Әр мектеп өзі ұсынған титул парағы
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9
Барлығы: 72 сағат, аптасына 2 сағат
Пән мұғалімі:
Түсінік хат
Пәні: Қазақ әдебиеті
Стандарт: Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Үлгілік оқу жоспары: Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары арқылы (өзгерістер мен толықтырулар өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрықпен бекітілген) жүзеге асырылады.
Үлгілік оқу бағдарламасы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрығына 36-қосымша (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс енгізілген 635-қосымша) Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 9-сыныптарға арналған "Қазақ әдебиеті" пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Әдістемелік нұсқау хат: 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты.
Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
«Қазақ әдебиеті» бағдарламасы білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылған;
қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, мәселелерін, қарама- қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны:
түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну, әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету, көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану, шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау, шығармадағы көркемдегіш құралдардың образ жасаудағы орны, көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс жазу, қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау;
бағалау және салыстыру: шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау, көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру, шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу, шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сыни жазу.
Оқулық:
1 )Түсіну және жауап беру
2) Анализ және интерпретация
3) Бағалау және салыстыру
Достарыңызбен бөлісу: |