Уалибековна


Химия оқулықтары мен оқу құралдарының құрылымы және білім берудегі орны



бет22/39
Дата11.05.2022
өлшемі3 Mb.
#142377
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
Disser

Химия оқулықтары мен оқу құралдарының құрылымы және білім берудегі орны.


Әр уақытта да оқулықтың мазмұны мен құрылымы қоғамның дамуына және білім беру ісіне қойылып талабына сай құрылады. Оқулық құрылымы оны құрайтын элементтер мен оның оқыту үдерісіндегі қызметіне байланысты ӛзгереді. И.Я.Лернер оқулық құрылымын элементтерге бӛлуді оқыту үдерісінің мақсатын орындауға қатысты атқаратын қызметтеріне сәйкес жүргізеді деген болатын [115].
Қазақстанда оқулықтану мәселесімен жүйелі түрде айналысып жүрген ғалымА.Құсайынов оқулықты құрастыру мәселесіне тоқтала отырып, «Білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бӛле жара қарауға болмайды. Сонымен қатар, ондағылым мен техниканың, педагогиканың соңғы жаңалықтары да барынша ескерілуге тиіс »- дейді[40]. Оқулық мазмұны ең бірінші кезекте берілетін білім мазмұнын саралау, екіншісі, берілген материалдың мазмұны оқушылардың атқаратын іс-әрекеттерін іске асыруға бағытталуы. Оқулықтың үшінші элементі оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін тәрбиелеуге бағытталуы. Оқушылардың шығармашылық іс- әрекеттері оқулық бойындағы қойылып отырған жаңа проблеманы кӛре білу, оны шешу жолында бұрын меңгерген білімін ӛз бетінше жаңа жағдайда қолдану және оны қазіргі таңдағы ғылым жетістіктерімен байланыстыра білу.
Қазіргі қоғамның даму қарқыны мен білім беруге қойылып отырған талаптар, оқулықтың құрылымдық мәселесін ӛте жауапты деңгейге кӛтеріп отыр. В.П.Беспалько «ақпарат тасқынының үдей түсіп, бірін-бірі тез алмастырып, ғылыми- технологиялық процесс қарқындап дамып жатқан қазіргі заманда оларды мектепке бейімдеу оңайлықпен орындалатын іс еместігі белгілі» - дейді [116]. Сондықтан да, қазіргі таңда мектеп оқулықтарының, оның ішінде химиядан білім берудің бастамасы болып есептелетін бейорганикалық химиядан оқулық мазмұныны құрылымы жылдан-жылға жаңарта қарастыруды керек ететіні белгілі.
Мектеп оқулықтарының мазмұнына және оның құрылымдық жүйесіне қай заманда да алдыңғы қатарлы зиялы қауым кӛңіл аудармай ӛткен емес. Мәселен, оқулықтардың құрылымдық мәселелеріне орыс ғалымдары:
М. П. Погодин В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбовтер де баса назар аударған.
Оқулық құрылымы мәселелері ертеден-ақ, Н. К. Крупская сияқты озық ойлы қайраткерлерді толғандырған. Н. К. Крупскаяның пікірінше, оқулықта сабақ ұйымдастыруға кӛмектесетін мына тӛменде аталған элементтер болу керек:

  1. Пән тақырыптарының жекеше атаулары;

  2. Осы ғылымның негізін кӛрсететін қосымша, сілтемелердің болуы; 3.Әрбір тараудан кейін оқушыларға арналған сауалнамалардың берілуі;

  1. Оқулық мазмұнын жеке тақырыптарға бӛлу;

  2. Оқытушылар мен оқушыларға арналған қосымша анықтамалардың болуы;

  3. Алдын ала мұғалімдерге арналған нұсқауының болуы; 7.Суреттер, карталар мен диаграммалардың берілуі;

8. Иллюстрациялардың жеткіліктігі; 9.Шешуін табуға тиісті мәселелер тізімі;

  1. Мағынасын, мәнін ерекшелеп кӛрсететін типографиялық әртүрлі тәсілдер.

  2. Тақырыпқа керекті жаттығулардың берілуі.

Н. К. Крупская ӛзінің кӛптеген еңбегінде оқулық бойынша оқушының танымдық қызметін ұйымдастыратын, оқу кітабын пайдалануға кӛмектесетін, арнайы сәттерді енгізу қажеттілігі туралы пікірлерін ашық айтады[117]. Қазіргітаңда оқулықтарды дайындау және басып шығару практикасын терең теориялық негіздеу міндеттері, болашаққа арналған оқулықтың тиімді моделін іздеу оқулықтардың құрылымын талдаудың жаңа тәсілін талап етеді.
Оқулықты құру күрделі әрі кӛп функционалды жүйе екендігін жоғарыда кӛрсетіп ӛткенбіз. Сонымен қатар, біздің тоқтағалы отырғанымыз орта мектепке арналған химия оқулығы туралы болғандықтан, бұл пәннің ӛзіндік ерекшеліктеріне байланысты жалпы талаптармен қатар, осы пәнге ғана тән талаптардың қойылатынын да айта кетпекпіз.
Оқулықтың құрылымдық компоненті дегеніміз – сол оқулықтың басқа компоненттерімен (олармен бірлесіп бүтін жүйе құрайды) тығыз ӛзара қарым-
қатынаста болатын қажетті құрылымдық блок (элементтер жүйесі), Құрылымдық жүйенің әр бӛлігінің белгілі бір формасы бар және ӛз қызметтерін ӛзіне ғана тән құралдар арқылы іске асырады.
Химия оқулығының атқаратын дидактикалық қызметтеріне байланысты оның құрылымының да ӛзіндік ерекшелігі бар. Бұл оқулықтағы тақырыптар бойынша берілетін материалдардың ең алдымен ғылымилығы болса, сол ғылымилық жүктемені тереңдете түсетін химия ғылымына байланысты қазіргі таңда қол жеткен жаңалықтарды да толық қамтуға кӛңіл бӛлу. Сонымен қатар, оқулық мазмұны оқушыларды химиялық біліммен қаруландыру, дамыту және тәрбиелеуді ескеру арқылы оның оқушылардың белсенді танымдық қызметін ынталандыруға, ӛзіндік жұмыс атқаруға керекті материалдарды қамтуын да қарастыру. Оқулықта берілген әрбір тақырып оқушылардың ӛзіндік іс-әрекетін және оны орындаудың әдіс-тәсілдерін үйретуге, білімді қолдану мен кӛбейтуді ӛз бетінше жұмыс атқару шеберлігі мен дағдысын дамытуға және қалыптастыруға ықпал ететіндей деңгейде берілуі кӛзделеді[118].
Бейорганикалық химия оқушыларға химия ғылымының негізін алғашқы рет жеке пән ретінде ұсынатын болғандықтан, оның мазмұнына ғылыми деректер, ұғымдар, теориялар мен заңдар енеді. Сонымен қатар, химиялық элементтер және олардың қосылыстары туралы оқушыларға ғылыми негіздегі материалдар ұсынылады. Бұл мәліметтердің бәрі мәтін түрінде беріліп, оның мазмұны түрлі ғылымаралық және химиялық терминдерді, таңбаларды, номенклатуралық атауларды, символдарды қолданып берілетін химиялық тіл арқылы жеткізіледі. Бұларды қолдануда берілетін ғылыми ұғымның жүйелілігі, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі, ғылыми ұғымдардың бір-бірімен байланыстылығы ескеріледі. Оқулықтың ғылыми бӛлімінің ерекшелігіоны оқып меңгеру барысында оқушылар химия ғылымының теориялық негізінен ұғым алумен қатар, оның практикалық маңызын да түсінеді. Практикалық маңызын меңгеру оқулықтағы мәтінге қосымша берілген мәтіннен тыс компонентердің кӛмегімен жүзеге асады. Осы тұста мәтін мазмұнын ӛмір тәжірибесімен және күнделікті ақпараттармен байланыстыру мүмкіндігі туады. Бұл айтылып отырған мәселелерді шешу үшін мәтіннен кейін берілетін деңгейлік тапсырмалар, проблемалық сұрақтар, түрлі жаттығулар мен есептерді ӛз мәнінде қолдана білу қажет. Сонымен қатар, мәтін мазмұнын толықтыра түсетін кӛрнекіліктердің де мәні зор. Бұл кӛрсетіліп отырған мәтінге қосымша элементтер мәтін мазмұнын толықтырып қана қоймай, олар арқылы оқушылар дербес, жұптық және топтық жұмыстар орындайды. Сонда ғана оқушылардың теориялық материалды саналы меңгеруі іске асады. Оқулықтың ғылыми негізі арқылы оқушылардың дүниенің біртұтастығы туралы бастауыш сыныптарда алған ұғымдары тереңдеп, нақты қалыптаса түседі.
Химия пәнінің оқулығы жоғарыда кӛрсетілген ғылыми мазмұнмен қатар тасымалдаушы, білімді ӛз бетімен ізденушілік, танымдық-ӛзгертпелі сияқты функцияларын да қамтиды. Осының негізінде химия оқулықтарының құрылымы дамытушылық және тәрбие берушілік тұстарының күшейтілуіне баса кӛңіл бӛледі.
Оқулық құрылымының соңғы талаптарға сай болуы оқушыларға берілетін білім мазмұнын жетілдіріп қана қоймай, оқытушының олармен шығармашылық жұмыстар ұйымдастыруына негіз болады. Білім беруді жаңаша құруда басты кӛңілді оқушыларды дамыту мәселесіне бӛлуді талап етуде. Даму деген ұғымға кӛңіл бӛлсек, оның бірнеше анықтамасы бар.
Даму- оқушының ӛз білімін кез келген қалыптан тыс жағдаяттарда қолдана білу біліктігінің қалыптасуы.Сонымен қатар, оқушының оқу әрекеттерін таңдауда дербестік пенынталылық кӛрсетуі.
Даму- оқушының білім алу жолында ӛздігінен ізденуге талпынысы,әр істі дәлелдеуге белсенділігі,кез келген мәселені шығармашылықпен орындауға тырысуы.
Даму-ӛзінің білмейтінін мойындау, жіберген кемшіліктері мен қателерінің себебін табу,ӛз әрекетінің, ісінің нәтижесін ӛте жоғары нәтижелермен салыстыру, осы мәселелерді шешудегі оқушының дербестігі.
Міне, бұл орта мектептегі химиядан білім беру барысында ескерілетін негізгі мәселелердің бастыларының бірі деп есептейміз.
Қазіргі таңда орта мектептерде бейорганикалық химиядан қолданылып жүрген оқулықтарға талдау жасау арқылы мына жағдайларды анықтадық:

  1. Бейорганикалық химия оқулығының кіріспе бӛлімінен бастап, бұл пәннің құндылығын талдау арқылы оқушыларды зерттеушілікке бағыттайтындай дәрежеде берілгендігі.

  2. Оқулыққа қажетті элементтердің бірізділікпен, байланыстылықта берілуі; 3.Оқулықтың әрбір құрылымдық компоненттерінің оның басқа

компоненттерімен де ӛзара байланыстылығы арқылы жүйенің сақталуы;

  1. Әрбір құрылымдық компоненттің оқу-тәрбиелеу міндеттерін шешуде белгілі бір функционалды жүктемені атқаратындығы.

  2. Құрылымдық компонент оқулықтың дидактикалық қызметтерін іске асыра отырып, ӛзіне ғана тән құралдар арқылы ӛз қызметтерін іске асыруға ыңғайлылығы.

Оқулықта тараулар арқылы берілетін материалдар оқушылардың бұрын алған ұғымдарын қайталауға, оларды тірек білім ретінде пайдалануға жағдай туғызатындай болуға тиісті. Оқушыларды дамытушылық принцип бұл тек сұрақтар мен тапсырмаларды орындау негізінде жүзеге аспайды, оқулықтағы мәтіндер мазмұнына байланысты берілген таңбаларды, формулаларды сызбаларды пайдаланып, ӛзіндік іс-әрекеттер жасау арқылы жүзеге асады.Оқулықта беріліп отырған материалдардың оқушылардың жасерекшелігіне сәйкес түсініктілігін де атай кетуімізге болады. Оқу мәтіндері оқушыларының психологиялық, физиологиялық, зияткерлік дамуын, олардың ӛзін қоршаған ортадан және күнделікті ақпарат ағымынан алып отырған мәліметтерін есекру жағы да қаралған [119,120]. Бұл сынып жасындағы оқушылардың зейіні біраз тұрақтанған, кӛріп байқағандарын білім алу барысында байланыстыру қабілеттері бар екені де белгілі. Сондықтан, берілген материалдарды ӛмірмен байланыстыруға мүмкіндіктері жеткілікті деп қарай аламыз. Тәрбие беруші оқыту идеялары мен қағидаларын іске асыруға
негізделген жаңа оқулықтарда, сұрақтар мен тапсырмалар, сондай-ақ жүйелі әрі жиынтық кестелер сияқты оқушылардың танымдық қызметін іске қосатын басқа да элементтер толық әрі тиімді қолданылады. Бұл элементтердің бәрін игеру арқылы оқушылардың танымдық қызметін ынталандыруға және бағыттауға мүмкіндік береді. Танымдық мүдделері мен қабілеттеріне, арнайы оқу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Осыған байланысты оқытудың барлық кезеңдерінде қолданылатын, оқушылардың қабілеттіліктері мен білімділіктері ескерілген тапсырмалардың жүйесі беріледі [121,122].
Химия оқулығында берілетін кӛрнекіліктер ӛзіндік ерекше қызметтер атқарады. Ол оқулықтың басқа да құрылымдық компоненттерімен тығыз ӛзара байланыста бола отырып, мәтінді түсіну мен талдауда және білімнің дидактикалық принциптерін орындауда олардың ӛзіне ғана тән міндеттерібар:

  • мәтін мазмұнын тереңдету, ұғымды толықтыру;

  • кӛрнекіліктер арқылы ӛзіндік жұмыс атқару;

  • кӛрнекіліктерді ӛмір тәжірибесімен байланыстыру;

  • кӛрнекіліктерді басқа пәндерден алған білімдерімен байланыстыру;

  • кӛрнекіліктерді жергілікті материалдармен байланыстыру;

  • оқушылардың осыған ұқсас кӛрнекіліктер жасауы.

Оқулықтың оқу материалы оқушыға танымдық, идеялық, эстетикалық және эмоционалды ықпал етіп, оның сәтті игеруін қамтамасыз етеді. Кӛрнекі материалға мынадай элементтер: иллюстрациялар (кӛркемдік-бейнелі, сюжеттік және пәндік; құжаттық; техникалық; фотоиллюстрациялар, оның ішінде аралас), сондай-ақ сызбалар, сұлбалар, жоспарлар, диаграммалар жатады.
Қазіргі таңда оқулық мазмұны оқушының оқыған материалды үй жұмысы барысында бекіту қызметін атқарады. Оқулықтың мұндай бӛлімінің оқушылардың ӛз бетінше білім алу, ӛз бетінше ой қорыту және даму құралдары ретіндегі рӛлін күшейтеді. Бұл оқулықты тиімді игеруге кӛмектесетін мәтіндердің логикалық құрылымын сақтау мақсатынан туындайды.
Химия оқулықтарының осындай күрделі құрылысымен қатар оның дидактиклық қызметтерін тиімді орындауға кӛмектесетін оқулық мазмұнынан бӛліп қарауға болмайтын элементтері де бар.Оларға алғысӛз, кіріспе, айдарлау, әріп және түс бӛлінулері, сигнал-символдар, пәндік және атаулы кӛрсеткіштер, библиография, колонтитул және т.б. жатады. Бұлардың басты қызметі бірыңғай құрылымға, біріге отырып, оқушының ӛзіндік жұмысты сәтті орындауға қажетті жағдай жасауын қамтамасыз ету [123,124].
Мәтін – оқулықтың негізгі құрам бӛлігі. Кӛптеген мамандардың пікірлері бойынша, мәтіндерді берудің жалпы теориясы әзірше жоқ. Біз бұл пікірлерге қосылмаймыз. Әр пәннің мазмұндық ерекшелігіне, білім берудің мақсаты мен міндетіне қарай мәтінді жүйелеп беру кӛзделеді. Мәтіннің мазмұнына байланысты ортақ пікірдің болуы міндетті емес. Себебі, әр пәннің зерттейтін ғылым саласы әртүрлі болғандықтан, оның мәтін берудегі құрылымы да ерекше болуға тиісті. Оқулық мәтіндерін талдауды оларға қолжетімділік (түсініктілік),
маңыздылық талаптарынан басқа, оқулықтың дидактикалық қызметінен шығатын бірқатар ортақ талаптар қойылады. Сонымен оқулық мәтінін құрастырғанда оқушылардың тек пәндік білім, білік, дағдылары ғана емес сонымен қатар логикалық ойлау деңгейі де ескеріледі. Ең бастысы оқушылардың мәтіннің жалпы мағынасын, мазмұнын, мақсатын түсінуі. Оқулықтану мәселесін зерттеушілер оқулықта берілетін мәтіндерді үш – мағыналық типке бӛледі: сипаттама, баяндау және пайымдау мәтіндері. Жаратылыстану пәндерінде пайымдау мәтіндеріне кӛбірек кӛңіл бӛлінеді[6].
Әрине, ғылым салаларына қарай мәтінді бұлайша бӛлудің ӛзі шартты нәрсе. Екіншіден, жете анықталған және анықталмаған ұғымдар барлық салаларда кездеседі. Үшіншіден, бұл ең бастысы, заттар мен құбылыстарды сипаттау (баяндау тәрізді) – бұл «таза» ақпараттық мәтін, онда ауқымды дамытушы-тәрбиелеуші функционалдық жүктеменің болмай қалуы мүмкін.
Оқулықтың мәтіндік бӛліміне жүргізген зерттеулер оқулықтардағы мәтіндердің жүйесін үш жеке құрылымның жиынтығы ретінде қарастыру қажеттігін кӛрсетеді, олар былайша анықталады:

    1. Негізгі мәтін;

    2. Қосымша мәтін;

    3. Түсіндірме мәтін.

Бұл құрылымдық жүйелерді бірыңғай жиынтық құрылымға байланыстырушы (баяндаудың сӛздік сипаты – функциональдық сипат, оқу материалының мазмұнын ашатын негізгі ақпаратты беру мақсаты және т.б.) оқу үдерісінде олардың әрқайсысын толық әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін қызметтері бойынша айқын ерекшеленеді.
Сонымен, жалпы оқулық үлгісінің құрылымдық сұлбасы тӛмендегідей графикалық сипатқа ие болады (сурет 1).

Сурет1–Оқулықтың мәтіндік бӛлімінің құрылымы


Оқулықтың негізгі (басты) мәтіні – жеке вербалды құрылым. Ол бағдарламаға сәйкес, жүйелеген және дидактикалық әдістемелік жағынан ӛңделген оқу материалын қамтиды. Негізгі мәтінді оқушылар міндетті түрде зерделеуі және игеруі тиіс. Сондықтан ол оқу ақпаратының басты дереккӛзі


ретінде қызмет атқарады[125]. Химияның негізгі мәтіннің ӛзегін теориялар, іс- әрекеттің негізгі ұғымдары, және тәсілдері туралы білімдер құрайды. Логикалық тұрғыдан қарағанда негізгі мәтін бӛлімдердің, тараулардың, параграфтардың (баптардың) құрамына кіреді. Олар негізгі мәтіннің мағыналық мазмұнын оқушылардың оңтайлы игеру мүмкіндіктеріне сәйкес келетін бӛліктерге, үзінділерге бӛледі. Негізгі мәтінге оқулықтағы химиялық ұғымдардың, заттардың, заңдылықтардың ғылыми негізде баяндалуымен тікелей қатысты. Негізгі мәтіннің мазмұнында «іргелі білімдер мен оларға және оқу мақсаттарына барабар іс-әрекет» кӛрініс табу керек болғандықтан, негізгі мәтіннің барлық элементтерін мынандай топқа бӛлуге болады:

  1. Психологиялық;

  2. Лингвистикалық;

  3. Логикалық;

  4. Идeологиялық;

  5. Жүйeлілік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет