Туберкулез қандай ауру? Туберкулез- жұқпалы ауру. Ең жиі кездесетін түрі-өкпе туберкулезі. Көп жағдайда сырқат белгісі науқас адамға білінбей басталады да, тек қана Манту реакциясын қойғанда, қақырықты “Кох таяқшасына” тексергенде немесе флюорографиялық байқаудан өткенде табылады.
Туберкулездің белгілері:
-әлсіздік, тез шаршау;
-асқа зауқы соқпау, жүдеу;
-3 аптадан аса жөтеліп жүру;
-түнде немесе ұйқыдан оянған кезде терлеу;
-дене қызуының 37 градустан жоғары көтерілуі;
-түстен кейінгі мезгілде бейжай болуы.
Осындай белгілер білінсе міндетті түрде терапевт-дәрігерге көрініп қақырықты үш күн қатарынан үш рет “Кох таяқшасына” тексеру керек. Қазіргі жағдайда туберкулезбен ауырған жанды емдеп жазуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |