Байланысты: Тәбріз Н.Туберкулезді анықтау, алдын-алу және емдеу
ТУБЕРКУЛЕЗДІ САНИТАРЛЫҚ АЛДЫН АЛУ Туберкулезді санитарлық алдын алу - туберкулез инфекциясының ошағындағы туберкулезге қарсы эпидемиялық алдыналу шаралары.
Туберкулез инфекциясының ошағы деп – бактерия бөлушінің тұратын жері (жекеменшік үйі, пәтері, жатақханадағы бөлмесі), оқу, жұмыс істеу, демалу орындарын санау керек. Туберкулез инфекциясының ошақтарын үш эпидемиологиялық топқа бөледі. Ауру ошағын қайсы бір топқа жатқызудың негізгі болып төмендеген критерийлер саналады: бактерия бөлудің қарқындылығы, ауру ошағында балалардың, жасөспірімдердің, жүкті әйелдің, маскүнемнің және нашақордың болуы, тұрмыстық – үй жағдайы және санитарлық – гигиеналық және індетке қарсы жүргізетін ережелердің сақталмауы, сол сияқты ауру мен оның отбасы мүшелерінің әлуметтік тұрмыс деңгейінің жағдайы.
Бактерия бөлу қарқындылығы былайша бағаланады:
1) орташа бактерия бөлу ҚТБ+1 нақты сандық көрсетiлiмi;
2) көп бактерия бөлу (+2 ден +3 ке дейiн).
Ошақтық бiрiншi эпидемиологиялық тобына жататындар:
көп бактерия бөлетiн науқастардың ошағы;
орташа бактерия бөлушi балалар мен жасөспiрiмдерi бар науқастар, жүктi әйелдер, маскүнемдер мен нашақорлар;
санитарлы – гигиеналық жағдайлары жоқ және төменгi деңгейде өмiр сүретiн ошақтар.
Екiншi топқа анда-санда бактерия бөлетiн науқастар тұратын жерлер жатады, бiрақ аталған ошаққа осы ереженiң 5 тармағындағы 2), 3) бөлiктерiндегi факторлар болмаған жағдайда.
Үшiншi топқа жататында:
бактерия бөлу тоқтағаннан жерлер, бактерия бөлушiнiң тұрғылықты жерiн өзгертуi немесе қайтыс болуы (оның iшiнде диспансерге белгiсiз науқастар);
туберкулезбен ауыратын малшаруашылығының жануарлары анықталған туберкулез ошақтары.
Үшiншi тотағы қатынаста болған туберкулез ошақтарының жандары бiр жыл бойы бақыланады.
Эпидемиологиялық ошақтың бiрiншi тобына жататын жандар туберкулезге қарсы және санитарлы – эпидемиологиялық қызметтердiң мамандарына тоқсан сайын барып қаралуы керек.
Эпидемиологиялық ошақтың екiншi тобына жататын жандар туберкулезге қарсы және санитарлы – эпидемиологиялық қызметтердiң мамандарына жарты жылда бiр рет барып қаралуы керек.
Эпидемиологиялық ошақтың үшiншi тобына жататын жандар туберкулезге қарсы және санитарлы – эпидемиологиялық қызметтердiң мамандарына жылына бiр рет барып қаралуы керек.
Ошақта жағдай өзгерiп, қауiп төнген болса туберкулез жұқпалы ауруының ошағы эпидемиологиялық бiр топтан бiр топқа эпидемиолог дәрiгердiң және аймақтық фтизиатр дәрiгердiң шешiмi мен ауыстырылады.
СЭС -да есепте тұратын туберкулездiң бактерия бөлушi науқастардың есебi туберкулезге қарсы мекемелердiң санитарлы – эпидемиологиялық қызметiнiң мамандарымен ай сайын тексерiледi.