Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word-та кесетмен жұмыс
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы
Уақыты: 90 мин
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: ақпараттық, оқытудың компьютерлік, дамыта оқыту, бақылау, бағалау, деңгейлеп оқыту және интерактивті технология
Сабақтың педагогикалық мақсаты:
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;
Интерактивті технология әдісі мен электронды оқулықты қолданудың маңыздылығын көрсету;
Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;
Ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту;
Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;
Мамандығына деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімді қалыптастыру, студенттерді білімнен хабардар етіп қана қоймай, тың мәліметтер беріп, алған білімдерін MS Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктерін үйрету.
Дамытушылық: Жеке тұлғаны, жалпы қабілеттерін, талдау, салыстыра білу, негізгісін ажырата білу, керек компьютерді дұрыс қолдана білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Студенттерді компьютермен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Студенттерді колледждің техникалық құрал жабдақтарын және дүние-мүліктерді ұқыптап ұстауға үйрету. Шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге қалыптастыру. Ұжымдық ауызбіршілікке баулып, шағын топта жұмыс істеуге үйрету. Дүниетаным шеңберін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Кәсіптік қасиеттерін қалыптастыру
Қасіптік қасиеттер
|
Сабақтың әр түрлі кезеңдерінде оларды қалыптастыру мүмкіндіктері
|
Жинақылық, ұйымдастырушылық сезімі, ұқыптылық
|
1 кезең
6 кезең
|
Тәртіптілік, орындағыштық
|
Сабақтың барлық кезеңінде
|
Жауапкершілік, ұқыптылық, зейін қою, байқағыштық, коммуникативтік қабілеттер, мұқият болу, талдай білу және жалпылау, қарым-қатынас мәдениеті, шлогикалық ойлау, орындағыштық
|
Сабақтың барлық кезеңінде
|
коммуникативтік қабілеттер, мұқият болу
|
4 кезең
5 кезең
|
мамандығына қызығушылық
|
4 кезең
7 кезең
|
Сабақтың жабдықталуы:
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен құрал жабдықтар:
Слайдтар;
Электронды оқу құралы;
Үлестірме материалдар:
Интерактивті тақтадан тапсырмалар;
Компьютерден тапсырмалар;
Оқытудың техникалық тәсілдері:
Компьютер;
Интерактивті тақта;
CD, DVD дискілер.
Әдебиеттер:
Әдебиеттер:
Негізгі:
1.Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
/ Авт, ұж: Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева, Б.Ғ.Бостанова / Оқулық – Алматы 2014, 352 бет.
2. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық , Сапарғалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А., Астана, 2014 ж.
3. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық Сапарғалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А., Астана, 2014 ж.
4. Информатика Михеева Е.В., Титова О.М. М. Изд.центр «Академия» 2013 г.
5. Компьютерлік желілер: Оқу әдістемелік кешен, Алматы. Нур-принт, 2012-144 бет.
6. Информатиканың элементтері Ермеков Н.Т. Астана, Фоллиант 2007 ж.
7. Windows 7 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға оқу құралы. Microsoft Excel –зертханалық оқу құралы, Балафанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.
Қосымша:
1. Стив Джонсон Windows Office 2007. Пресс 2009 г.
3. Алексеев А.П. Солон Информатика. 2002 г.
4. Соловьева Л.Ф. Информатика в видеосюжетах. Петербург 2002 г.
5. Праффенберген Б. Эффективная работа с Ms Internet Explorer. Санкт-Петербург 1998 г.
WEB сайттар тізімі
1. algorifm@mail.kz
2. infojournal@mail.ru
3. e-gov@mail.kz
4. Ustaz@ mail.kz
5. www. Google.ru
Кәсіптік модуль білімін игеру нәтижесіне қойылатын талаптар
БҚ-1
|
Оқу
|
|
БҚ-1.1
|
Өзін-өзі дамыту: ұзақ мерзімді жоспарлау машықтарды игерген, кәсіпке және өзінің әлеуметтік міндеттеріне тұрақты, оң көзқарас қалыптасқан
|
|
БҚ-1.2
|
Ақпарат: ақпаратты жинайдыжәне талдайды, білімін практикада қолданады.
|
|
БҚ-1.3
|
Компьютерлік технология: жұмысында және өзін дамыту барысында қазіргі ақпараттық білім алу технологияларын қолданады
|
БҚ-2
|
Этика
|
|
БҚ-2.1
|
Қоғамдық өнер: қоғамдық өмірге белсене қатысады.
|
|
БҚ-2.2
|
Этикалық қағидаттар: кәсіптік этикалық құндылықтарды дәріптейтін, әлеуметтік-мәдени диалогқа дайындығын көрсетеді.
|
|
БҚ-2.3
|
Эстетика: жұмыс ортасының эстетикасын сақтайды және бағалайды.
|
БҚ-3
|
Коммуникациялар және командада жұмыс жасау
|
|
БҚ-3.1
|
Коммуникативтік дағдылар:
Жағдайды ескере отырып, әртүрлі адаммен тиімді қарым-қатынас жасай алатынын көрсетеді.
|
|
БҚ-3.2
|
Командада жұмыс жасау: әртүрлі командада жұмыс жасай отырып, жауапкершілігін көрсетеді.
|
Студент білуі керек:
MS Word-та кесте құруды, кесте құру әдістерін;
Ұяшықтарды ерекшелеу, біріктіру, бөлу, бағана, қатар қосу;
Кестені, қатарды, бағанды, ұяшықты өшіруді;
Кестеге бағана, қатар қосу;
Құрылған кестені автоформатты және кестелер мен шекаралар тақтасын пайдаланып безендіру
Студент істей алуы керек:
MS Word-та кесте құруды, кесте құру әдістерімен;
Ұяшықтарды ерекшелеуді, біріктіруді, бөлуді, бағана, қатар қосуды;
Кестені, қатарды, бағанды, ұяшықты өшіруді;
Кестеге бағана, қатар қосумен;
Құрылған кестені автоформатты және кестелер мен шекаралар тақтасын пайдаланып безендіруді істей алуы керек
Пәнішілік байланыс:
Тақырып 1.1. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Техникалық қауіпсіздік ережесі;
Тақырып 5.1.Microsoft Word 2013-мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік;
Тақырып 5.1.Microsoft Word 2013-та құжаттарды құру және форматтау;
Тақырып 5.2. Microsoft Word 2013-та құжаттарды құру және форматтау
Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер)
Қамтитын пәндер:
Орыс тілі «Сөздікпен жұмыс»
Ағылшын тілі «Сөздікпен жұмыс»
Математика «Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар» «Жазықтықтағы түзулер»
Қамтылатын пәндер:
Мейіргер ісі негіздері «Пациент пен қызметкерге арналған қауіпсіз ауруханалық орта»
Саясаттану және әлеуметтану «Саяси прогресс және саяси қызмет»
Медициналық биофизика «Рентген сәулесі»
Сабақ жоспары
|
Сабақ кезеңдері
|
Мақсаты
|
Қызметті сипаттау
|
Уа
қы
ты
|
Жабдық
талу
|
оқытушы
ның
|
студенттің
|
1
|
Үйымдастыру сәті
|
Сабаққа дайындығын ұйымдастыру, жұмыс көңіл-күйді қалыптастыру
|
- Студенттермен амандасу;
- Аудиторияның дайындығын, студенттердің сыртқы көрінісін тексереді;
- Сабақтың жаб-дықталуын, оқу-лық, жұмыс дәп-терлердің түгел-дігін тексереді;
- Келмеген студенттерді белгілейді.
|
- Оқытушымен амандасу;
- Кезекші келмеген студенттердің аты-жөнін, сабаққа келмеу себебі туралы ақпарат береді.
|
5 мин
|
Топ журналы, студенттердің оқулықтары, дәптерлері, сабаққа қажетті көрнекі құралдар, техникалық құралдар
|
2
|
Студенттердің өткен тақырып бойынша білімін бағалау
|
Студенттердің өткен тақы-рып бойынша білімін, тақы-рыпты игеру денгейін анықтау.
|
- Студенттердің білімін ауызша сұрау;
- Студенттердің білімін тестілеу арқылы бағалайды.
|
-Ауызша сұрақтарға жауап береді;
-Тест сұрақтарына жауап береді
|
20 мин
|
№1 Қосымша,
№2 Қосымша
|
3
|
Жаңа тақырыпқа мотивация
лық сипатта-ма беру, сту-денттерді са-бақтың жоспарымен, мақсаттары-
мен таныстыру
|
Тақырыптың маңыздылы-ғын ашу
|
- Оқытушы сту-денттерді жаңа тақырыпты хабарлап, оның информатикадағы орнын түсіндіреді;
- Студенттерді сабақтың мақсат-тарымен таныс-тырады;
- Студенттердің көңілін тақырып-тың маңыздылы-ғына аударады;
- Пәнаралық байланыстар схемасын түсіндіреді.
|
-Тақырыппен, сабақ мақсатымен танысады;
-Тақырыптың өз мамандығындағы маңыздылы
ғын анықтайды.
|
5 мин
|
№3
Қосымша
/слайд/
|
4
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру
|
Тақырып бой-ынша сту-денттердің білімін кеңей-ту, болашақ кәсібіне бағ-дарлау, ақпа-рат көздері-мен жұмыс жасауға бағдар беру, сөздік қорла-рын байыту, логикалық ойлау ж/е шығармашы-лық қабілет-терін дамыту, топпен жұмыс істегенде ком-муникативті дағдыларын қалыптастыру
|
- Жаңа тақырыптың терминдерімен таныстыру;
- Жаңа тақырыпты түсіндіру;
- Ақпарат көздерімен жұмыс жасауға бағдар беру.
|
-Оқытушы-ның айтқанын тыңдау;
- Жаңа тер-миндерді ұғыну;
- Қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазады.
|
15 мин
|
№4 Қосымша
/интерактивті тақта/
|
5
|
Жаңа тақырыпты пысықтау
|
Студенттердің жадыда сақтау қабілетін, зейінділігік дамыту, қарым-қатынас мәдениетін дамыту
|
- Оқытушы интерактивті тақтада дайындалған тапсырма береді;
- Оқулықтан тапсырма береді;
- Тапсырмаларды орындау жолын түсіндіреді.
|
Интерактивті тақтада, оқулықтан берілген тапсырмаларды топпен де, жеке де орындайды
|
35 мин
|
№5 Қосымша
|
6
|
Бағалау және қорытынды
лау
|
Алған матери-алды жинақ-тап қорытын-дылау
|
- Сабақтың барлық кезеңіне қысқаша тоқталып, қорытындылайды
-Студенттерге өзін-өзі бағалау қағазын таратады;
- Өзін өзі бағалау парағын жинайды.
Жақсы орындаған тапсырмаға пікірін айтады.
|
- Таратылған өзін-өзі бағалау парағын толтырып оқытушыға береді;
- Өз пікірлерін ортаға салады.
|
5 мин
|
№6 Қосымша
/интерактивті тақта/
|
7
|
Үйге тапсырма беру
|
-Студенттердің келесі сабаққа дайындығын қамтамасыз ету.
- Сабақтың аяқталғанын хабарлау және кезекшілерге тапсырма беру
|
Студенттерге білуі керек болған сұрақтарды, игеруі қажет болған тапсырмаларды, әдебиеттер тізімін хабарлайды
|
-Үйге тапсырманы жазады;
-Жұмыс орнын тәртіпке келтіреді.
|
5 мин
|
№7,8 Қосымша
|
№1,2 Қосымша
Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау
а) Студенттерден ауызша сұралатын сұрақтар:
1-cұрақ. Пішімдеу дегеніміз?
Жауабы: Пішімдеу деп – мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтамыз. Құжатты пішімдеу құжатты құру кезінде немесе одан кейін де жүзеге аса береді. Бірақ құжатты баспаға жібермей тұрып пішімдеу керек.
2-cұрақ. Мәтiндi құжат ашу үшін қандай командаларды орындаймыз?
Жауабы: Мәтiндi құжат ашу үшiн "Іске қосу" батырмасын шерту керек, ашылған бас мәзiрде құжаттар тармағын таңдап және керек болатын файлдың пиктограммасында екi рет шертіп ашу қажет. Егер Word-тың бағдарламасының терезесi ашық болса, онда тиiстi құжатты ашуы үшiн "Office" белгішесінен Ашу командасын таңдап, "Құжатты ашу" сұхбат терезесi ашылады. Бұдан әрi сұхбат терезеде тиiстi файл таңдап және Ашу батырмасын шерту керек. Қосымшалар терезесiнде жоғарыда айтылған әсерлердiң нәтижесінде тиiстi құжат пайда болады.
3-cұрақ. Құжат бойынша орын ауыстыру (алдын ала көру) үшiн қолдануға болады
Жауабы:
тiк және көлденең айналдырудың жолақтары;
Home, End, PageDown, PageUp пернелері немесе пернелер жиындарын (мысалы,
Ctrl+Home);
тінтуірдің манипуляторының дөңгелегi.
4-cұрақ. Word 2013 құжатты құру және сақтау үшін қандай командаларды орындаймыз?
Жауабы: Microsoft Office Word 2013 жаңа интерфейстегi кәсiби ресiмделген құжаттарды құру үшiн кең құрал-саймандар жиынындарына ие, оны Microsoft Office Fluent деп аталған. Таспа қыстырмаларында орналастырылған командалар - бұл интерфейстiң негiзгi аспабы. Word 2013 құжаттардың әр түрлi түрлерiн құруға болады.
5-cұрақ. Құжатты жабу үшін қандай командаларды орындаймыз?
Жауабы: Құжаттың бiр уақыттағы жабуы үшін Word қосымшасының терезесінің атау жолының оң жақ бұрышында Жабу батырмысын шерту керек. Қосымшаның ашық терезелерін айқара ашылған күйде немесе алдын ала көру тәртібінде де жабуға болады (егер ДК-де Windows 7-шi операциялық жүйесі орнатылған болса). Егер қосымшасының терезесiн қалдырып тек қана ашық құжатты жабу керек болса, онда "Office" мәзiрін шертіп, Жабу команданы таңдау керек.
6-cұрақ. Word 2013 қосымшада құжаттардың кеңейтуі қандай?
Жауабы: Word 2013 қосымшада құжаттардың кеңейтуi - docx
7-cұрақ. Құжатты баспаға шығару үшін қандай командаларды орындаймыз?
Жауабы: Егер құжатты баспаға шығарудан бұрын оған өзгерістер енгізу керек болса, онда Office/Баспа командасын орындаймыз. Баспаның сұхбат терезесі пайда болады, онда принтердің қажет түрін, нешінші бет, неше көшірме және т.б. өзгерістерді таңдап құжатты баспадан шығаруға болады. Алдын ала көру тәртібі көмегімен топтардың қажет батырмаларына шертіп бірнеше командаларды орындауға болады: Баспа, беттердің параметрлері, Масштаб және Көру. Алдын алу көру тәртібінен шығу үшін "Алдын ала көру терезесін жабу" батырмасын басу қажет.
8-cұрақ. Word 2013 құжаттардың көру тәртiптерi атқарылатын есептерге байланысты құжаттардың қандай көру тәртiптерiн білесіңдер?
Жауабы: Word 2013 құжаттардың көру тәртiптерi атқарылатын есептерге байланысты құжаттардың әр түрлi көру тәртiптерiн таңдауға болады:
Беттiң белгiсi;
Оқу тәртiбі;
Веб-құжат;
Құрылымды;
Жобалы.
9-cұрақ. Символдарды пішімдеудің ең жылдам тәсілдерін ата?
Жауабы: Символдарды пішімдеудің ең жылдам тәсілі Бас стандартты кiрiстiрiлген қыстырмада орналасқан
Ж «жартылай қарайтылған» (белгіленген мәтін жартылай қарайтылған символдармен рәсімделеді).
К «курсив» (белгілегенді курсивпен безендіреді).
Ч «асты сызылған» (белгіленгенің астын тұтас сызықпен сызады).
10-cұрақ. Файлдың жаңа пішімі қандай?
Жауабы Файлдың жаңа пішімі Microsoft Office Open XML жаңа пішіміне негiзделген (мұнда, XML - Extensible Markup Language).
б) Студенттердің білім деңгейін тестпен бақылау
І-нұсқа
1. Пішімдеу деп –
Құжаттарды сақтау
Жаңа құжат ашу
Құжатты жою
Кірісітіру
мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша
жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді
2. MS Word редакторында мәтін енгізгенде жаңа жолға өту реті:
төменге қараған бағыттауышы бар пернені басу қажет
Enter пернесін басу керек
тышқан меңзерімен келесі жолды көрсетіп, мәтінді енгізуді жалғастыру керек
меңзерді келесі жолға апарып, мәтінді енгізуді жалғастыру
мәтін енгізуде жаңа жолға өту автоматты түрде орындалады
3. MS Word бағдарламасында Қаріп (Шрифт) командасы орналасқан мәзір:
Бас
Кірістіру
Сілтеме
Түр
Пішім
4. Microsoft Word-та алмасу буферіне кескінді тасымалдау (кесіп алу) келесі пернелер арқылы орындалады:
Ctrl + D
Ctrl + C
Ctrl + L
Ctrl + X
Ctrl + V
5. MS Office мәтіндік редакторы қалай аталады?
MS Power Point
MS Excel
MS Access
MS Outlook
MS Word
6. Бүкіл құжатты белгілеу үшін қандай командаларды орындаймыз?
Ctrl+О
Ctrl+S
Ctrl+N
Ctrl+C
Ctrl+A
Пернетақтадағы мына батырма қандай қызмет атқарады?
курсив
астын сызу
жартылай қарайтылған
пішімді жою
пішімді көшіру
Достарыңызбен бөлісу: |