ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Теориялық механика – заманауи ғылым мен техниканың негізінде жатқан
фундаменталды пән. Теориялық механиканың материалында механикалық
қозғалыспен, механикалық әсерлесулермен
байланысатын қатты денелердің,
жалпы ортаның қасиеттеріне байланыста жалпытехникалық арнайы пәндер
анықталады. Теориялық механика жоғары математика, теориялық механикамен
бірігіп, теориялық дайындықтын негізі болып табылады.
Теориялық механика курсын баяндау ғылыми түрде қатаң,
дәл және анық
болуы керек, зерттелетін құбылыстардың, түсініктердің және заңдардың физикалық
мәнін түсіндіруге ерекше көңіл бөліну керек. Оқу материалдарын баяндаудың
қатаңдылық және дәлділік талабы физика
курсында пайдаланылатын
математикалық аппаратқа да қатысты. Студенттердің математикалық мәдениетін
арттыру үшін математика көмегімен алынған физикалық теңдеулердің,
қатынастардың физикалық мағынасына және олардың қолданбалық шекарасына
талдау жүргізілу керек.
«Теориялық механика» пәнін
оқытудың мақсаты:
– қозғалыс пен материалдық денелер
мен олардың әсерінен пайда
болатын арақатынастар бағынатын жалпы заңдарды зерттеу;
– студенттің болашақтағы кәсіби қызметінде физикалық зерттеулер
дің физикалық принциптерін, механикалық-математикалық
моделін
қолдана білуді үйрету;
– студенттің болашақтағы кәсіби қызметінде материалдық өмірде
қолданылатын физикалық зерттеулердің негізінде ғылыми өмірлік көзқарастар
қалыптастыру.
Пәннің міндеттері болып табылады:
–
материалдық денелердің әсерлесуі кезіндегі механикалық жүйе
құрайтын күштерді анықтау (күштік есеп);
–
әртүрлі санақ жүйелеріндегі дене қозғалыстарының
және олардың
нүктелерінің қасиеттерін анықтау (кинематикалық есеп);
Достарыңызбен бөлісу: