Қазіргі кезде Қазақстанда флюорографиялық тексерулер дараланып туберкулезге қауіпті топ өкілдерінің арасында жүргізіледі.
Жыл сайын туберкулезге мiндетті түрде флюорографиялық тексерiлетін «қауіп-қатер» тобындағы жандар тiзiмі:
1) Тегін негiзде:
перзентхана (босану бөлiмшелері), балалар ауруханасы (бөлiмшелері), жаңа туылған және шал туылған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің қызметкерлерi;
туберкулезге қарсы күресетін ұйымдардың қызметкерлерi;
әскери қызметке шақырылушылар;
жоғарғы және арнайы орта бiлiм оқу орындарының студенттерi; училище оқушылары;
15-17 жас аралығындағы жасөспiрiмдер;
босанған әйелдер перзентханадан шыққаннан кейiн бiр ай көлемiнде;
созылмалы бейспецификалық өкпе аурулары, қант диабетi, маскүнемдiк, нашақорлық, АИВ/ ЖИТС бар диспансерлiк есепте тұрған жандар;
кортикостероидты гормондармен ем қабылдаушылар;
өкпесiнде кез-келген этиологиялы қалдықты өзгерiстерi бар жандар;
туберкулезбен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған жандар;
мектепке дейiнгi мекемелердiң қызметкерлерi;
емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметкерлерi;
жалпы және арнайы бiлiм беру мектептерінің, лицей мен гимназиялардың қызметкерлерi;
тергеуге алынғандар және сотталғандар (жылына екi рет);
Қорғаныс, iшкi iстер министрлiгi мен ұлттық қауiпсiздiк мекемелерi жүйесiнiң қызметкерлерi мен әскери бөлімшелерінің әскери қызметкерлері;
Қазақстан Республикасына түпкiлiктi көшiп келгендер.
2) Жұмыс берушi есебiнен ақылы негiзде:
тамақ өнеркәсiбi, көпшілік тамақ жейтін және азық-түлік сататын орындардың қызметкерлері;
тұрғындарға қызмет көрсету аясында жұмыс iстейтiндер;
көлiктiң барлық түрiнде адамдарды тасымалдайтындар және қызмет көрсететiндер;
орта және жоғарғы оқу орындарының қызметкерлерi;
дәрiлердi дайындаушы, бөлшектеп өлшеуші және таратушы дәрiхана қызметкерлерi,
Қазақстан Республикасына уақытша мерзімге тұруға келгендер, оның ішінде еңбек етуге келген мигранттар.