Екінші деңгей «Мен өзім өзіме күш беремін» анадан тәуелсіз және өз мінез-құлқына бақылаудың суретіне байланысты балалық шақтың орта шеніне жауап береді.
Үшінші деңгей «Мен басқаларға әсер қалдырамын» енді авторитеттері жоқ, үнемі достарын ауыстыратын, сайысқа қатысуы басқа адамдардан артық болу мүмкіншілігімен анықталатын жасөспірімді сипаттайды.
Және де соңғы төртінші деңгей «Мен міндетімді орындағым келіп тұр» өмірін қандай да бір іске немесе белгілі бір әлеуметтік топқа қызмет етуге арнайы ересек адамға сәйкес келеді.
Әрине, педагогикалық іс-әрекет мотивациясын талдау үшін билік мотивінің дамуының соңғы деңгейі әсіресе қызығушылық туғызады. Н. А. Аминов педагогикалық іс-әрекетті таңдаудың мотивациондық негізінде билік мотиві әрқашан басқаларға бағытталғанын (білім арқылы көмек) арнайы ескертеді. Бұл педагогикалық іс-әрекеттің табыстылығын болжау үшін де маңызды. Көмек көрсету ретінде альтруистік немесе әлеуметтік мінез-құлық Н. А. Аминов бойынша басқа адамдардың әл-ауқатына мақсатты бағытталған кез келген әрекеттер түсіндіріледі. Бұл позиция басқа негізде және басқа терминдерде болса да, мотивацияның гуманистикалық берілуімен ұйқасып келеді.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты
Мақсат жалпы ғылыми мағынада мінез-құлық элементтерінің бірі, санада, ойлауда іс-әрекеттің нәтижесі, оған жетудің жолдары, әдістерін алдын сүйсіндіретін сипатталатын саналы іс-әрекеттің тікелей мотиві. Осылайша, компоненттер (1 мен 6) өзара байланысы мақсаттың анықтамасына қатысты және де бұл жағдай кері байланыстың сенімді құбылыстың пайда болуына әкеледі, оның бар болуы педагог іс-әрекетінің басқарушы құрамдас бөлігі жайлы сөз қозғауға мүмкіндік береді. Шынымен де, мақсатқа жетуге бағытталған педагог іс-әрекеті мақсатпен сәйкес келетін бір нәтижеге әкелуі керек. Тәжірибеде бұл бірден ешқашан бола қоймаған, яғни күтілетін мен пайда болғанның арасында әрқашан бір саңылау болады, және де оның өлшемі оқытушының кейінгі қимыл-іс-әрекетінің стратегиясын анықтайды. Мақсатқа жету үрдісі циклдық сипатта болып, мақсат пен нәтиже арасындағы айырмашылық едәуір өлшемге ие болғанша жалғаса береді.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты үйлесімді дамыған тұлғаны тәбиелеу мақсатын жүзеге асырумен байланысты пайда болады. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әртүрлі бағыттарда оқыту мен тәрбиелеу нақты есептерін шешу үрдісі кезінде орындалады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін, сондай-ақ қоғамдық дамудың негізгі бағыттарын ескере отырып, әрбір адамға әлеуметтік талаптардың жиынтығы ретінде құрылады. Мақсатқа оралған түрде, бір жағынан, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен тырысулар, басқа жағынан, әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылықтары мен күтулері бар. Тәрбиелеу мақсаттары мәселелерін зерттеуге үлкен күш жұмсаған әйгілі педагог А. С. Макаренко «үйлесімді тұлға», «адам-коммунист», және т. с. с. тәрбие мақсаттаының аморфты анықтамаларына қарсы шыққан.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын ол тұлға дамуы программасын құру мен жеке түзетулерде көрді.
Мақсатқұрушылыққа мұқият ғылыми ыңғай үшін В. П. Беспалько тұрды. Ол ПЖ-де (педагогикалық жүйеде – В. М.) жүйеқұрушы болатын мақсатқұрушылық пен тәрбиелілік элементі оны анықтау әдісіне байланысты барлық ПЖ-ның бүтінділік немесе борпылдақтық дәрежесіне әсер етеді деп санады. ПЖ дұрыс жұмыс істеу мақсаттарын құруға қажетті және жетерлік талап – олардың диагностикалығы, яғни білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына жету дәрежелерін анықтау үшін объективті қамтамасыздандырылуы.
Оқытушы іс-әрекетінің мазмұны
Мақсатқұрышылық оқытушы іс-әрекетіне оның кәсіби еңбегінің ажырамас бөлігі ретінде кіреді. Мақсатқұрушылық:
өз өмірін құрып, қазіргі заман мәдениеті мен өмір сүре алатын қазіргі адам тұлғасын дамытудың қандай да бір дәрежесіне жету объективті, әлеуметтік-психологиялық және мәдени қажеттілігін кәсіби тұрғыда ойластыру жүйесі;
мұндай адамның идеал бейнесін максималды дұрыс анықтамасын іздеу – бұл балалық шақтың тұлға дамуының мәні мен жекелік табиғатының тәрбиелеу мақсатын қабылдауды рұқсат ететін шаралар ретінде аналитикалық бағасы;
нақты бала бар болған нақты жағдайларды талдау жүйесі және қойылған тәрбие мақсаты мен мазмұнымен сәйкестендіру.
Оқытушылық іс-әрекеттің мазмұны дамудың негізі мен шарты болатын пәндік әлеуметтік-мәдени тәжірибені меңгеруге бағытталған оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үрдісі мен өзінің іс-әрекетін ұйымдастыру үрдісі болып келеді.
Оқытушы іс-әрекетінің құралдары:
негізі мен көмегімен оқушылар тезаурусы құрылатын ғылыми (теориялық және эмпирикалық) білім;
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1.«Іс-әрекет» түсінігінің жалпы сипаттамасы
2. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні
3. Педагогикалық іс-әрекеттің мотивациясы
4. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты
Әдебиеттер:
Менлибекова Г.Ж. Социальная компетентность, сущность, структура, содержание // Высшая школа Казахстана. — 2001. — № 4–5.
Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя // Педагогика. — 2001. — №
Трофимова Г.А. Формирование коммуникативной компетентности у будущих учителей в условиях педагогической практики в университете: Дис. ... канд. пед. наук. — Л., 1990. — 182 с.
Панина С.А. Становление профессиональной компетентности у будущих учителей иностранных языков // Высшее образование сегодня. — 2001. — № 3. — С.
Беспалов П.В. Компьютерная компетентность в контексте личностно ориентированного обучения // Педагогика. — 2003. — № 4. — С. 41–45.
Пугачев В.П. Руководство персоналом организации. — М.: Асп. Пресс, 2000. — 54 с.