Тєрбие теориясы


-тақырып .Тұтас педагогикалық процестегі оқыту



бет17/24
Дата28.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#133666
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
Лекция

16-тақырып .Тұтас педагогикалық процестегі оқыту
Дидактиканың теориясы мен міндеттері.
Жоспар:
1. Дидактикалық жүйе туралы, оған сипаттама
2. Дидактикалық категориялар
3. Дидактикалық негізгі тұжырымдамалар.
Негізгі ұғымдар: дидактика, дидактикалық категориялар, дидактикалық тұжырымдамалар.
Дидактика — педагогика ғылымының жетекші салаларының бірі. Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы болғандықтан оның негіздерін талдайды. Дидактиканың қарастыратын басты мәселелері: оқытудың заңдылықтары мен үрдістері (процесі), оның мақсаты, білімдендіру мазмұнының ғылыми негіздері, әдістемелері, оқытудың формалары мен құралдары. Ал жалпы педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері — барлық пәндерге ортақ және оның деңгейіне үйлесімді тәсілдері мен жолдары және оқытудың мақсатына қарай нені оқыту мен қалай оқытудың теориялық негіздері болып табылады. Сондай-ақ жалпы педагогика жеке пәндерді оқыту мен білім беру әдістерін қоса қамтып, яғни бастауыш мектеп, орта оқу орындары мен жоғары мектептерде білім беру жолдарын бірлікте зерттейді. Жинақтай айтқанда, жалпы педагогика жеке пәндерді оқытудың теориялық негіздерін білгізумен қатар, сол жүйеде жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйеніп нақты тұжырымдық қорытынды жасайды. Дидактиканың негізгі міндеті: біріншіден, оқыту үрдісін (процесін) түсіндіру, сипаттау және оны меңгеру мен жүзеге асыру жолдарын көрсету, екіншіден, оқыту үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын, амал-тәсілдерін, ең жаңа жетілген технологиялық жүйелерді білгізу.
Педагогика пәнін терең түсіну үшін оның дидактикалық категорияларын ұғыну керек. Ал дидактикалық категорияның бастау бұлағы — педагогикалық жүйе болып табылады. Сонда дидактикалық категорияның негізін айқындайтын құрылымы: білім беру, оқыту, мақсаты, мазмұны, міндеттері, дидактикалық үрдіс (процесс), әдістемелері, құралы, оқыту формасы, окытудың заңдылықтары, принциптері және оқытудың нәтижесі.
Дидактикалық жүйе негізінен теориялық және қолданбалы практикалық мәнде болғандықтан педагогика ғылымының аумағы кең, қамтитын деңгейі қарқынды сала болып табылады. Өйткені дидактика оқыту мен білім беру негіздерінің терең де жан-жақты болуына мән береді. Сондай-ақ оқыту үрдісін талдап, оның әрбір кезеңдері мен қарым-қатынас ерекшеліктеріне мән-мағына беріп, зерттеп, тұлғаны терең де тиянақты білімдендіру жолдарын нақтылайды. Мұнымен қатар оқу үрдісін жобалау, оның нақты мән-мазмұндық сипатын анықтау білімдендірудің негіздерін дәлді белгілеу мәселелерін қоса қамтиды.
Оқыту процесі педагогикалық-психологиялық тұжырымдамаларға негізделеді де содан бастау алады, сондықтан да қазіргі кезеңде дидактикалық жүйе немесе оқыту моделі деп аталады. Мұндағы басты ерекшелік оқытудың принциптерін, мақсатын, мазмұнын, оқыту құралдарын сипаттау. Дидактика саласында алуан түрлі жүйелер болған, оны саралай келгенде үш топқа топтастырған орынды: 1. Дәстүрлі жүйе. 2. Педоцентристік жүйе. 3. Қазіргі дидактикалық жүйе. Бұл жүйелердің әрқайсысының ұстаған бағыт-бағдары бар және теориялық ұстанымы оны өмірге әкелген ғалымдардың көзқарасына, көрсеткен жол-жобасына байланысты. Сонымен қатар оқыту үрдісі дидактикалық тұжырымдамадан туындайтын, содан бастау алатын және жүзеге асатын құбылыс. Топтастырылған жүйенің әрқайсысына тән басты сипаттары мыналар:
1.Дәстүрлік жүйеде оқыту, білім беруде мүғалімнің әрекеті шешуші роль атқарады. Дидактикалық бұл тұжырымдама педагогика тарихына Я.Коменский, И.Песталоцци және И.Гербарт арқылы өріс алды.
2.Педоцентристік жүйеде оқып, білім беруде мұғалімнің жетекшілік назары шәкірттің іс-әрекетіне бағдарланады. Бұл жүйе негізінен Д.Дьюиден басталып, еңбек мектептері саласында Г.Кершенштейнер арқылы, ал XX ғасырдың алғашқы кезеңіндегі мектеп реформасына байланысты В.Лаяның педагогикалық теориясы бойынша өркендеді.
3.Қазіргі дидактикалық жүйе — оқыту мен білімді меңгеру бірлікте қарастырылады. Демек, оқыту үрдісіндегі екі жакты іс-әрекеттің бір арнадан тоғысуы дидактикалық пәндік негізіне саналады. Ал қазіргі дидактикалық тұжырымдамада бірнеше бағдар бар. Олар мыналар: программалап оқыту, проблемалық оқыту, дамыта оқыту — бұл жүйенің бастаушылары П.Гальперин, Л.Занков, В.Давыдов т.б. когнитивтік психология (Дж. Брунер); Кеңестік жүйеде 80 жылдары етек алған ынтымақтастық педагогикасы мен педагогикалық технология.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтары
1.Дидактикадағы дәстүрлі жүйені сипатта.
2.Дидактика қандай мәселелерді қарастырады.
3.Оқыту процесі туралы түсіндіріңіз.
4.Оқыту заңдылықтары туралы.
5.Оқыту ұстанымы дегеніміз не?

Әдебиттер


1.Педагогика. Курс лекций. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003
2. Вульфов Б. З., Иванов Б.Д. Основа педагогики (в лекциях, в ситуациях, в первоисточниках) Уч. пособие – М., 2000.
3.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000
4.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999
5.Лихачев Б.Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 2000
6.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред. Т.Н. Пидкасистого-2010)
7.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010
8.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет