Тєрбие теориясы


– тақырып. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде



бет8/24
Дата28.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#133666
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
Лекция

5 – тақырып. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде
Жоспар
1. Педагогика пәні және оның міндеттері.
2.Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым.
3. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының алатын орны, оның басты ерекшеліктері.
4.Педагогикалық ғылымдар жүйесі және олардың сипаты.
Негізгі ұғымдар: педагогика, педагогика пәні, педагогикалық жүйе, педагогика ғылымы.
Педагогика – тәрбие және білім берудің негіздері туралы пән. Осы саладағы іс-әрекет пен оның заңдылықтарын зерттеп, жүзеге асыру жолдарын таныстырады. Екінші сөзбен айтқанда, педагогика пәні – тәрбие туралы ілім және терминнің шығуы гректің paides – бала, ago – жетектеу, ал сөзбе сөз мәні «пайдагогос» - «бала жетектеу» ұғымынан бастау алған. Кейіннен «педагогиканың» мән-мағыналық ауқымы кеңейіп баланың өсу, өркендеу жолын түсіндіретін өнер ретінде танылып, оларды оқыту, тәрбиелеу арқылы рухани жетілуін білдіретін және оған бағдар беретін ұғымға ие болды. Осы түсінік ХХ ғасырдың орта тұсына дейін көрсетілген шеңберде шектелсе, соңғы жылдар ішінде танымдық деңгейін, ауқымын кеңейтіп, тек баланың ғана емес, ересек адамдардың мамандық саласындағы танымына жетекшілік ететін пәнге айналды.
Педагогиканың ең басты міндеті – адам тәрбиелеу туралы танымдық білім жүйесінде қол жеткен ұстанымды ғылыми тұрғыдан саралап, оның практикалық жолдары туралы бағдар нұсқау. Тәрбие мәселесі қай заманда болмасын күн тәртібінен түспейтін мәңгілік категория. Педагогика пәні – тұлғаның дамуын танып, білуді қамтамасыз ететін тәлім-тәрбиелік қарым-қатынасты білуге, меңгеруге, зерттеуге жол ашады, оқыту мен білім беру, өзін-өзі жетілдіріп, өрістетуге бағдар беріп, бұл саладағы тағылымдар мен оның әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Білім берудің игі тәжірибелерін, теориясын білдіру арқылы адамның рухани байлығын табиғат пен қоғамдағы қарым-қатынаста белсенділік танытып, шығармашылыққа бейімделуіне дем береді. Тұжырымдай келгенде педагогика - әрі ғылым, әрі өнер. Бір жағынан теориялық, екінші жағынан тәжірибемен қауышатын практикалық мәндегі пән.
Педагогика пәнін меңгеру мен зерттеудегі басты проблема:

  • Тұлғаның дамуы мен қалыптасу негізіндегі заңдылықтары және оған тәрбиелеу ықпалдарын ұғындыру.

  • Тәрбиенің мақсат, міндеттерін айқындау.

  • Тәрбиелік жүйенің мазмұнын талдап беру.

  • Тәрбие әдістерін, білім беру мен оқытуды зерттеу және оның тиімді тәсілдері мен жолдарын ашу.

  • Оқыту процесіндегі заңдылықтар мен әдістемелер және оған қойылатын басты талаптар.

Педагогика пәнінің негізі – тәлім-тәрбиелік іс-әрекет пен педагогикалық жүйе. Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуына әсер етуге бағытталған өзара бір-бірімен байланысты әрекет құралдары мен әдістері және тиісті процестегі ықпалдастығының көздеген мақсатқа орай ұйымдастырылуы – педагогикалық жүйе болып табылады. Педагогика ғылымында бір-бірімен тығыз байланысты педагогикалық жүйеде алты құрылым бар. Олар мыналар: 1.Оқушылар; 2.Тәлім-тәрбиелік мақсат; 3.Оқыту; 4.Тәрбиелік мазмұн; 5.Дидактикалық процесс; 6. Мұғалім. Педагогикалық жүйенің бағдарлық негізі қоғамның мақсатына, білім-тәрбие беретін мекеменің мүддесіне, оқытылатын пәннің талабына үйлесімді құрылады.
Тәрбие - әрбір болашақ ұрпақтың қоғамдағы өз орнын табуы үшін өткен ұрпақтардың жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру. Адамзат қоғамының дамуына қарай, тәрбиенің мазмұны мен әлеуметтік маңызы арта түседі. Еңбек түрінің жіктелуіне қарай, “тәрбиенің” қызметін жүзеге асырумен байланысты, онан кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балаларға әлеуметтік тәжірибені меңгерту үшін, оларды тәрбиелейтін тәрбиеші, мұғалім керек болды.
Педагогика - қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асыратын ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет, объективтік шындықтың барлық қырлары, педагогиканың обьектісі болады.
Педагогика пәні – индивидтің (биологиялық жан иесінің) өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеруі, оқу және оқудан тыс уақыт бірлігіндегі - біртұтас педагогикалық процесс болып табылады. Ұстаздар оқушыларға әлеуметтік тәжірибенің мазмұнын меңгерту іс-әрекетін ұйымдастырушы болып табылады. Тұлғаның қалыптасуы - олардың белсенді танымдық әрекетпен қарулануына байланысты.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


1.Педагогика нені зерттейді?
2.Сіздің ойыңызша педагогика ғылымының объектісі болып не саналуы керек?
3.Педагогика қандай міндеттерді шешеді?
4.Педагогикалық ғылымдар жүйесін сипаттаңыз.
5.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының негізгі түрлері қандай?
6.Педагогика деген не: ғылым ба, әлде өнер ме?
7.Педагогиканың негізгі категорияларының қарым- қатынасы.
8.Педагогика ғылымының қызметтері: теориялық, практикалық және прогностикалық.
9.Қазіргі заман мұғаліміне педагогика ғылымы не береді

Әдебиеттер


1.Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003
2. Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2006
3.Дайрабаев Е. Педагогиканың жалпы негіздері. Алматы, 2005
4. Құрманалина Ш. Педагогика. Астана, 2010
5.Коджаспирова Г.М. Педагогика – М., Кнорус. 2010
6.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000
7.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999
8.Лихачев Б.Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 1995
9.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред. Т.Н. Пидкасистого-2010)
10.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010
11.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет