Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»


Жұтқыншақ - ұзындығы 11-13 см бұлшық етті мүше; онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді. Өңеш



бет62/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3

Жұтқыншақ - ұзындығы 11-13 см бұлшық етті мүше; онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді.
Өңеш - ұзындығы, шамамен, 2 5 см бұлшық, етті түтік. Өңеш көкет арқылы өтіп, XI кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады.

Жануарлардағы сілекей бездерінің қызметін зерттеу үшін И.П. Павлов олардың шығару өзегіне жыланкөз (фистула) қою операциясын ұсынды. Наркоз арқылы иттің ауыз қуысындағы сілемейлі қабығының бір бөлігін сілекей безі өзегінің тесігімен бірге кесіп алды. Бұл кезде сілекей безінің өзегі зақымдалмайды. Содан кейін өзекті сыртқа шығарып, теріге тігеді. Ит операциядан кейін тез жазылып кетеді. Енді таза сілекей өзек тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Бөлінген сілекейді жинап, мөлшерін өлшеп, зерттеуге болады. Операция жасалмаған басқа бездер ауыз қуысындағы қалыпты ас қорытуға қатысады.


И.П.Павлов пен оның әріптестері сан алуан тітіркендіргіштер сапасы әр түрлі және бірдей емес мөлшерде сілекей бөлінуін тудыратынын дәлелдеді.Сілекей ылғал затқа қарағанда құрғақ затқа көбірек бөлінеді.
Сілекей құрамы. Таза күйінде сілекей құрамында 98-99% су, 1,5%-ға тығыз қалдық болатын, әлсіз сілтілік реакция көрсететін сұйықтық болып табылады. Тығыз қалдықтың 2/3-сі органикалық заттардан, негізінен, нәруыздар мен ферменттерден тұрады. Сілекей нәруызы — муцин сілекейді жабысқақ етеді. Муцинге байланысты сілекей сіңірілген тағам жеңіл жұтылады.
.Жұту - рефлексті әрекет. Тағам түйірі тіл түбіріне ауысқанда жұту қозғалысы рефлексті түрде пайда болады. Тіл түбірі рецепторларынан қозу сопақша мида орналасқан жұту орталығына өтеді. Ол жерден жұтқыншақ бұлшық еттеріне барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет