Тұтқырлық сұйықтың ішкі үйкелісі



бет8/22
Дата06.02.2022
өлшемі182,43 Kb.
#81800
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
Гидравлика

Температуралық кеңею деп сұйықтықтың температура өзгерген кездегі өз көлемін өзгерту қасиетін айтады. Сұйықтықты қыздырғанда оның көлемі артып, ал салқындатқанда көлемі азаяды. Сұйықтық көлемінің өзгеруі температуралық кеңею коэффициентімен βt, сонымен қатар сұйықтықтың бастапқы көлемі мен оның температурасының өзгеруімен V0 сипатталады:






(1.4)

Температуралық кеңею коэффициенті сұйық көлемі өсімшесінің ΔV оның бастапқы көлеміне қатынасын білдіреді.







мұндағы ;
ΔV- көлем өзгеруі, ал ;
Δt- температура өзгерісі.
Сығымдылық – қысым жоғарылаған кездегі сұйықтық көлемінің азаю қасиеті. Ол көлемдік сығылу коэффициентімен βсипатталады. Көлемдік сығылу коэффициенті қысым өзгерісі кезіндегі сұйықтық көлемінің салыстырмалы өзгеруін білдіреді, өлшем бірлігі м2/H:



,


(1.5)

мұндағы ΔV- қысымның Δp шамасына жоғарылағандағы сұйықтық көлемінің азаюы;
V- сұйықтықтың бастапқы көлемі.
(1.5) теңдеудегі минус таңбасы қысымның оң өсімшесіне Δp көлемнің теріс азаюы ΔV сәйкес келетіндігін білдіреді.
Сұйықтықтың сығымдылығы гидравликалық жүйелер үшін теріс фактор болып табылады, өйткені сұйықтықтың сығылуына жұмсалатын энергияның қайтымсыздығына байланысты жетектердің жалпы п.ә.к. төмендейді.
Сұйықтық көлемінің сығылу коэффициентіне кері шама сұйықтықтың серпімділік модулі деп аталады да Е- әрпімен белгіленеді:






(1.6)

Сұйықтардың серпімділік модульдері мәндерінің жоғарылығына байланысты техникалық есептерде сығымдылықты ескермеуге, яғни сұйықты сығылмайды деп есептеуге болады. Бірақ, кейбір жағдайларда сығымдылық гидравликалық құрылғылардың жұмыстары негізделетін база болып табылады, мысалы, сұйықтық серіппелер және амортизаторлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет