Пәнаралық байланыс: химия, экология, биохимия, молекулалық биология, медицина, физиология, гистология, информатика.
Оқушыларға қойылатын талаптар: -қазіргі кездегі түйінді проблемаларды зерделеу;
– болашақ кәсіби қызметке бағдарлану;
– танымдық, ұйымдастырушылық дағдыларды жетілдіру;
– базалық білім мазмұнны толықтыру және жетілдіру;
Пәнаралық байланыс: Химия, физика, экология, валеология, биология, медицина.
Мамандыққа бағдарлау: Медицина, биотехнолог, микробиолог, фармаколог, дәрігер
Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі . «Молекулалық биология және биомедицина » курсы 34 сағатқа есептеліп құрылған, 12 зертханалық жұмыстың өтілу барысы берілген.
10- сыныпта 34 сағат , 7- зертханалық жұмыс.
Курсты ұйымдастыру формасы: Мұғалімнің курсты семинар, пікір алмасу, дөңгелек үстел, конференция, сайыс сабақтар түрінде өткізулеріне болады.
Курсты қорытындылау формасы: Семинар, конференция, реферат, ғылыми жоба.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
Әр тарау бойынша берілген тест тапсырмаларының
орындалу көрсеткіші арқылы бағалау.
Оқу жылы аяғында « Оқушы портфолиосы»бойынша әр
оқушының жұмысын тыңдау арқылы бағалау.
Бағдарлама «Молекулалық биология және биомедицина» 10-сынып Мазмұны 1. Молекулалық биология. Молекулалық биологияның даму тарихы мен зерттеу әдістері. 2. Нуклеин қышқылдарының биологиялық мәні және генетикалық материалдың табиғаты. ДНҚ-ның генетикалық ақпаратты сақтаушы екендігі 3. ДНҚ-ның химиялық құрамы мен құрылысы. ДНҚ-ның нуклеотидтік құрамының түрлік ерекшелігі.
Кіріспе (1 сағат) 1. Молекулалық биология. Молекулалық биологияның даму тарихы мен зерттеу әдістері. Молекулалық биология - тіршілікті молекулалық деңгейде зерттейтін кешенді биология ғылымының маңызды саласының бірі.
Молекулалық биология ғылымының негізгі зерттеу объекттері — жасушаның ақпараттық макромолекулалары-ақуыз және нуклеин қышқылдары болып саналады. Ол ақпараттық макромолекулалардың құрылысын, қызметтерін, таралуын зерттейді.
1. Нуклеин қышқылдарының биологиялық мәні және генетикалық материалдың табиғаты. ДНҚ-ның генетикалық ақпаратты сақтаушы екендігі (7сағат) Нуклеин қышқылдары жасушаның ең маңызды макромолекулалары-ның бірі болып саналады. Нуклеин қышқылының (ДНҚ) молекуласын XIX ғасырдың аяғында-1868 жылы Швейцария ғалымы Ф. Мишер ашқан. Ал олардың қызметтері, молекуласының құрылысы, кейінірек белгілі болды (ХХ-ғ 50 жылдары).
Қазіргі кездері нуклеин қышқылдарының тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі екендігіне ешкім шүбә келтірмейді, бірақ бұл тек 1950 жылы X. Френкель-Конрат тәжірибелері нәтижесінде ғана үзілді-кесілді дәлелденген. Ал, XX ғасырдың 20 жылдарында (1928ж). тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі ретінде ақуыз молекуласы саналып келген (Н.Кольцов).
XX ғасырдың 20 жылдары Т.Морган т.б ғалымдардың еңбектері арқасында тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі хромосомалар екені белгілі болды (тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы). Сонымен бірге хромосомалар ақуыз және нуклеин қышқылынан (ДНҚ) тұратындығы да анықталды. Ал, осы екі макромолекулалардың - ақуыз және нуклеин қышқылының (ДНҚ) қайсысы тұқым қуалаушылыққа жауапты деген мәселе ғалымдар арасында біршама пікір талас туғызды. 1928 ж. Н.К. Кольцов ген қызметін ақуыз молекуласы атқаруы мүмкін деген болжам жасады және 1940 жылға дейін ғалымдардың көпшілігі осы пікірді қуаттап келген.
1928 ж. Ф. Гриффитс бактериялардың трансформациялау қабілетіне тәжірибе жасап, тұқым қуалаушылыққа ақуыз емес ДНҚ молекуласы жауапты болуы мүмкін деген болжам жасады.
Трансформация — дегеніміз бактерияның бір штаммының екінші бір штаммның ДНҚ молекуласының бір бөлігін өзіне қосып алып, оның қасиетіне ие болуы.