Қуаныш шонбай екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы 2018



бет3/7
Дата04.10.2019
өлшемі2,23 Mb.
#49230
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЕКИНШИ БОЛМА

ІII ТАРАУ


ЖЕҢICTI

АЛЫСТАТАТЫН

АДЫРАСПАНДАРЫМЫЗ

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЖЕҢICKE ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫ


«Екінші болма!» деп аталатын авторлық тренингім бойынша қазақтардың жеңіс формуласы: жеңістің адыраспандарынан, барьерлерден (кедергілерден) және жеңіске апарар жолдан тұрады.

Жеңіс жолының осы негізгі үш бөлігі, жеңіске апарар баспалдақтар секілді. Біріншісін, яғни жеңістің адыраспандарын аттап кетіп, бірден барьерлерге немесе жеңіске апарар жолға өтіп кете алмайсың. Асықпай, бір- бірлеп басқан қадамдарың ғана тұрақтылыққа, аңсаған арманға, қаржылық тәуелсіздікке алып келеді. Осы бөлімнен бастап, санаң, өзіңе деген көзқарасың өзгере бастайды. Бірақ, бір міндетті шарт бар: сен бұны шынымен қалауың керек. Барлық кемшіліктеріңді мойындауға, менімен ашық, бүкпесіз әңгімеге, кітапты көз жүгіртіп емес, түсініп, қабылдап оқуға дайын болсаң, келесі тақырыпқа өтейік!



ЖЕҢICТІҢ АДЫРАСПАНДАРЫ

Адыраспан – жын-шайтаннан, жаман нәрседен аластайтын шөп деп сенеді халқымыз. Ал сызбада көрсетілген бұл сезімдер жеңістен аластайды. Комплекс, қырсықтық, сенімсіздік, эго, сасық көкірек, жалқаулық - бұл байдың да, кедейдің де, студенттің де, кәсіпкердің де – барлығының бойынан табылатын жаман мінездер. Ал бұл мінездер бар жерде, жеңіс адамды айналып өтеді.

Ең қиыны, әрбір адам «иә, мен қырсықпын» немесе «жалқаумын» деп мойындай бермейді. Ал негізінде, бұл сен және сенің ар-ожданың арасындағы әңгіме. Осы тақырыпты ұзақ зерттедім, көп оқыдым, сондықтан бірден айтамын, адыраспандардан арылудың жолдары өте қиын.



Жеңістің адыраспандары



Комплекс туралы «Ішкі комплекс – жеңіс үшін таптырмас қазына» деген тарауда егжей-тегжейлі жаздым. Есіңде болсын, комплекс – диагноз және таптырмас қазына. Егер онымен күресе білсең, ол сені алға қарай итермелейтін мықты күшке айналады.

Сенімсіздік әдетте, балалық шақтан бастау алады. Сондықтан құрметі ата-аналар, балаңызға тәрбие бергенде, оны өзіне сенімді етіп өсіріңіз. Ол өз мүмкіндіктеріне, ақыл-парасатына, күшіне сенімді болуы керек. Ертеңгі күні, әрдайым балаңыздың орнына шешім қабылдап, оның артынан жүгіріп жүрмейсіз ғой. «Балам, саған сенемін. Бүгін 3 алыпсың, бірақ кішкене ғана тырыссаң, ертең 5 деген баға аласың», – десеңіз, оның өзіне деген көзқарасы өзгере бастайды. Нәтижесінде, ертең өскенде бір адыраспан кемиді. Өмір жолында адамдардың барлығы да қиындықтарға тап болады, әрбіреуі онымен күреседі. Бұл өмірде тек сен ғана өзіңе сенімсізсің, сенің ғана қолыннан келмейді, ал басқалар мықты деп ойлама. Әр адамның бойында қорқыныш, үрей, өзіне деген сенімсіздік болады, оны жеңіп шығу, жеңіске жету жолын жалғастыруға мүмкіндік береді. Ата-ананды, қоғамды, тағдырды бұл үшін кінәлама, ал да жаса, яғни күрес. Бір-екі рет ұрынғаннан кейін иммунитет пайда бола бастайды, сенімділік артады.

Бір күні үлкен ғұлама адам тыныш жерде ойлангысы келіп, көлдің жағасында отырған екен. Жанына бір ит келіп, су ішпекші болады. Суга жақындайды да, қайта артқа қашады. Бірнеше рет суга келеді, қайтадан шегінеді. Бір кезде шыдай алмай, шөлдегені соншалық суга секіреді. Сонда, ол ит өзінің судағы бейнесінен өзі қорыққан екен.

Сенімсіздікті қазір жеңсең, ертеңгі күні ол саған ешқандай қиын мәселе тудырмайды, барлығы өз қолыңда. Өзіне сенімді болсаң, нәтиже де болады. Сенімсіздікті жеңу бұл бір сапар сияқты. Себебі, оны бір рет жеңу жеткіліксіз, бір іс қолыннан келмесе, бір нәрсе ойыңнан шықпаса, бірден өзімізге сенімсіз болуға бейімбіз ғой. Бұл жолдағы үлкен жанармайымыз – майда жеңістеріміз. Мысалы, бұзылып жүрген ұйқыңның режимін дұрыстау, кешігу әдетінен арылу, паразит сөздерді қолданумен күресу, жаңа тіл үйрену, кітапты оқып бітіру, тағы да басқа. Бұл жеңістер кішкентай болғанымен, оның артындағы сезімдер үлкен. Сондықтан да, сенімсіздік пен комплексті жеңудегі бір және бірегей таптырмас құрал майда жеңістер.



Қырсықтық екіге бөлінеді: адам мінезіндегі қырсықтық және үйренуге деген қырсықтық (жаңаны қабылдамау). Мен тез сөйлеймін, кейбір адамдар не айтып жатқанымды түсінуге үлгермей қалады. Сондықтан дикция, дауыс қою дәрістеріне жазылдым. Бірақ, бұл кемшілігімді (деп атайық), сегіз мейрамханам болғанда ғана түзеуге бел будым. Осы уақытқа дейін оны комплекс деп есептемедім және ол маған мейрамхана ашуға, бизнес жасауға кедергі болған жоқ. Егер қырсығып, арнайы дәрістерге бармасам, өзіммен жұмыс жасамасам, бәлкім тренингтеріме бес жүз адам келмес еді ғой.

Танысым болуы мүмкін, ақшам болуы мүмкін, бірақ егер қырсығып, «мен мықтымын, қалай болсам, солай қабылдаңыз» деген принципті ұстанып, түсініксіз, тез сөйлесем, QAZAQSTAN телеарнасында реалити-шоу ұйымдастырып, оны жүргізуге мүмкіндігім болмайтын еді.

Тағы бір мысал: інім Дархан екеуіміз приставкамен үйде отырып футбол ойнағанды жақсы көреміз. Дархан әр ойын сайын ұта беретін, мойындауым керек, ол маған қарағанда жақсы ойнайтын. Сол кезде жеңістің адыраспандарын зерттеп жүрген шағым еді. «Жұмыс істеймін, уақытым жоқ, сондықтан жақсы ойнай алмай жүрген шығармын», – деп өзіме адвокат болып, өз өзімді ақтаймын. «Дарханның FIFA ойнауға уақыт тауып жүргеніне қарағанда, жұмысы соншалықты қиын емес

шығар» деп оған прокурор болдым. Сөйтіп жүріп, мәселенің жай-жапсары өзімді ақтап, оны даттауда емес, өзімде шығар деп ойландым. Бір күні қонаққа бөлем келді де, Дархан екеуімізді қоса сегіз рет қатарынан ұтты. Намыстанып, шыдамай, ойыннан шығып кеттім. Дархан қызуқанды жігіт, әрі қарай ойынды жалғастырды, бірақ жеңіліп қалды. Ойындары аяқталғаннан кейін, бөлемді шақырып алдым да: «Үйрет», – дедім. Сөйтсем, еш қиындығы жоқ. Екі-үш айла-тәсілі бар екен, үйреніп алдым. Бірнеше күн өтті, бөлеміз үйіне қайтты, жеңілген Дарханның ашуы тарқады. «Қуаныш жүр футбол ойнайықшы», – деп шақырып алды. «Жарайды», – деп келісе кеттім. Қатарынан бес рет менен ұтылды. Егер, Дархан да мен сияқты, бөлемізден ойын тактикасын үйреніп алса, бәлкім, жеңілмес пе еді? Бірақ, бөлең сенен кішкентай болғандықтан, одан сұрағың, әлсіздігіңді көрсеткің келмейді ғой. Сондықтан қырсықтығың ұстай бастайды.

Кейін Дархан да әдіс-айланы үйреніп алды, қазір футболды керемет ойнайды.

Айтайын дегенім, осы жеңiстiң адыраспаны сені жеңіске жету жолында бөгейді. Бұл жаман қасиетті мойындау керек және оны жеңу үшін әрекет жасау керек. Кез келген спорт түрінде, ойында жеңіске жете алмаған адам, өмірде де ешқандай нәтиже көрсетпейді. Бұл «смартфондарыңа ойын жүктеп, күні-түні ойнаңдар» деген сөз емес. Мәселе – адамның мінезінде. Егер ол, намыстанып, тырысып, талпынып, ойында, спортта белгілі бір дәрежеге жетсе, өмірде де солай болады. Осман империясында эгоның кесірінен, «өзімді көрсетемін» деген сезімнің кесірінен дұрыс шешімдер қабылданбай қалуы мүмкін деген себептен генералдарды соғысқа жібермес бұрын, олардың эгосымен күресу үшін дәретхананы жуып шығуды тапсырады екен. Рас-өтірігін білмеймін, бірақ бұл мысалда әңгіменің шындығы маңызды емес, алуға болатын сабағы маңызды. Сарайдағы адамдар генералдардың дәретхана жуатынын біліп, «генералдың соншалықты төмендеп кеткені ме, әлде қатты қателескені ме» деп ойлапты. Адамдардың ол ойын көздерінен оқып қойып, әп-сәтте эгосы «ұстап қалганын» түсінген генерал, дәретхананы сақалпымен жуып шығады екен.


ЭГО, ҚЫРСЫҚТЫҚ, САСЫҚ КӨКIPEK – адамға


осы жаман мінездердің тигізетін залалы, нашақорлық, алкоголизммен тең, одан асып түспесе кем емес. Осы жаман әдеттерді біздің қазақ кейде «мінез» дейді.

«Мінезі ауыр», «мінезі үшін жұмыстан шығып калды», «мінезі бар жігіт қой» және т.б. Білесіз бе, осы «мінез» үшін талай адам генерал болған жоқ, осы «мінез» талай адамды банкротқа ұрындырды, мінездің кесірінен талайы әкім бола алмады. Оқыған адам, ақылды, өз ісінің шебері, белгілі бір жеңіске қол жеткізуі керек еді, бірақ нәтиже жоқ, мінез кедергі болды.


ЖАЛҚАУЛЫҚ ПЕН ЕРІНШЕКТІКТІҢ айырма-


шылығын білесің бе? Бір карасаң, бірдей секілді. Бір ғана мысал келтірейін: Ерлан – жалқау. Қанша айтсаң да әрекет етпейді, жұмыс істемейді, айтқаныңа көнбейді, бұл жерде жалқаулық ауру індет сияқты. Ал осы Ерлан: «Әке, мен ерініп тұрмын» десе, әкесі оның тас-талқанын шығарып, ерінудің неге алып келетінін көрсетеді. Көп ерінсең, жалқау боласын. Демек, жалқаулық – еріншектіктің ең жоғарғы сатысы. Онда, неге жалқаулықты жеңе алмаймыз? Себебі, жалқаулық – жоқ нәрсе. Көп ойландым, неге орысша «ленивый», ағылшынша «Іazy», түрікше «tembel» – бірақ сөз. Сөйтсем, еріншектіктен жеңіліп қалу біртүрлі, сондықтан еріншектікті ақтап алу үшін, бiздiкiлер жалқаулық» деген сөзді ойлап тапқан. Спортшы достарың бар болса, білетін шығарсың, олар қарсыласын әрдайым мақтайды. «Ол күшті», «Спорт шеберінің кандидаты», «Үш дүркін чемпион», яғни жеңілсе – күшті қарсыластан жеңілгенін көрсетеді, ал жеңсе – өзінің одан да мықты екенін дәлелдейді. Бұл – психология. Сол сияқты, «еріншектіктен жеңіліп қалдым» десең – бір түрлі, ал жалқаулықты жеңе алма саң – барлығы түсінікті.

Кітаптың бұл бөлімінде жеңістен алыстататын адыраспандарды тізіп шықтым. Енді олармен күресу жолын қарастырайық.



АДЫРАСПАНДАРДАН ҚАЛАЙ

ҚҰТЫЛАМЫЗ немесе

МОЙЫНДAУ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ

Адыраспандардан құтылу қиын деп жатамыз, ал негізінде оны қиындататын өзіміз. Бойымыз- дағы кемшіліктерден құтылудың жақсы тәсілдері бар: оның біріншісі және негізгісі мойындау.

Қызды киноға шақырмағандығың неден? Саған ұнамағандықтан ба? Әлде, өзіңе деген сенімсіздіктен бе? «Екінші болма!» тренингін де, кітабын да дайындау барысында көптеген проблемаларды тыңдап, оларды халыққа айтып, жоғымызды жоқтап, шынайы көзбен қараудың бізге қиын түсетінін байқадым. Осы тренингпен бір қалаға барып: «Біздің қандай проблемаларымыз бар?», – деп сұрағанымда, екі адам орнынан тұрып кетіп қалғаны есімде. Сахнада тұрғанда, олардың көздерінен қандай да бір проблемалардың бар екенін естігісі келмейтінін байқадым. Қырсықтық туралы айтқан кезімде, орындарынан тұрды да, кетіп қалды. Сонда байқағаным, мойындау бізге қиын, ал мойындаудың қиын екенін мойындау, ол – үлкен ерлік.

Мойындау да оңай болып көрінгенімен, ерік-жігерді талап етеді. Себебі, мойындаудың артында әлсіздігіңді қабылдау, эго мен сасық көкіректің араласынан пайда болған менмендік сезімдер жатыр. Бұл айтылуы жеңіл, ал жасалуы қиын тәсіл, бәлкім оның себебі мойындаудың оңай болып көрінетіндігінде шығар.

Джим Коллинз18 «От хорошего к великому. Почему одни компании совершают, другие прорыва нет» деген кітабының отыз тоғыз бетін мойындау тақырыбына арнаған. Қарап отырсаң, кәсіпкерлікке қатысты кітап, ме- неджментке деген жаңа көзқарас тудыратын кітап, онда он есе дамыған, табысты болып есептелген компаниялар туралы айтылады. Ал осы он есе дамыған компания- лардың ортақ қасиеті, ол – мойындай алуында делінген, Сондықтан сен де, мойындау керек екенін қабылдасаң, әрі қарай оңай болады. Себебі, адыраспандардан құтылу- дың алғышарттарының бірі – осы мойындау. ЕКІНШІ, адыраспандардың сені неден шектейтінін есепте. Жақсы бизнеске ақша салудың орнына, қыр- сығып, әріптесіңе мінезіңді көрсеткің келіп, шығынға әкелетін бизнеске ақша құйдың. Нәтижесінде банкрот болдың. Кімге, нені дәлелдегің келді? Нәтиже қандай? ҮШІНШІ, рационалды ойлау жүйесін қос. Өзіңнің са- сық көкірегіңнің кесірінен сенің жеке көлігің жоқ, сон дықтан автобуспен жүресің. Ал негізінде, жарыңның аға- сы қарызға берем деген сол ақшаны алғанда, бизнесіңді дөңгелетіп, қарызды пайдасымен қайтарар едің. Кәсіпкер деген формада, жеке көлік те, туыстардың назары да өзіңде болар еді.

ТӨРТІНШІ, адыраспандармен күрес.

Еріншектікті жеңуге келетін болсақ, бұл оп-оңай. Ерініп тұрған Қуаныш пен ерінбей тұрған Қуаныштың арасы – әрекет. Егер ол әрекет жасаса, демек, еріншектікті жеңгені. Мен істеймін деп, ерінбей әрекет жасау бар-жоғы бес-ақ секунд уақытыңызды алады. «Momentum» деген түсінік бар. Ол 3 –7 секунд аралығы. Осы уақыттың ішін де шешім қабылдауың керек. Сондықтан ерініп тұрған кезің мен ерінбей тұрған кезіңнің арасы бес-ақ секунд, осыны ұмытпа. ____________



18Джим Коллинз – америкалық бизнес-кеңесші, жазушы, зерттеуші.

Еріншектіктен айрылу



Жылжымайтын мүлікпен айналысатын алпауыт компанияның иесі Дональд Трамптың15 1990 жылдары жеке берешегі 1 миллиард доллар болған. Бұны Дональд кітабында жазады. Сөйтіп, бір күні үйде теледидардың алдында отырғанда, мықты кәсіпкерлер мен банкирлер жиналған банкетке шақырылғаны есіне түседі. Барғы- сы жоқ, себебі үлкен қарызы бар, ал іс-шарада бизнес- мен достары да, кредиторлар да болады. Үйде отырып, ары ойланып, бері ойланып, «ақыры босқа отырмын ғой, бара салайын» – деп, әлгі банкетке барады. Бір бөлек жерде жасы келіп қалған, үлкен адам отыр екен. Сон- дағы адамдардан кішкене бөлектену үшін Дональд қарт адамның қасына отырады. Онымен әңгімелеседі, жақ- сы қарым-қатынас құрады, бір сөзбен айтқанда, уақы- тын жақсы өткізеді. Келесі күні таңертең Дональдты кредиторлары шақыртады. «Бекер бардым-ау кеше. Кредиторларым тойлап жүргенімді көріп, ерегісіп қал- ды ма?» , – деп іштей күмәнданады. Сөйтсе, кешегі отырыста оның қасында отырған қарт адам Дональд Трамптың ең үлкен кредиторы болып шығады. Содан ол Трамптың ой-өрісіне, өмірге деген көзқарасына, біліміне тәнті болып, оған көмегін көрсетіп, кризистен шығып _____________

кетуіне септігін тигізеді. Үйінде ерініп, ештеңеге зауқы болмаған Дональд Трамп пен ерінбей отырған Дональд Трамптың арасындағы бес секунд уақыт бар еді, сол се- кундтар оның бар өмірін өзгертті.

Тағы да айтарым, кез келген жүйе тыныштыққа ұмты- лады. Мысалы, біздің ағзаға да ең ұнайтын нәрсе – жата беру. Сондықтан ұйықтағанда демаламыз. Ми – адам ағ- засындағы энергияның 8%-ын қалыпты жағдайда өзіне қорек етіп алып тұрады, ал егер сәл ойлансақ, 38%-ын, яғни ағзадағы энергияның 1/3 (үштен бір) бөлігін алады. Сәл жұмыс істесек, ойлансақ, қарнымыздың ашатын се- бебі осында, өйткені, ағза энергияны талап етеді. Біздің ағзаға мидың жұмыс жасауы қолайлы емес, екеуі сон- дықтан бір-біріне әрдайым қарама-қайшы келіп қалады. Ағзамыз энергияны сақтап қалу үшін, миды әрдайым ты- ныштыққа алып кетуге тырысады. Сондықтан миды ұй- қыдан шығарып тұру үшін «momentum» – бес-ақ секунд қажет.

Бір мысал келтірейін. Бенджамин Франклин – фи- лософ, ғалым, мемлекет қайраткері, оның портреті жүз доллар ақша белгісінде бейнеленген. Ол өзінің доста- рынан «қандай жаман мінезім бар?» деп сұрайды. Олар Франклинге он үш кемшілігін айтып береді. Бенджамин Франклин әр апта сайын бір минусымен күресіп, он үш апта бойы жаман мінездерін түзеп отырған.

Басқадан сұраудың жақсы жағы – минустарыңды өзің іздегенше, басқалардың айтқаны дұрыс, себебі, «сырт көз – сыншы».

Хэл Элрод16 өзінің әйгілі «Магия утра. Как первый час дня определяет ваш успех» (The Miracle Morning. The Not SoObvious Secret Guaranteed to Transform Your Life) деген кітабында осының тамаша жолын айтады. Ол күндердің бір күні өзін дамытуды алға қоюды шешкенін жазады. Сол күні отыра қалып, хат жазады. Электронды поштасына жиырма үш адамның адресін белгілеп барып тоқтайды да, әрқайсысына мәселесін баяндайды. «Өзімді дамытумен _____________

айналысқым келеді. Маған көмегіңіз керек. Мықты және әлсіз тұстарымды белгілеп берсеңіз», – деп шынайы пікір сұрайды. Әрине, бұл робот кұрастырған кұрғақ хат сияқты болмауы керек, жеке адамға деген жеке қарым- қатынасыңыз сезілуі тиіс. Бірақ ең бастысы, бұл әдіс жұмыс істейді. Өйткені өзің туралы шындықты сұрағанда, адамдар көп жағдайда, турасын айтады. Әрине, сын есту ешкімге ұнамайды. Алайда сын шын болса, дертке дауа болатындай күші бар.

Мен де осы жолдан өттім. Хат жазған жоқпын. Таныс- тарыма: «Мен туралы не ойлайсың? Кемшілігім мен ар- тықшылығым қайсы?», – деп сұрау салдым. ЖІГІТТЕР ӘДЕТТЕ БІРІН-БІРІ АЯМАЙДЫ. «Ко- сягыңды» бетіңе жақсылап тұрып басады. Мысалы, тез сөйлеген соң алаяқ сияқты көрінуім мүмкін. Көп адам сенбейді екен. Бұл мен үшін ащы шындық болды. «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» деген сол болар, сірә. Мектепте де, колледжде де мұғалімдермен жақсы араластым. Балалардың арасындағы әңгімелер олардың құлағына жетсе, автоматты түрде бәрі менен көретін. Қатысым болса жоқ да, бәрін жеткізетін жеңіл ауыз мен сияқты қабылдайды екен. Соның бәрімен кү- рестім. Жеңдім. Өзімді, ойымды, ниетімді қай ортада да сауатты түрде жеткізуге дағдыландым.

Кемшілік көп, комплекс болуы мүмкін, фобия болуы мүмкін, бірақ оның жеңуге болмайтыны жоқ. Құдайдың бізге адыраспандарды бергені анық. Олар біздің бойымыздан бірден жоқ болып кетпейді. Сенім- сіздікті қолданатын болсақ, «бір нәрсені істейiн бе, әлде істемейін бе?», «бойымда ондай қасиет бар ма, жігерім жетеді ме?» деп сенімсіздік танытпай, бір жеңіске жетіп жатсақ, «бұл жақсылық, бұл жеңіс шынында да менен бе, әлде Құдайдан ба?» деп сенімсіздік танытайық. Қыр- сығатын болсақ, өзіміздің жүрмей жатқан тірлігімізге қайсарлығымызды қайрау үшін қырсығайық. Эгомызды қолданатын болсақ, білім, тәлім алғанда, тек қана өзіміз қолдану үшін, тек қана өзіміз ғана үйрену үшін, тек қана өзімізге пайдалы болу үшін ғана үйренейік. Біреуге айту үшін, біреудің аузын жабу үшін емес. Жалқаулық таныта- тын болсақ, біреуді жамандайтын кезде, біреуді кінәлай- тын кезде, біреумен жарысатын кезде жалқауланайық. Егер адыраспандарды жеңбесең, сенің үйренгенің, ақылды болғаның, барлығын дұрыс істегеніңнің құны – бес тиын. Біз өзімізді жеңген сайын, елдің көбі ұмтыла- тын материалды құндылықтардың қалай келгенін өзіміз- ақ байқамай қаламыз.

Екі қабатты үйге, қымбат автокөлікке, он бес мей рамхананың иесі болуға емес, өзіңнің мықты, мінсіз нұсқаңа талпынсаң, соған жетсең, жақсы бір қосымша ретінде материалды құндылықтар өзі пайда болады. Сонымен, минустарыңды түртіп ал, дұрыс қабылдай біл және олармен жұмыс жаса!

ҚАНДАЙ СҰPАҚ ҚОЙСАҢ,

СОНДАЙ ЖAУАП АЛАСЫҢ: НЕГE VS ҚАЛАЙ?

Түсініксіз тақырып болып көрінуі мүмкін, бірақ түптамырына жетсең, ұғасың. Біздің кейде қара- пайым сұрақты дұрыс қоя алмауымыздың өзі өмірімі- дегі маңызды оқиғалар мен шешімдерге әсер етеді.

Мойындаймын, «Неге?» деген сұрақтың пайдасы аз, берері де көп емес. Бізге қозғаушы емес, керісінше те- жеуіш ретінде әсер етеді. Алға жылжуымызға барьер кедергі болады. Алайда, бұл оның мүлдем керек емесін көрсетпейді. «Неге?» деген сұрақ керек, ол – алғышарт Бірақ, ол жеткіліксіз.

Эдуард де Бононың17 бірде Оңтүстік-Шығыс Азия ел- деріне барған саяхатында басынан кешкен келеңсіз бір жайт есіме түсіп отыр. Дастарқанға балықтан даярланған ас келеді. Одан кейін шұңғыл ыдыста сорпа беріледі. Copпаны ішуге кірісіп кеткен Эдуард мырза өзгелердің өзіне өзгеше қарап қалғанын байқайды. Сөйтсе, кейінгі алып келгені сорпа емес, балық жегеннен кейін қол жууға берілген су екен. Ыңғайсыз сезінген ол өзін ақтап алуға тырысып бір кітабында былай деп жазады: «Неге оны сорпа деп ойладым? Себебі, ыдыста су бар еді. Бәріміз білетіндей сорпа да судан жасалады. Сол үшін мен оны сорпа екен деп қалдым», дейді. Екеуінің негіз бастауы бір болғанымен, құр судың өзі сорпа (дайын өнім) бо- луға жеткіліксіз. Түрлі қоспалар керек.

Өз өмірімізде де «неге?» деген сұрақпен ғана шектелсек,

«құр су» күйінде қалуымыз ғажап емес. «Неге?» сұрағына «Қалай?» да қосылғаны жөн. Неге дегеннен кейін келесі кезеңіне өте алу маңызды. Онсыз өнімнің шығуы екiталай. ___________

Анализ фазасынан түсіну және қабылдау фазасына шыға алмаған талай ғалымның мықтылығы қағаз күйінде түрлі еңбек болып қана қалып жатқан жоқ па?

«Қалай?» сұрағын бірінші кезекте өзімізге және өзге жағдайларда қоя алу – бәсеке қабілеттілігін арттыратын дағды. Бұны үйренген кезден бастап серпінді қозғалысқа ие боласың.

Өмірден алынған бір мысалмен бөлісейін. Сыныптас дос қызымның айлық жалақысы 180 мың теңге. «Ай- лығыңа ризасың ба?», – деп сұрасам, «Иә, көңілімнен шығады», – дейді. «Ендеше, мынаған назар аудар. Бірін- шіден, сен төрт тіл білесің. «Болашақ» бағдарламасы бой- ынша Батыста білім алдың. Екі сертификатың бар. Негізі, нарықтағы құның 500 мың теңге», – дедім. Егер ертең ауы- рып қалса, автокөлігін соқса, аяқ астынан үлкен сомада қа- ражат керек болса, ол сонда ғана: «Неге менің айлығым 180 мың, негізі одан да көп табуым керек қой» – деп ой- ланатын еді. Бірақ ертең, бір проблема туындағанда ғана. Осы менің айтқанымнан кейін ол: «Неге бастығым маған 500 мың теңге төлемейді?», – деген сұрақ қойды. Бұнда, біреуге «прокурор», өзімізге «адвокат» болмай- тынымыз есіңде болсын. «Қалай?» деген сұрақ қойып, бастығымыз бізге осындай жалақы белгілеуі үшін қалай жұмыс істеу керегін ойластырамыз.

Енді «Қалай?» сұрағының рөлі мен техникаларына тоқталайық

1. МАКСИМАЛДЫ ҮЛКЕН СҰРАНЫС. Қалай 200 мың табамын деп емес, себебі, онсызда 180 мың тауып тұрсыз. Сондықтан 500 мың теңге деп алсаңыз болады. 2. ҚОЛЖЕТІМДІ. Дегенмен, ол сұраныс қолжетімді болуы керек. Мысалы, 1 миллион емес, 500 мың теңге. 3. ДӘЛ ЖӘНЕ ӨЛШЕНЕТІН. «Достарым неге оң- баған, таудың шыңында мені қалдырып кетті?», – деп емес, «Қалай мен жиырма күннің ішінде Шымбұлақтағы екінші комбидан бес минуттың ішінде түсемін?» (бес ми нут – тәжірибелі шаңғышылардың нормасы), – деп. Екі ұғымның айырмашылығын түсінікті етіп ажырата алдым деп сенемін.



ЖАЛПЫ СҰРАҚ C¥PAУ ТУРАЛЫ

Күнделікті өмірдегі кез келген қарым-қатынас сұрақ қою мен жауап алудан құралады. Алдыңа келген адам саған сұрақты қалай қойса, сен тура солай жауап бересің. «Дұрыс сұрақ – жарты жауап» деп бе- кер айтылмаған. Егер ол дұрыс сұрақ қоя алса, онда ол өзін қанағаттандырарлық дұрыс жауап алып кетеді.

Сұрақ қою – ең оңай іс, себебі, еш кедергі жоқ. Сұрақ қоя салсаң болғаны. Ал пайдалы, көмекші және тежеуші емес, итермелеуші, жетелеуші сұрақ қою – ең қиын іс. Біздің «Versus» академиясына кәсібімді бастаймын деп көптеген азаматтар келеді. Олардың қандай қабілеті бар екенін, немен айналысқысы келетінін біліп, тұлға ретінде алдыма келген адамды ашу үшін, оған дұрыс сұрақ қоя алмасам, оны дамытуға да, оның өзгеруіне де, бизнес ашуына да көмектесе алмас едім. Сондықтан да біз дұрыс сұрақ қоюды үйренуіміз керек. Балаң келіп, тағы бір ойыншық немесе смартфонның жаңарған түрін алып бер десе, «Бұл саған расымен де керек пе?», «Не үшін қолданасың?» деп сұрасаң, балаң шын мәнісінде де бұл маған қажет пе деп ойлана бастайды. Дұрыс сұрақ қоюды, ол сұраққа дұрыс жауап беруді кішкентай кезден үйрету керек.

Өзіңді, өмірді, айналадағы адамдарды кінәлай бер- мей, «табысты болуға лайықтымын ба?», «бұл жолы не істедім?», «не істей аламын?», «қалай дамыдым?» деген сұрақтарды қою арқылы, мәселенің негізгі себебіне же- тесің. Бәлкім, дөңгелетіп алып кете алмай отырған ісіңді жүргізе беріп, бір орынды таптай бергеннен гөрі, салаң- ды ауыстыру керек шығар? Осындай сұрақтардың өздері адамның өмірін қатты өзгертеді.

Бір жігіттің оқиғасы есіме түсіп отыр. «Жас кезімде ойландым, бойым кішкентай, түріме келсем, Ален Де- Лон18 емеспін. Әдемі қыздардың барлығы бойы сұңғақ, ___________

спортпен айналысатын жігіттерге қарайды. Басқалардан ерекшеленбесем, көш соңында қалып қоямын. Бола- шақта бәсекеге қабілетті бола алмай қаламын» деп ой- лайды. «Өзімді қалай өзгертуім керек?» – деген сұрақ қойып, қазіргі таңда ол үлкен жеңістерге жетті, бірнеше кәсібі бар.

Келіссөздер кезінде де үлкен адамдардың дұрыс сұрақ қоя алмауының себебінен, мықты іскерлік келісімдердің жасалмағанын білемін. Оған қоса екі тарап бір-біріне өкпелі болып қайтады. Негізінде, адамның қандай екенін үш-ақ сұрақпен анықтап алуға болады дейді, бұл тура лы жазылған кітаптар да көп. Мысал ретінде айтып бе- рейін. «Versus» академиясында оқып жүрген кәсіпкер жігіттермен осы тәсілді қолданып көруді жөн көрдік. Арамыздағы бір жігіт жақын арада инвестормен кездес- пекші еді. Сол кездесу барысында қойылатын бірінші үш сұрақты анықтадық. Біріншісі: «Сіздің бұған дейін осындай салаға ақша салған тәжірибеңіз болды ма?» – деген сұрақ болды. Бұл сұрақ арқылы алдыңда отырған адаммен әрі қарай сұхбат жүргізу, бизнес жасау керек пе, керек емес пе екенін анықтап аласың. Себебі, тәжірибесі жоқ адаммен бизнес бастау қиындау болады, ал бұны келісімге келіп алғаннан кейін емес, келіссөздің бірінші минутында-ақ анықтай аласың.

Адамдардың көбісі жаңа бірдеңе ойластырып шыға- руға, оған басын байлауға құмар болады. Ал Google онда не үшін? Сен оған қандай сұрақ қойсаң, ол соған байла- нысты жауап береді. Google-дан көптеген пайдалы ақпа- рат алуға, көптеген мәселенің шешімін табуға болады. Бар болғаны, не керек екенін түсіну, сұрақты дұрыс құ- растыру және ақпаратты пайдалана білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет