19-ғасыр магнетизмді кеңінен зерттеумен басталды. 1820ж. Г.Х.Эрстед
электр тогының магниттік әсерін ашты.
1820ж. Био-Савардың (Ж.Био, Ф.Савар), П.Лаплас жалпы түрде
негізге
алған заңы ашылды. Сол уақыттарда механикалық күшті анықтайтын магнит
өрісі онда енгізілген электр тогының бөлшегіне қандай әсер беретіндігі туралы-
Ампер заңы бекітілді. Сонымен қоса А.Ампер екі ток күшінің күштік
байланысының заңын ашты. Заттардың магниттік қасиеттерін түсіндіруге
арналған Ампердің 1820ж. ұсынылған молекулалық токтар жайлы гипотезасы
физикада ерекше орын алады (магнетизмнің электрлік негізі жайлы гипотеза)
1831ж. М.Фарадей электромагниттік индукция заңын ашты. Өзі жүргізген
тәжірибелер негізінде ол электр тогы мен магнетизмнің жалпы көрінісіне сипат
берді,кеңістікте шекткі мәнді жылдамдыққа ие электромагниттік (ЭМ)
толқындардың бар болуын жорамалдады. Ол
парамагнетизм және
диамагнетизм, магнит өрісінің күш сызықтары бойында таралатын сызықты
поляризацияланған жарық жазықтығының поляризация бұрылуын (Фарадей
эффектісі) ашты,диэлектрлік өтімділік ұғымдарын енгізді.
1873ж. Джеймс Клерк Максвелл (1831-1879гг.) электродинамиканың
теориялық негізі болып қалыптасқан қысқаша теңдеулерді анықтап берді.
Максвелл теңдеулерінің бір нәтижесі ЭМ толқындардың
бар болу жорамалы
еді,ол да электромагниттік толқындардың болу мүмкіндігін жорамалдады.
Біртіндеп, ғылымда электромагниттік өрістің жеке бір материялық дүние және
кеңістікте ЭМ қатынастардың таратушысы ретінде көрініс қалыптаса
бастады.1895 ж. А.С.Попов үлкен жетістікке ие болған құрылғы-радионы ойлап
тапты. Ол ғылым мен техниканың одан әрі дамуына орасан зор әсерін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: