Мектептің негізгі сатысында оқушылардың өзіндік қабілеттерін, адамгершілік қасиеттерін анықтауына және дамытуына, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктеріне ықпал ету осы кезеңнің негізгі идеясы болып табылады.
7-сыныптағы «Өзін-өзі тану» пәнінің білім мазмұны БМЖМС-ына сәйкес мына тараулар бойынша беріледі:
1.Таным жолында 2.Қарым-қатынас мәдениеті 3.Адам мен әлем тұтастығы 4.Жасампаздық жарасымы.
Бұл тараулардың мазмұнында оқушылардың өзін-өзі тануы тек жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту арқылы ғана емес, сонымен бірге олардың сезімдерін дамыту, құндылықтық қасиеттерді дарыту, жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруі және тұлғалық қалыптасуы қамтылады.
7 СЫНЫП (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)