«Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» пәні физика-математика
ғылымындағы негізгі және күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады. Өйткені,
жаратылыстанудың көптеген есептерінің математикалық моделі жай немесе
дербес
туындылы
дифференциалдық
теңдеулермен
өрнектеледі.
Дифференциалдық теңдеулер арқылы математиканың физика, механика және
т.б. секілді арнайы пәндермен байланысы ашыла түседі, математика ішіндегі
пән аралық байланыс жүзеге асады. Сондықтан, дифференциалдық және
интегралдық теңдеулер пәнін оқыту студенттердің математикалық қабілеттерін
дамытумен қатар, олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады, олардың
кәделі, кәсіби дайындығының деңгейін көтеруге болысады, ғылым жүйесіндегі
математиканың орнын анықтауға болысады.
«Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» пәнін оқытудың
мақсаты:
- студенттердi дифференциалдық және интегралдық теңдеулер негiзiмен,
теориясымен таныстырып, оларды есептер шығаруға үйрету;
- студенттердiң бiлiмдiлiгiн, бiлiктiлiгiн, машықтығын қалыптастыру және
осы қабiлетiн жаратылыстың, техниканың әртүрлi есептерiн шығаруға
пайдалана бiлуiн қамтамасыз ету.
«Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» пәнін оқытудың
міндеттері:
-
дифференциалдық және интегралдық теңдеулер теорияларының негізінде
студенттерге терең білім қалыптастыру;
-
алған білімдерін жаратылыстанудың әртүрлі салаларында кездесетін
дифференциалдық теңдеулер мен жүйелерін шешуге қолдана білуге үйрету.
Мамандар дайындаудағы бұл пәннің алатын орны мен рөлі еліміздегі
халық шаруашылығын ғылым мен техниканың өзекті мәселелерін шешуге
қабылетті білікті мамандармен толықтыруды қамсыздандырумен тығыз
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: