Кредиторларға хабарламаны қалай дайындайды?
Хабарлама жазбаша жасалып, оған борышкер қол қояды. Мұнан кейін оны жолдау керек.
Хабарламаны кредиторлардың өздеріне қолма-қол жеке беруге болады, оны хат арқылы жолдауға да болады. Дайын хабарламаны сканерлеп не суретке түсіріп алып, Кредитордың электронды поштасына жіберуге болады.
Хабарламаны қалай жолдайды?:
Хабарламаны дайындау керек;
Хабарламаны қағазға 2-дана етіп шығарып, қол қою керек;
Хабарламаның 1-данасын Кредиторға жолдау керек.
Кредиторларға хабарламаны жолдаудың тәсілі қандай?:
Хабарламаны қолма-қол апарып тапсыру;
Хат арқылы жолдау;
Кредиторлардың электронды поштасына жолдау.
Соттан тыс банкроттық жүргізу рәсімі.
Банкроттық рәсімі Борышкер туралы мәліметтерді «Электрондық үкімет» веб-порталында орналастырған сәттен бастап басталады.
Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану Заңның 17-бабында белгіленген.
Банкроттық рәсімді жүргізу мерзімі қанадай?
Банкроттық рәсімі борышкер туралы мәліметтер «Электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған күннен бастап 6 алты ай жүреді.
Банкроттық рәсімнің мынадай салдары басталады:
Арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өткен болып есептеледі;
Арызда көрсетілген кредиторлардың борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуіне тыйым салынады;
Арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) және сыйақыны есепке жазу тоқтатылады;
борышкердің жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдауына (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) тыйым салынады;
уәкілетті органның мемлекеттік органдар мен өзге де органдардан және ұйымдардан борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану алдындағы 3 үш жылға дейінгі кезеңдегі жалпы ортақ мүлкін қоса алғанда, мүлкі туралы ақпарат алуына борышкердің келісімі берілген деп есептеледі;
борышкердің банктік шоттарынан кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне ақша өндіріп алуға жол берілмейді;
соттардың борышты өндіріп алу туралы шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады (Заңның 22-б. 1-т.).
Достарыңызбен бөлісу: |