Opt 2212
ОПТИКА
Көлемі - 3 кредит
Авторлар:
Михайлов Л.В. – техника ғылымдарының кандидаты, қатты дене
физикасы және бейсызық физика кафедрасының доценті
Исмайлова Г.А. – PhD доктор, қатты дене физикасы және бейсызық
физика кафедрасының аға оқытушысы
Пікір жазғандар:
Алиев Б.А.- физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақ Мемлекеттік қыздар педогогикалық университетінің бірінші проректоры
Лаврищев О.А.- физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Эскперименталды және
теориялық зерттеу институтының директоры
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Жалпы физика курсы, оның ішінде «Оптика» бөлімі физиктер мен
техникалық мамандарды дайындаудың жалпы жүйесіндегі негізгісі болып
табылады. Пәннің басты мақсаты – білімнің іргелі базасын қалыптастыру, оның
негізінде келешекте теориялық физика курсы мен арнайы курстардың
төңірегінде физиканың барлық тарауларын анағұрлым терең және мұқият
дамытуға болады. Осыған сәйкес «Оптика» пәніне қойылатын негізгі талаптар
анықталады: студенттердің бойында классикалық физиканың бірегей тәсілдері
шеңберінде бізді қоршаған табиғат әлемінің бірегей, тиянақты, логикалық
кереғар емес физикалық бейнесін қалыптастыру, оларды табиғатта болатын
және техникада қолданылатын барлық негізгі оптикалық құбылыстармен және
процестермен таныстыру. Осы кезде тек таза сапалық түсініктермен шектеліп
қалуға болмайды, студенттерді мөлшерлік тұрғыдан қабылданған жуықтаулар
шеңберінде нақты есептерді шешуге үйрету керек.
Достарыңызбен бөлісу: