Учебная программа дисциплин по специальности 5В060500 «ядерная физика»



Pdf көрінісі
бет3/457
Дата08.12.2023
өлшемі3,52 Mb.
#195784
түріУчебная программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   457
Байланысты:
5В060500- Ядерная физика

Пәнді оқытудың міндеттері:
«Кәсіби қазақ тілі» пәні қазақ тілін меңгерудің негізгі В1 және В2 
деңгейлері игерілген жағдайда жүзеге асырылады. Болашақ маманның тілдік 
біліктілігін жетілдіріп, мемлекеттік тілді мамандық деңгейінде коммуникация 
құралы ретінде қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Болашақ 
маманның кәсіби дағдыларды қолдану салаларына байланысты арнаулы 
тілдік білім жиынтығы өте кең болуы керек. Себебі кәсіби міндеттерді атқару 
барысында арнаулы терминдерді қолдану жиілігі артады, осылайша кәсіби 
тілдік дағдысы дамиды, жетіледі.
«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқыту тіл үйренушілердің белгілі бір тілдік 
құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Кредиттік білім беру 
бағдарламасы бойынша модульдік технологияға негізделген талаптарға сай 
«бакалавр» төмендегідей құзыреттілік талаптарын меңгеруі тиіс: 
А – құралдық құзырет:
түрлі
 
дереккөздерден алынған, ақпараттармен 
жұмыс істей алу, алған мәліметтерді кеңейту; өз көзқарасын дәлелдеу 
мақсатында немесе түрлі мәселелерді шешуде қолдана алу. Пайымдау түрлерін 
логикалық тұрғыдан талдай алу, көпшілік ортада сөйлеу дағдысын меңгеру
дәлелдер келтіру, пікірталас жүргізе білу.
В – тұлғааралық құзырет: 
жеке және ұжымда
 
жұмыс істей алу қабілеті,
 
ұлтаралық, мәдениетаралық қарым-қатынас ережелерін сақтай білуге 
қабілеттілік.
 
С – жүйелілік құзырет: 
кәсіби қазақ тілін
 
Қазақстандағы, әлемдегі 
әлеуметтік-экономикалық, 
мәдени-тарихи, 
саяси 
жағдайлармен, 
ҚР 
конституциялық-құқықтық негіздерімен үйлестіруге бейімділік.
 
D
– 
пәндік құзырет
: қазақ тілінің даму тенденциясы мен қазіргі 
жағдайын, Қазақстандағы тарихи-мәдени және тарихи-әдеби үдерісті меңгеруге 
қабілеттілік; кәсіби бағдарлы қазақ тілінің жүйесін пысықтау, қазақ тіл 


бірліктерінің құрылымы мен қолданылуын халықтың тарихы мен мәдениетімен 
байланыстыру, ауызша және жазбаша мәтіндерді құрастырғанда берілген 
коммуникативтік жағдаяттарға байланысты іргелі білімдерді қолдана алу 
қабілеті; жаңа терминдерді өз мамандығына бейімдеп тиімді меңгеруге 
дайындық. 
«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқытудағы құзыреттілік дағды төмендегідей 
негізгі міндеттер бойынша анықталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   457




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет