Туралы әдістеме қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін


Кредиторларға хабарламаны қалай дайындайды?



бет3/5
Дата16.03.2023
өлшемі107,32 Kb.
#172680
1   2   3   4   5
Байланысты:
банкротство әдістеме

Кредиторларға хабарламаны қалай дайындайды?


Хабарлама жазбаша жасалып, оған борышкер қол қояды. Мұнан кейін оны жолдау керек.
Хабарламаны кредиторлардың өздеріне қолма-қол жеке беруге болады, оны хат арқылы жолдауға да болады. Дайын хабарламаны сканерлеп не суретке түсіріп алып, Кредитордың электронды поштасына жіберуге болады.


Хабарламаны қалай жолдайды?:


  1. Хабарламаны дайындау керек;

  2. Хабарламаны қағазға 2-дана етіп шығарып, қол қою керек;

  3. Хабарламаның 1-данасын Кредиторға жолдау керек.



Кредиторларға хабарламаны жолдаудың тәсілі қандай?:


  1. Хабарламаны қолма-қол апарып тапсыру;

  2. Хат арқылы жолдау;

  3. Кредиторлардың электронды поштасына жолдау.



  1. Соттан тыс банкроттық жүргізу рәсімі.


Банкроттық рәсімі Борышкер туралы мәліметтерді «Электрондық үкімет» веб-порталында орналастырған сәттен бастап басталады.


Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану Заңның 17-бабында белгіленген.


Банкроттық рәсімді жүргізу мерзімі қанадай?


Банкроттық рәсімі борышкер туралы мәліметтер «Электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған күннен бастап 6 алты ай жүреді.


Банкроттық рәсімнің мынадай салдары басталады:


  1. Арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өткен болып есептеледі;

  2. Арызда көрсетілген кредиторлардың борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуіне тыйым салынады;

  3. Арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) және сыйақыны есепке жазу тоқтатылады;

  4. борышкердің жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдауына (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) тыйым салынады;

  5. уәкілетті органның мемлекеттік органдар мен өзге де органдардан және ұйымдардан борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану алдындағы 3 үш жылға дейінгі кезеңдегі жалпы ортақ мүлкін қоса алғанда, мүлкі туралы ақпарат алуына борышкердің келісімі берілген деп есептеледі;

  6. борышкердің банктік шоттарынан кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне ақша өндіріп алуға жол берілмейді;

  7. соттардың борышты өндіріп алу туралы шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады (Заңның 22-б. 1-т.).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет