2 Қабылдау емтиханын өткізу формасы және ұйымдастырылуы
Қабылдау емтиханы ҚР БҒМ-мен бекітілген және қабылдау емтихандарын өткізу кестесіне сәйкес мерзімінде өткізіледі. Мамандық бойынша қабылдау емтиханы кешенді емтихан (КЭ) және аралас формада (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу + питч) көптілді білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде үш тілдің бірінде (қазақша, орысша, ағылшынша).
Емтиханды өткізудің барлық рәсімдері бейнекамераға тіркеледі.
Шамамен алғандағы емтиханды өткізу уақыты:
- компьютерлік тестілеу – 45 минут (30 сұрақ бойынша 1 сұраққа 1,5 минуттан);
- жазбаша емтихан – эссе жазу (30 минут);
- питч – баяндамаға 2-3 мин, сұрақ-жауапқа 2 минут.
Компьютерлік тестілеуден магистратураға түсуші барлық үміткерлер өтеді, емтиханның екінші бөлімі модульді білім беру бағдарламасында жоспарланған әрбір білім беру траекториясы бойынша өткізіледі.
Білім берудің 2 траекториясы жоспарланған.
Достарыңызбен бөлісу: |