Тєрбие теориясы


-тақырып. Педагогикалық кəсіп пен іс-əрекеттің жалпы сипаттамасы



бет2/24
Дата28.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#133666
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Лекция

2-тақырып. Педагогикалық кəсіп пен іс-əрекеттің жалпы сипаттамасы

Жоспар:
1. «Іс-әрекет» түсінігінің жалпы сипаттамасы


2. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні
3. Педагогикалық іс-әрекеттің мотивациясы
4. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты
5. Оқытушы іс-әрекетінің мазмұны
Мақсаты: педагогикалық іс-әрекет туралы; мұғалімнің теориялық және практикалық іс-әрекетінің мәнің, мотивациясының, мақсатының, мазмұның ролі туралы білімді қалыптастыру.
Іс-әрекет біздің түсінігімізше, бір жағынан, ғылыми білімнің категориясы, адамдардың қоғамдық-тарихи болмысының спецификалық формасы, басқа жағынан, олардың бар болуы мен дамуының әдісі, табиғатты және әлеуметтік мақсатты бағытталған түрлендірілуі арқылы түсіндіріледі. Табиғат заңдарына қарағанда әлеуметтік заңдар ақиқаттың жаңа формалары мен қасиеттерін құрып, қандай да бір бастапқы материалды өнімге айналдыратын тек адам іс-әрекеті арқылы табылып жатады. Субъектпен орындалатын кез келген іс-әрекет мақсат, түрлендіру үрдісінің өзі және оның нәтижесін қамтиды (6-сұлбаны қараңыз). Болмыстың бір түрі мен адамның өмір сүру әдісі ретінде іс-әрекет:
– адам өмірінің материалдық жағдайларын құру, адамның табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыздандырады;
– адамның рухани дүниесінің даму факторы, оның мәдени қажеттіліктерінің жүзеге асырылуының шарты мен формасы болып табылады;
– адамның өзінің тұлғалық потенциалының жүзеге асырылуының, өмірлік мақсаттарға, табыстарға қол жеткізу саласы болып табылады;
– адамның қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде өзін өзі табу үшін, өзінің әлеуметтік қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;
– ғылыми таным, өзін өзі тану мен өзін өзі дамыту критериі мен көзі болып табылады;
– қоршаған әлемді тану мен түрлендіруді қамтамасыздандырады (Смирнов В. И. Общая педагогика в тезисах, дефинициях, иллюстрациях. М., 1999. С.165).
Іс-әрекеттің маңызды сипаттамалары болып табылатындар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет