Түсінік хат «Өзін –өзі тану» пәнін оқыту «Адамның үйлесімді дамыту» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒпббсо) дайындаған, Қр білім және ғылым министрінің 2013 жылғы



бет6/8
Дата09.10.2019
өлшемі0,6 Mb.
#49483
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-11сын өзін-өзі тану күнт жоспар-1-1-1-1


Түсінік хат

«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту «Адамның үйлесімді дамыту» институты ( Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) және ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектеп бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.



ІІ. Мектептің негізгі сатысы (9-сыныптар)

Бағдарлама мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын және жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартының бесінші, алтыншы және жетінші деңгейлеріндегі күтілетін нәтижелерді анықтауға бағытталған.

Мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда оқу жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелерде көрсетілген көп деңгейлі мақсаттар жүйесінің сәйкестігі, сонымен қатар оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктері ескеріле отырып, мазмұнда көрсетілген жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы адамдық қасиеттерді дамыту көзделеді.

Жалпы орта білім беруге арналған өзін-өзі тану бағдарламасы оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне, рухани-адамгершілік және дене жағынан дамуына, адам тағдырын, өмірдің мәнін түсінуге кең мүмкіндіктер ашады.

«Өзін-өзі тану» пәні мектептің негізгі сатысында білім берудің құндылықтық мәнін күшейте отырып, адамдарды сүйе білу, өзіне-өзі сену, жақсылық жасау, мейірімділік таныту, өзгелерге қамқор болу, сыни ойлау, адамгершілік таңдау жасай білу, дәстүрді дәріптеу және дамыту, жасампаздық, өзіне жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін ашып, дамытуға бағытталған.

Бұл кезеңде адамның жақсылық, сыпайылық, сыйластық, ықылас білдіру, елгезектік, жаны ашырлық сияқты басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға көмектесетін адамгершілік қасиеттерін ашуға көңіл бөлінеді. Сыныптарда қамтылған өзара қарым-қатынас негізінде қыздар мен ұлдар арасында достық орната білу, отбасы қарым-қатынасында жауапты болу қабілеттерін дамытуға баса назар аударылады. Сонымен қатар оқушылардың татулық, келісім, тату адам сияқты ұғымдар туралы түсініктерін тереңдете отырып, мазмұнда адамдардың нәсіліне, ұлтына, дәстүрі мен көзқарастарына қарамастан, олардың арасындағы қарым-қатынас этикасы тұрғысынан мінез-құлық мәдениетіне; сыпайы және ізетті болу, басқаларды түсіне білу, айналасындағы адамдарды сыйлау, оларды шаттыққа бөлеу, олармен тату болу біліктерін дамытуғада көңіл бөлінеді.

9-сыныптарда білім беру оқушылардың ұлттық мәдени мұраның өзін-өзі тануда алатын орны, адамзаттың мәдени мұрасының рухани негіздері туралы түсініктерін кеңейте отырып, адамның үздіксіз рухани кемелденуіне, оның шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етуге бағытталады.

Мектептің негізгі сатысында оқушылардың өзіндік қабілеттерін, адамгершілік қасиеттерін анықтауына және дамытуына, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктеріне ықпал ету осы кезеңнің негізгі идеясы болып табылады.

Мектептің негізгі сатысындағыпәннің мазмұндық логикалық құрылымын сақтай отырып, олардың бұрын меңгерген жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін жинақтап, қорытындылау мақсатында 9-сыныптағы білім мазмұны мына бағытта беріледі:



1.Адам және өмір

2.Адам болам десеңіз...

3.Адам және мәдениеттілік

4.Адам әлем аясында

Бұл тараулардың мазмұнында оқушылардың өзін-өзі тануы тек жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту арқылы ғана емес, сонымен бірге олардың сезімдерін дамыту, құндылықтық қасиеттерді дарыту, жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруі және тұлғалық қалыптасуы қамтылады.



9-СЫНЫП

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)





Бөлім тақырыбы

Жалпы сағат саны

Мемлекеттік стандарт

1


I тарау. Адам және өмір

(1–тоқсан)

8 сағат

Өзін-өзі тану туралы, өзін-өзі танудың маңыздылығы, адамгершілік нормалар негізінде әрекет ету. Адам мүмкіндігінің шексіздігі.

Адам бойындағы түрлі мүмкіндіктерді жүзеге асыра білу. Дарындылық және еңбекқорлық. Өз бойындағы қабілеттерін аша білу, жетілдіру.



2

IІ тарау. Адам болам десеңіз...

(2–тоқсан)

8 сағат

Әдептілік пен сыйластық. Адами қарым-қатынас жасау әдептілігі. Айналасындағылармен сыйласу, оларды бағалай білу. Ұл бала мен қыз баланың өзара сыйластығы, достығы

3

IІІ тарау. Адам және мәдениеттілік

(3–тоқсан)

10 сағат

Адамның қоршаған әлем туралы түсінігі. Болмысты әр қырынан түсіне білу, қоршаған ортаны жан-жақты танып үйрену. Қоршаған ортаның адам дамуындағы рөлі, оны әр қырынан тани білу.Адамның табиғатқа ізгілікті қарым-қатынасы.

4

IV тарау. Адам әлем аясында

(4–тоқсан)

8 сағат

Рухани мәдениетті тану, мәдени мұралардан тағылым алу.Ата салты – асыл қазына.

Салт-дәстүрді құрметтеу, үлгі-өнеге алу.







Тақырыбы

Мазмұны

Сағат саны

Өтетін күні

АКТ

Көрнекілік

I тарау Адам және өмір (8 сағат) I-тоқсан

1-2

Өзіңді тану - өмірді тану


Кіріспе сабақ. Әр адамның өзін-өзі тануы, олардың өмірді түсінуі, бағалауы түсініктерінің кеңейтілуі. Өмірдің сынақтарынан сүрінбей өту, жақсылығын бағалау, қуанышын бөлісе білу және т.б. Өмірдің адам үшін маңыздылығы. Мазмұнды да, мәнді өмір сүру.

2










3-4

Салауаттылық - өмір негізі


Денсаулық өмір өзегі. Денсаулық, Ұзақ өмір. Мәнді, мазмұнды өмір. Денсаулықты нығайту. Денсаулыққа зиянды, пайдалы әрекеттер. Салауатты өмір салты. Адам өміріне зиянды әрекеттерден аулақ болу: нашақорлық, ішімдік ішу, шылым шегу, СПИД және т.б

2










5-6

Әсемдік – өмір жарасымы



Табиғат әсемдігі. Адамның табиғатқа әсері. Әсемдікті, сұлулықты сезіну.Өнердің адам өмірінің көркеюіне ықпалы.

2










7-8

Еңбек – өмір мәні


Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы. Еңбектің шығармашылыққа ұласуы. Адамның шығармашылық қабілетін ашу. Шабыт, ынта, жігер, талап т.б. ұғымдар туралы түсініктер.

2












ІІ тарау. Адам болам десеңіз... (8 сағат) ІІ-тоқсан

9-10

Жақсылық – жан жадыратады

Жақсылық жасау. Жақсы сөз айтудың адами қарым-қатынаста алатын орны. Адамның өз көңіл күйін, эмоцияларын, сезімдері мен әрекеттеріне талдау жасай білуі. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы.

2










11-12

Ар-намыс керек адамға

Ар-намыс, ұят ұғымдарын адамгершілік ұғым ретінде мәнін ашу. Өзіне-өзі есеп беру, өзінен-өзі ұялу, өзін-өзі тәрбиелеуі және т.б

2










13-14

Мінез – адам көрсеткіші

Адамның мінез-құлқы туралы түсініктерін дамыту. Жақсы мінездің қалыптасуы. Өз көзқарасы мен қылықтарын, сондай-ақ өзге адамдардың көзқарастары мен қылықтарын талдай білуі және сыни тұрғыдан бағалауы, өз ойы, сөзі және ісіне жауапкершілікпен қарай алуы.

2










15-16

Адалдық– адамдықтың белгісі

Адалдық. Адамдарға жақсылық ойлау. Ой мен істің ұштасуы. Адамның өз көзқарасы мен пайымдауын еркін, дәйекті түрде жеткізуі және оны негіздей алуы. Шындық пен жалғандықты ажырата білу.

2












ІІІ тарау. Адам және мәдениеттілік (10 сағат) ІІІ -тоқсан

17-18

Татулық – достық кілті


Татулық, ынтымақ, достық, туыстық т.б.. Отбасы сыйластығы, туыстар сыйластығы, достар сыйластығы, ұжымдастар сыйластығы және т.б.

2










19-20

Адами қарым-қатынас ізгіліктері

Сәлемдесу, жылы жүзбен қарсы алу, жымиып сөйлеу, сабырлылық таныту, әдеп сақтау, үлкеннің сөзін бөлмеу, дабырлап, даурығып сөйлемеу және т.б. Отбасындағы қарым-қатынас, iскерлік қарым-қатынас, жолдастық қарым-қатынас жасау әдептері және т.б.

2










21-22

Әдептен озбайық


Қоғамдық орындарда : мектепте, театрда, кино театрда т.б., көшеде, транспорттарда әдептілік сақтау. Дұрыс киіну, өзін-өзі дұрыс ұстау әдептері және т.б.

2










23-24

Әдептілік – адамгершілік бастауы

Сыпайылық, сыйластық, қамқорлық ұғымдарының мәнін ашу және т.б.

2










25-26

Адам мен отбасы


Отбасы жарастығы. Отбасындағы қарым –қатынас. Адамның отбасын сүюі.

2











IV тарау. Адам әлем аясында (8 сағат) IV-тоқсан

27-28

Адам мен қоғам


Адамның өмірден өз орнын таба білуі. Адамның қоғамға қызмет етуі. Болашақ мамандығын саналы түрде таңдай алуы. Білім, ақыл-ой қажеттілігі. Ер адамның, әйел адамның қоғамдағы орны.

2










29-30

Адам мен Отан


Адамның отанын сүюі. Отанын қорғауы. Ұлттық сана, ұлттық намысының болуы.

2










31-32

Адам және Жер шары


Адам Жер шары ұрпағы. Бүкіл жер шары халқын сыйлауы, сүюі. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар.

2










33-34

Махаббат–өмір өзегі


Қорытынды сабақ. Адамды, отанды, өмірді сүйе білу және сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білу. Сүйіспеншіліктің, махаббаттың бар жақсылық негізі екенін ұғындыру.

2










Барлығы:34



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет