Турмаханова надира



Pdf көрінісі
бет1/54
Дата09.06.2023
өлшемі9,16 Mb.
#178536
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
1 ПЕДАГОГИКА, МЕТОДИКА, ПСИХОЛОГИЯ




ПЕДАГОГИКА
.
ӘДІСТЕМЕ

ПСИХОЛОГИЯ
.
ИМИДЖЕВАЯ.
 
 
 
УДК 378.147
ТУРМАХАНОВА НАДИРА, 
 
7М01503
-
Химия білім бағдарламасының магистранты, 2 курс.
НУРГАЛИЕВА ДАМЕН АУКИЛОВНА
,
ғылыми кеңесшісі,
доцент
Астана Халықаралық университеті, Астана қаласы,
Қазақстан Республикасы
 
 
ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМАЛАР 
– 
ЗЕЙІНДІ ҰСТАУДЫҢ БАСТЫ 
КЕПІЛІ
 
Ақпараттық технологиялар мен интернет дамыған заманда әрбір адамның 
зейінмен байланысты проблемалары бар. Миға күнделікті келіп жатқан 
ақпараттар легін толастату да мүмкін емес. Алайда, адамның миы ол ақпараттың 
бәрін қорытуға қауқарсыз. Күнделікті келіп түсетін мәліметтер әр түрлі тақырып 
пен форматты. Ми ойланып үлгермей жатқанда екінші бейне немесе афиша 
алдымызға шығады. Осының нәтижесінде, адамдарда клиптік ойлау жүйесі 
қалыптасып келіп жатыр. Ол дегеніміз ойлауымыздың қысқа ұзақтықтағы 
бейнелерден тұруы.
Ақпарат 5
-
10 секундта ауысып отырмаса, зейін шашырап, ақпарат 
қабылдаудан жалығып, келесі ақпаратқа өтіп кетеді. Мұның барлығы, әрине, 
мектеп оқушыларының оқу процесіне қатты әсер етуде. Сабақ барысында білім 
алушылардың зейінін сабақта 45 минуттың 30
-
40 % 
-
ында ғана ұстап отыруға 
болады. Осы тиімділікті арттыру үшін оқу процесіне интерактивті 
тапсырмаларды қосудың маңызы зор. 
Кілт сөздер

клиптік ойлау, назар, интерактивті тапсырмалар, зейін, зейінді 
шоғырландыру. 
Күннен
-
күнге заман қарыштап дамып, біз қабылдайтын ақпараттардың саны да 
сапасы да артып жатыр. Миға келетін ақпараттар легі тек ұйқы кезінде ғана 
толастайды. Одан басқа уақыттарда миымыз тоқтамастан жан
-
жақтан әртүрлі 
мағлұматтарды қабылдауда. Әрқайсысы әртүрлі формат пен тақырыпта. 
Мессенджерлер, теледидар, радио, ғаламтордағы жан
-
жағынан шығатын қалқымалы 
беттер, көшедегі жарнамалық баннерлер мен афишалар миымызға жан
-
жақтан 
шабуыл жасауда. Сонымен қатар, әр екі жыл сайын желідегі ақпарат көлемі екі есеге 
өсіп жатыр. Мұның барлығы біздің бір нәрсеге зейінімізді шоғырландыра алу 
қабілетімізді нашарлатуға айтарлықтай үлесін қосады.
Осыған байланысты Элвин Тоффлер «Клиптік ойлау» деген терминді ең алғаш 
рет қолданды және бұл термин қазір көп қолданысқа ие. Оның зерттеулері бойынша 
клиптік ойлау дегеніміз 
– 
адамның жаңа ақпаратты өте жарқын және қысқа 
бейнебаяндар арқылы қабылдау қабілеті. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, бұл 


8
тіпті ойлану деуге де келмейді. Адам ойланып үлгермей жатқанда келесі ақпарат 
немесе клип шыға келеді. Соңғы зерттеулерге сүйенсек, қазіргі Z ұрпағының зейінді 
ұстай алу ұзақтығы 8 секундқа дейін қысқарған. Егер осы уақыт аралығында ақпарат 
ілінбесе, онда адам оны жіберіп алады және ұмытып кетуі мүмкін. Жастар кітаптар 
мен газеттерге қарағанда бейне ақпаратқа көбірек көңіл бөлетіні сондықтан. Адамдар 
теледидар бағдарламалары, интернет және бейне арқылы ақпарат алуды артығырақ
көреді.
Ақпарат жеткізу көздерінің осылай қарқынды дамуының зиянды жақтары да бар. 
Ол ең алдымен 

зейіннің шоғырлана алмауы. Зейіннің нашар болуы үлкендердің де 
балалардың да ең басты мәселесіне айналған. Бір орында отырып кітап оқу, 
қимылсыз бес минут отыра алу, бірсарынды дәрісті бес минут бойы тыңдай және 
осыған ұқсас іс
-
әрекеттер біраз адамдарға қиындық туғызады. [1]
Білім саласына айтарлықтай әсер етіп жатқан факторлардың бірі де 
– 
білім 
алушылардың бір орында ұзақ отыра алмауы, сабаққа деген қызығушылығының 
жоқтығы және назарын жиі басқа жақтарға аударып әкетуі. Осыған байланысты 
ұстаздар әртүрлі жаңа әдіс
-
тәсілдерді қарастырып, қайтсек оқушының назарын 
аудара аламыз деп әлек. Өйткені әлемдік ақпарат құралдарымен де, өзгерістермен де 
күресуге шамамыз жетпесі анық. Қолымыздан келері 
– 
оқу процесін білім 
алушылардың ойлану және ақпаратты қабылдау ерекшелігіне қарай бейімдеу. 
Тақырыптың одан әрі ашылуы үшін Z және Альфа ұрпақтарының ақпаратты меңгеру 
ерекшіліктері мен олардың қажеттеліктерін қамтамасыз ету жолдары қарастырылды. 
Ол үшін осы жастағы жасөспірімдер мен балалардан алынған кері байланыс 
нәтижесінде осы оқушылардың дәстүрлі сабақ және интерактивті тапсырмаларға 
негізделген сабақ кездеріндегі зейінді ұстау ұзақтықтары салыстырылды.
Z және Альфа ұрпақтарына сабақты дәстүрлі форматта өткізу арқылы жаңа 
мәліметті беру біраз қиын. Бастапқы 5 минутта қабылдап отыруы мүмкін, бірақ одан 
кейін назар басқа жаққа ауа бастайды. Слайд арқылы түсіндіру арқылы да әрі кетсе 
ақпаратты визуалды түрде оңай қабылдайтын балаларға жеткізе алуымыз мүмкін. 
Көп балаларға міндетті түрде ұстап көру, әрі бері қимылдау, бейнеролик көру, 
анимациялық түрдегі ақпаратты берген жөн болады.
Осы орайда педагогикада 1960 жылдардан бастап таныла бастаған интерактивті 
тапсырмалардың орны ерекше. Бір
-
бірімен пікір алмасып, орындарынан қозғалып, 
миға шабуыл жасап және оқушылардың өздерінің тақырыпты өмірмен 
байланыстыруға тырысуы өте маңызды. Интерактивті тапсырмалар тек қана өткен 
тақырыпты бекітуге ғана емес, сондай
-
ақ жаңа мәліметті үйренуге де бағытталған. 
Педагогика қазір осы сынды тапсырмаларға бай: миға шабуыл, топтық талқылаулар, 
шығармашылық тапсырмалар, рөлдік ойындар, жұптық жұмыс, кейстар арқылы 
оқыту, дилемма шешу, жарыстар және тағы басқа. Тиімді интерактивті 
тапсырмалардың артықшылықтары мен қолдану нәтижесінде білім алушылардың 
бойында қалыптасатын қабілеттер зерттелді. Тәжірибе жүзінде арнайы тақырыптар 
мен интерактивті тапсырмалар таңдалып, анализ жасалды.[2]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет