Туберкулездіњ клиникалыќ классификациясы


БАКТЕРИОСКОПИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКА



бет7/48
Дата07.02.2022
өлшемі496 Kb.
#95687
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Байланысты:
Тәбріз Н.Туберкулезді анықтау, алдын-алу және емдеу

БАКТЕРИОСКОПИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКА


Туберкулез микобактериясын лабораториялық әдіспен анықтау туберкулез ауруының диагнозын толық қоюға және осы аурудың барысын қадағалауға мүмкіндік береді.
Кох туберкулез таяқшасын тапқаннан бері туберкулез микобактериясын анықтайтын негізгі әдіс, бактерияны микроскоп арқылы зерттеу болады.
Бактериоскопиялық әдіс көптеген мемлекеттерде диагностика үшін ғана емес, сол сияқты туберкулезді анықтау үшін тексергенде қолданады.
Туберкулездің жұқпалы түрлерімен ауыратын науқастарды табу маңызды болып табылады, өйткені олар науқастың өзіне және оны қоршаған адамдарға қауіпті. Туберкулезге қарсы шаралардың ішінде туберкулезді бактериоскопиялық әдіспен табудың орны үлкен.
Бактериоскопиялық әдістің артықшылығы: белгілі мақсатта қауіпті топ өкілдеріне жүргізіледі, нәтижесі дәл, арзан, ыңғайлы, ағзаға зияны жоқ.
Туберкулезді ерте анықтау тактикасындағы приоритетті бағыт емдеу мекемелеріне туберкулездің клиникалық симптомдарына ұқсас шағымдармен келген адамдардың қақырығын бактериоскопиялық зерттеу болып табылады. Туберкулездің диагностикасы кез келген емдеу мекемелерінде, меншік түріне қарамастан жүргізіледі.
Туберкулезді анықтау үшін бактериоскопиялық әдіс медицина мекемелеріне қаралған мына адамдарға жасалады.

  • Ұзақ уақыт жөтелетіндер (2 аптадан артық), қақырық бөлетіндер, тәбеті нашарлағандар, салмақтары азайғандар, тез шаршайтындар, ұзақ субфебрильді дене қызуы барлар, түнгі тершеңдігі, кеудесінде ауырсыну болатындар, ентігетіндер, қан түкіргендер;

  • Бактериоскопиялық зерттеудің оң нәтижесі және оған сәйкес ауру симптомдары бар науқастармен қатынастағылар;

  • Өкпесінде туберкулезге ұқсайтын, рентгенологиялық өзгерістері барлар;

  • Қақырық бөліп шығармайтын, бірақ туберкулездің басқа күмәнді клиникалық белгілері бар науқастар, сонымен қатар, қарым-қатынастағылар, рентгенологиялық-флюорографиялық тексерістен өтулері керек, ал балалар мен жасөспірімдерге қосымша туберкулин сынамалары жүргізіледі.

Қақырық бөлетін, өкпе аурулары бар жүре алмайтын науқастар үйінде тексеріледі.
Өкпеден тыс туберкулезге ұқсас клиникалық симптомдары бар кісілерге туберкулез микобактериясын анықтау үшін жасалатын бактериоскопиялық зерттеуге кез келген диагностикалық материал алынады (зәр, қан, пунктаттар, плевра және жұлын сұйықтығы т.б).
Қажетті жабдықтар және дайындығы жақсы қызметші болған жағдайда науқас өзі тұратын жердің емдеу мекемесінде тексеріледі. Мұнда жұғындының бактериоскопиясы жасалады немесе қақырықты жинап мамандандырылған лабораторияға жеткізеді. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда жұғынды немесе науқас жоғары тұратын медицина мекемесіне жіберіледі.
Барлық оң жұғындылар және теріс жұғындылардың 10%-і облыс деңгейінде тексерілуі қажет.
Туберкулез мәселелерінің ұлттық орталығында оң нәтижелердің 5%-і теріс нәтижелерінде 3%-і қайтадан тексерістен өтеді.
Бактериоскопиялық тексеріс жүргізудің әдістемесі
Зертханаға жіберуге арналған қақырық саңылаусыз жабылатын бұрандамалы қақпағы бар, қонтейнерлерге (түкіргіштерге) жиналады, олар қажетті шамада жуылып дезинфекцияланғаннан кейін бірнеше рет пайдаланылады. Бір рет қана қолданылатын түкіргіштер пайдаланылғаннан кейін енді іске жаратылмайды, жойылады. Түкіргіштің сыртына науқастың аты-жөні, туған жылы, қақырық жиналған күні, идентификациялық реттік саны жазылған этикетка жапсырылады. Әр сынамаға жолдама жазылады – 05 ТБ формасы.
Әрбір күдікті науқасқа қақырықтың үш сынамасын жасайды.
Бірінші сынама - пациент ауруханаға немесе емханаға таңертең келіп медицина қызметкерлерінің бақылауымен қақырығын жинайды, оған келесі күнгі қақырығын жинау үшін контейнер беріледі және ол өзбетінше жинап әкеледі.
Екінші сынама - науқас қақырықты келесі күні таңертең үйінде жинап, лабораторияға алып келеді.
Үшінші сынама - науқас қақырықты медицина қызметкерлерінің бақылауымен осы күні жинайды.
Қақырық бөгде адамдар болмаған жағдайда таза ауада медицина қызметкерінің жетекшілігімен және бақылауымен, ал осындай жағдай болмағанда, жақсы желденетін ауаны, ауаны тысқа тартып әкететін желдеткіші, кварц шамы бар оңаша бөлмеде жиналады.
Медицина қызметкері міндетті түрде маска, клеенкалы алжапқыш, резеңке қолғап киіп жүгізулері керек. Қолғапты жұмыстан кейін су қайнаған сәттен бастап 15 минут бойы 2 проценттік сода ерітіндісінде қайнатады.
Медицина қызметкері мынаны істеуге тиіс.
1) Пациентті тыныштандыруға, басу айтуға, тексеру жүргізу себебін түсіндіруге, сонымен қатар, қақырықты өкпенің неғұрлым терең бөліктерінен жөтеліп шығаруға керек екендігін,
2) Пациентке аузы ашық, сыртында оның аты-жөні және медициналық мекеменің атауы жазылған этикетка жапсырылған түкіргіш беруге,
3) Науқастың арт жағында тұрып, оған түкіргішті аузына жақынырақ ұстауды ішке 3 рет дем тартып алып, 3-ші демді ішке тарту соңында қатты жөтеліп, қақырықты түкіргішке түкіруін өтінуге
4) Қақырық жеткілікті мөлшерде (3-5 мл), жиналуына, оның құрамында сілекей емес қою іріңді бөлікшілердің болғанына деп есептелінеді және ол зарасыздандыруға жіберіледі.
5) Қақырық жиналған медицина қызметкерінің өзі түкіргішті қақпағымен нығыздап жабады, оны арнайы қалбырға немесе тасымалдауға арналған металды бикске салады.
6) Медицина қызметкері қолғап киген қолын сабындап жууы керек.
7) Пациентке таза түкіргіш береді және одан келесі күні де таңертеңгң қақырықты дұрыс жинауды, түкіргіштің қақпағын берік жауып, оны ауруханаға алып келуді өтінеді.
Жиналған қақырық бір тәулік ішінде зертханаға жеткізіледі, ерекше жағдайда тоңазытқыш жоқ болса оны медицина мекемесінде (құрғақ, салқын жерде) 2 күн ғана және тоңазытқышта 7 күн сақтауға болады. Қақырықты сақтау және тасымалдау үшін тоңазытқыш элементтері бар, арнайы контейнерлер, металды бикстер қолданылады. Қақырық бар түкіргіш салынған бикстерді тасымалдауға дейін тоңазытқыштарда сақталуы керек.
Қақырықты жеткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, медицина мекемесінде жақсы бекітілген жұғындылар дайындауға және оларды зертханаға жіберуге болады.
Себу қажеттілігі болса қақырық зарарсыздандырылған түкіргішке жиналады және бір тәуліктен аспайтын мерзімде ғана тоңазытқышта жасалынады.
Бактериоскопия әдісіне Циль-Нильсен бойынша бояу, флотация және люминисцентті микроскопия әдістері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет