Түзеткіштер, сүзгілер



Дата20.03.2020
өлшемі13,45 Kb.
#60483
Байланысты:
радио

9-апта

ОЖСӨЖ: Түзеткіштер, сүзгілер

Электрондық құрылғыларда, аппараттарды қоректендіруге қажетті  тұрақты тоқ көзін алу үшін түзеткіштік құрылғылар қолданылады. Осындай айнымалы тоқ энергиясын тұрақты  тоқ энергиясына түрлендіретін құрылғылар қоректену көздері деп аталады. Қоректену көзініің негізгі түйіні болып, айнымалы тоқты немесе керенуді тұрақты шамаға түрлендіретін түзеткіш есептелінеді. Түзеткіштерде вентильдердің, яғни өткізгіш диодтардың, вакумдық диодтардың (кенотрондардың) , селендік түзеткіштердің және т.б. біржақты өткізгіштіктері пайдаланылады. Электрондық және радиотехникалық аппаратура көбінесе бірнеше ондаған және жүздеген вольт кенреулердегі бірнеше жүз милиамперге дейінгі тоқтармен қоректенеді. Оларды алу үшін көп жағдайда бір фазалы кішкене қуатты түзеткіштер схемалары қолданылады. Ал аса қуатты тұрақты тоқ қондырғыларын қоректендіру үшін қуатты үш фазалы тоқ түзеткіштері қолданылады.Түзеткіш айнымалы электр тогын тұрақты тоққа түрлендіретін құрал. Әдетте, токты түзету — ток тек қана бір бағытта өтетін вентильмен іске асырылады. Электрлік сүзгі деп кірістік электрлік сигналдан жиіліктері белгілі бір жиілік жолағында жататын гармоникалық құраушыларды өткізу және жиіліктері осы жолақтан тысқары жататын гармоникалық құраушыларды жою үшін арналған құрылғыларды айтады. Өткізу жолағының шекарасында жататын жиілік қию жиілігі деп аталады  fc. Сұлбаның күрделілігінен тәуелсіз сүзгілер екі негізгі типке бөлінеді: активті және пассивті. Пассивті сүзгілер — бұл не болмаса негізінен төмен немесе дыбыстық жиіліктерде қолданылатын RC сүзгілер, не болмаса жоғары жиілікте қолданылатын LC сүзгілер. Активті сүзгілер — бір немесе бірнеше активті компоненттер болатын аналогтық электрондық сүзгілердің бір түрі, мысалы, транзистор немесе операциондық күшейткіш.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет