегіне.

Ата күш,ана сүтімен

Өнеге, дәстүр ұғынған.

Мұрагер өсіп, жетіліп,

Тектілік сіңген ұл- қыздар. 2011


БІРЕУ ЖАЛҒЫЗ

Қуанышта, қайғыда да біреумін,

Сағыныштың сәтіңде де біреумін.

Тау беткейге жалғыз шыққан шынармын,

Ыстық күңде жалғыз нүкте мұнармын,

Жайауы жоқ түнде жалғыз жалқымын,

Арман атты ақ теңізде балқыдым.

Жалқы түннің ақ кемерін аралап,

Жұлдыз санап, Айға мініп қалқыдым.

Жапан жалғыз, жалған жалғыз, мен жалғыз,

Жалғыздарға жалғыз Ай мен Күн куә.

Қанша толық болса тағдыр маңайда,

Жалғыздардан жаралыпты Жаһан-дүз

Жалқы, сері, еркін өскен біреумін,

Мені аймалап ұйасына кірер Күн

Көк астында Жаһан толы біреу-көп,

Отбасымның бір шетіне тіреумін. 2003

ШЫНДЫҚ ҮШІН

Сөзім салқам, ашшы үнім ашылса,

Қара көздер жалтақтама, жасырма.

Шындық үшін шыңцалайын ширығып

Ақтық демім қалғанынша бойымда

Оза шаптым алға шығып талайдан

Таң қалады бастарынан бақ тайған.

«Мінезділер» шоғырынан ықпаймын,

Табиғатым тура мінез дарытқан.

Кейде қатал, кейде қырғи мінезім,

Абзал жанға сөзден маржан тіземін.

Руһыма қарсы келсе тағдырым,

Ойларым бар тереңге тамыр түзетін.

Сыр сүйемін, шаттықтың шерін толғаймын,

Өртеңдей ыссы қалауын жанның қолдаймын.

Табанды тіреп, қайсарлық мінез танытып,

Болашаққа Ғибрат, Таным жолдаймын. 2004
ШЫНДЫҒЫМ ШЫРАЙЛАНҒАН

(ынтымақ пен келісім айдарына)
Шындықпен шырайланам,

Шындық бар тарих таста.

Мұңайсам мұнарланып,

Дәуірге бауыр басам


Дариға дарһан далам,

Шежірең басты қадам.

Кірпікке мұң үйрілсе,

Елестер, баба, тұлғаң.


Жол сорап-дәуір ісі,

Болыпты перзент ірі.

Бабасы батыр болса,

Ұрпағы басар ізді.


Көңілге түйгенім бар,

Бұл өмір наданға тар

Адами мол амалдан,

Әдемі қарттық болар.


Шындыққа бой ұр, мұра,

Қисынсыз ойды бұрма.

Өмірлер толық болсын,

Ұрпаққа сабақ қонсын.


Парасат кемелді шақ

Санаға саңлау салар,

Текті мен тексіздіктің

Жіліктеп жігін табар.


Өмірге дерт бермесін,

Есікті жат кермесін

Тағдырдың жан дауысы-

Саналы перзент берсін.


Сапалы ғұмырлар бар,

Жалғасар мұрагер бар.

Шыңыраудан шындық ізде,

Бір Аллаһ болады жар.


Шындықтан шырайланған.

Елім бар нұр жайнаған.

Таразы иманды Ісләм,

Бір күшке сыйған тұлғаң. 2011


Мектебім

Аяулы алтын мектебім

Білім ап сенде көктедім

Сүйікті менің мектебім

Алғысым саған көп менің

Ғибратын ұғып ұстаздың

Дос құрбымен табыстым.

Айаулы мектебім, мектнбім

Сенде өтті қызықты көктемім

Өзіңсіз жастығым мектебім.


АРҚА ЖЕРІНДЕГІ АРҒЫН ЕЛІНІҢ

БІР ТАРМАҒЫ БОЛЫП КЕЛЕТІН

АРАЛБАЙ БАБА АСЫНА

Кіріспе: Бабалардың батырлығын ескерсем,

Жігер ойнап көтерілер щоң еңсем.

Тым тереңде қазақ тағдыр тамыры,

Жақсы күнге жетелейді сабырды.

Ата тегім әруаһты, қымбатты,

Бабалардың ұғам сырын сымбатын,

Жанарыммен мазарларын аймалап,

Иншаллаһ, - деп тұрам іштен табынып.

Арнау: Қоңырау шалды Ғазым балаң-ұрпағың,

Артыңда бар талай тарлан ұлдарың.

Кешір,баба, кештеу білсек атыңды,

Жетпіс жылдың зар табы ғой бұл тағы.

Алғыс, алғыс Аралбай ұрпағына,

Көтеріп тұр бабасын ұшпағына.

Батыр баба атағын байандады,

Көнбейді ұрпақ нарықтың қыспағына.

Жүрегінен толқын тілек тудырып,

Ұрпақ жалғар мәртебеңді асырып.

Қазақ тұтас, қасиетті, руһты,

Жайқалып тұр жерде Бақыт жәннәты.

Арқаның батыр, биі, қыраны көп,

Бар қазақ басын қосты ұланы боп.

Жаудан қорғап Ұлы Елін,байтақ Жерін,

Құдіретті есімдер ұраны боп.

Бабаларым қорған болған еліне,

Ұлтарақтай жерін бермей бөгдеге.

Аталарым әйгілі аптал азамат,

Тізе қосып, берік болған сертіне.

Арыстары Арқаның асылдары

Тыныштықта тың-тыңдап жатыр бәрі.

Дүрілдетіп ас берді ұрпақтарың,

Есіміңді біледі жас - кәрісі.

Бір рулы елдің басы - бабасы,

Ас берілді, өмір өзі таразы,

Бәрімізге ортақ түпкі негіздер,

Толған ғажап аспан жердің арасы.

Ұлағатты, қуатты, айбары асқақ,

Саһараның төсінде алтын аймяу

Тегеурінді елу ел қатарынан,

Терезесі тең түсті, ғасыр айғақ.

Еркін елміз, Қазақел ұланымыз,

Жарасып тұр ана тіл, құранымыз.

Қажымайды қазағың, қайсар елің,

Бірлік, шындық, ынтымақ ұранымыз.


ЕЛ ДАМУЫ

(Ел тәуелсіздігінің 20 жылдыгына толғау)
Жиырмажыл Елдің тәуелсіздігі,

Толайымды табыстарға қол жетті.

Ол үшін, тек, цифр ғана санамай,

Салалайық нәтижелі пайызды.

Шын мәнінде қаржы үнемі дамыды,

Әлеуметтік сала деңгей қамтылды.

Қалықаралық ынтымақты анықтап,

Жаңарды ел, жаңа дәуір қанықты.

Қазақтарда қалыптасқан дәстүр бар,

Негізделген тәрбиелі һұқы бар.

Он жетінші Ассамблея төрінде,

Ел басшысы атап өтті сөзінде:

Жиырма жылдың тәуелсіздік тариһы,

Достық пенен келісімнің штриһы.

Осы жылдар тәуелсіздік төрінде,

Ұлтарасы, Дінарасы танылды.

Талай жылда дін һұқығы қаралды,

Сара жолы туған діннің таралды.

Руһани ұлт дәстүрін дәріптеп,

Барлық жігер дін жолына жаранды.

Тәуелсіздік -Тыныштық пен Келісім,

Ата заңы - негізі оның, желісі.

Еш ұлыстың дәстүр, дінін кемсітпей,

Мұсылмандық алды ұлы жеңісті.

Мәдениет бірлестігін дамытып,

Аймақтарды жадау күйден арылтып

Ұлтаралық қатынасты қалыптап,

Сайасатты зерттеп, нәтижеледі.

Біздің елде ұлт арасы шындықта,

Түсінікпен қарайды ұлты басқаға.

Қалыптасқан тыныштықта ықпалды,

Тапталмайды үлт дәрісі, тариһы.

Қазақ елі көп ұлттардың Отаны,

Келісті оның еңбегі де, талабы.

Үлгі өмірге шыдамдылық, тәубәсі,

Басқа ұлттың әл қадірін табады.

Отан ортақ, Қазақ елі- мекенің,

Ынтымақтық сайасаттың еккені.

Осы дәстүр қалыптасты Ғаламда,

Салт -дәстүрдің ықылас, ынта сепкені.

Мұсылманға дәстүрлі дін - Ісләм,

Тәуелсіздік -зайырлы елдік жариа.

Ісләм діні тазалық пен шындықта,

Біледі оны жас бала да, қариа.

Тыныштық пен тұрақтылық нығайсын,

Қазақ тілі негізі ғой тіл-қаттың.

Міндеттерді бірлестікте атқарып,

Азаматтық тәрбиені нығайттық.

Дінді,тілді,мәдениетті сыйлаймыз,

Үлтаралық достық жәйін жырлаймыз.

Жақсы дәстүр,қасиеттер жарасып,

Тәуелсіздік жолын мәңгі жасаймыз.

Мақсатымыз, мүддемізге сай болсын,

Әлем ғарыш жақсылыққа бай болсын.

Орындалып тәуелсіз Ел мақсаты,

Қалқымыздың әл- аһуалы сай болсын.

Көк байрақты гүлден Қазақстаным,

Қалқым аман, тыныш болсын заманым.

Шыңға шығу - Ата заңның арқасы,

Аспанымыз бейбіт болсын, ағайын. 2011


ҒАЖАЙЫП ҚАРҚАРАЛЫ

Қарқаралы ғасырдың көзі,

Тәбиғаты - Жәннәттің өзі.

Ғажап қой, ғажап, Даналар жері,

Қаздауысты Қазыбек елі.

Көркіңнен көрем көсемдік келбет,

Бабалар жатқан жоталы,өр бет.

Орманың сұлу қақтырды таңдай,

Шырша Мен қайың кербездер қандай!

Ажарың Айдан тапқандай қоныс,

Күнсұлу келсе жайқалды еңіс

Көркіңді көріп толқыды жүрек,

Жібек жел сүйді руһты жебеп.

Ғажайып әуен көңілге тұнар,

Ғашық боп саған ,болдым мен құмар.

Қонақжай құшақ қанатын жайып,

Сиқырлы үнің таққандай тұмар.

Аспаның ашық, алабұлт көшкен,

Бүлдірген, жуа орманда өскен,

Алқара көктен ақ жауын бүркіп,

Жұмақтың жұпар самалы ескен.

Сылаңдап қалам көргенде сені,

Сүйе бер,сүйші бір қызды менді.

һауасы жұмсақ,бұлағы балдай,

Сұлуға сендей таппадым теңді.

Өшпейді, өсте, көңілден сырың,

Топырағың, тораңғың - ырым.

Қасиетінді қастерлеп ұғып,

Арналды саған армандай жырым.
ЖАРЫҚ СӘУЛЕ

Жарық сәуле - аспандағы Ай - Күні,

Нұрланады сол сәуледен жер жүзі.

Ғасырлардың өміріне нұр құйған,

Алтын сәуле - ақындардың елеңі.

Өлең - өмір - ақынжандар арманы,

Өлең сөзі - жүректердің қорғаны.

Өмір - өлең,елең - өмір өзегі,

Тек, тариһтың алмасады кезеңі,

Тәуелсіздік - жарық сәуле айғағы,

Ата заңы - Қазақелдің айбары.

Құран сөзі - имандылық құралы,

Тіл мен Дінім - мәңгіліктің ұраны.

Көк түсінің түсіндей көк байрағым,

Анам тілі - қазақ тілде сайраймын.

Мынау ғажап,мынау менің байтағым,

Жарық сәуле жүректерді жалғасын.

Тәуелсіздік,Қазақелі - жыр әні,

Көк Тәңірі қасиетті Нұр таңы

Нұр ұшқыны араласын Әлемді,

Қазақелі - бейбіт өмір тұлғасы.

АЛПЫС БЕС

Алпыс беспен белдестім,

Арғымаққа теңестім

Бәигіні сен алсаң да,

Жыр додасын бермеспін.

Алпыс беспен елдестім,

Жақсылықпен селбестім.

Қайран жастық - күншуақ,

Қарттықпен қадірлестім.

Алпыс бесім ерледің,

Компьютерде терледім.

Немереден сабақ алып,

Техникамен белдестім.

Демді ішке тартамын,

Жүрекке намыс артамын.

Компьютерді қызықтап,

Көп ұйқыға бармадым.

Өмір неткен қызықсың,

Жалқауларға шыжықсың.

Шалқимын,сәт, шаттанам,

Өлең жазуға аттанам.

Алпыс бестің атымен,

Арғымақ жырдың бабымен

Жаңғырды жаным ғасырда

Ақмоншақ жырдың затымен.

Алпыс бестің белесі,

Сөгілді сырдың көбесі.

Кеудемді кернеп өлең - саз,

Төрге озды жырдың төресі.

Алпыстан тоқсаныңды алқымдайын

Жүрегім сол байағы қалпындасың

Періште көңілімді құлазытпа

Өмірдің ағысында жарқылдайын. 2011
«К» КҮЗ КӨҢІЛ

Көңілсіз күзгі күндерден,

Көңілге күйкі күй келер.

Көк күмбезі күмбірлеп,

Көңілсіз кеуіл күн кешер.

Көңілсіз күзгі күндер-ай,

Көлгірсіп, көңіл кірлетпе.

Көгеріп көпен көктейін,

Күлімдеп көкте күн күлсе.
СЫБДЫРЫҢНАН СЫР ҰҚТЫМ

Сыбдырынды естимін, алтын түс күзгі жапырақ,

Сағынып та, сарғайып тосады сені атырап.

Қалтырайсың ақырын, сыбырлайды ақылың,

Жүрегіңді ұғамын, сенде бір менің жақыным.

Сыбдыңнан сырың сыңқылдап,Еліңменен сырлассың,

Сырыңнан түйіп сағыныш,сыбырыңнан сыр бақтым.

Қалтырайсың ақырын, сыбырлайды ақылың,

Жүрегіңнің қағысы сабыр берді ақырын.
ДӘУРЕН

Жақсы дәурен, жайлы өмір

Баста мәңгі тұрмайды.

Уақыт - өмір зымырап,

Бәрінен қолың босайды...

Күш қайраты ортайып,

Өтеді дүние,сол қайғы.

Дегенмен, жүрек - маторың

Жақсылықта толғайды.

Жұдырықтай жүрегің

Сезім сырын қозғайды.

Қартайма, жүрек қажыма

Жан сырды жазбай жантайма.?!


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет