Сынып: 9,пәні: «Биология» барлық сағат саны: 72;аптасына сағат саны:2, Н.ГАсанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова.- Алматы: Атамұра ,2019
Түсінік хат «Биология» оқу пәні Биологиялық ғылымдар тірі организмдердің құрылымы мен функцияларын, олардың дамуы мен тіршілік ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы көзқарастар бойынша өмір – бұл ірі органикалық молекулалардан тұратын және энергия мен қоршаған ортамен заттармен алмасу нәтижесінде өз өмірін сақтап қалуға және өзін-өзі қалпына келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің өмір сүру процесі.
«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің көптүрлілігітуралы, ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның
ажырамас бөлігі туралы саналы түсінікқалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері: жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшылықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;
экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;
оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу.
«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72сағатты; тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;
көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму;
ағза мен қоршаған орта;
қолданбалы кіріктірілген ғылымдар
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына жаңадан қосылған тақырыптар: 1.Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану;
2.Аэробты және анаэробты тыныс алу
3.Дүниежүзілік Тұқым қоры;
4.Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу;
5.Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері;
Сонымен қатар жаңа бағдарламада терең меңгеруге арналған бірқатар тақырыптар берілген:
1.Өкпедегі газ алмасу және ұлпалық тыныс алу механизмдері;
2.Контрацепцияның түрлері;
3.Ағзалардың тірі қалу стратегиялары;
4.Түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсері.
Сабақтарды жоспарлау кезінде практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған белсенді оқыту әдістерін қолданған дұрыс.
Оқу бағдарламасы бойынша 7-8-9-сыныптарда қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі тиіс.Себебі қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары білім алушының ізденіс қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасайды. Модельдеу жұмыстары білім алушының өзіндік ғылыми ізденіс жұмысына бағытталған болғандықтан тоқсанның басында беріледі, оны орындау үшін нақты уақыты айқындалады. Сонымен қатар берілген жұмыстар бағаланады. Оқу бағдарламасы бойынша қарастырылған демонстрациялық жұмыстар бағаланбайды . Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез-келген ақпарат көзін пайдалана алады