Учебно методический



бет23/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

Дәріс №6
Тақырыбы: «Босану әрекетінің ауытқулары»
Мақсаты: босанудың анамалияларының негізгі варианттары, диагностикасы, емдеу, профилактикасы жайлы сипаттама беру.
Дәріс тезисі: Босану анамалиялары босану актісінің жиі кездесетін асқынуының бірі болып табылады. Осы патологиялық емі, профилактикасының қауіпсіз, сенімді әдістері жоқ. Жатырдың жиырылғыштық функциясының анамалияларының ақыры анаға да, ұрыққа да өте қауіпті.
Босанудың анамалияларының пайда болу себептері әр түрлі. Оны мынадай топтарға бөлуге болады: 1) ана организмінде пайда болатын ақаулар; 2) ұрық пен плацентаның патологиясы;
3) ұрықтың жылжуына түрлі кедергілер болғанда; 4) ятрогенді факторлар
Босану анамалияларының негізгі варианттары мынадай: 1)патологиялық прелиминарлы кезең; 2) босану кезеңі әлсіздіктер; 3) дискоординирленген және шектен тыс босану.
Босану анамалияларының түрін анықтау үшін жатырдың тонусы мен жиырылғыштық функциясын анықтау маңызды. Патологиялық прелиминарлы кезең 6 сағатқа дейін созылатын ауырсыну сезімімен жүретін толғақпен, демалу мен ұйқының бұзылуымен сипатталады.
Емі жатырдың мойнын тезірек жетілдіруге, жатырдың жиырылуы кезеңдерінде ауырсыну сезімін жоюға бағытталған. Босану кезіндегі әлсіздік барлық анамалиялардың 90%-н құрайды. Босану кезіндегі әлсіздіктің I түрінде толғақ өте әлсіз болады. II түрінде толғақ әлсірейді.
БКӘ-ң емі оның түрлі себептеріне байланысты стимуляциялау үшін окситоцин,простогландиндер тағайындайды. Босанушылар шаршаса, ем ретінде ұйқы ұсынылады. БКӘ басқа да акушерлік патологиямен қабаттаса кесаревосечение жүргізіледі. Дискоординирленген босану кезінде төмендеген үштік градиенттің принципі бұзылады,толғақтар әлсіз, ауырсыну сезімімен.
Емі седативті және спазмалитикалық заттарды қолданумен жүргізіледі. Шектен тыс босану кездегі активтілік жиі толғақтармен сипатталып, тез босануға алып келеді. Босану анамалияларыныі профилактикасы.

Иллюстративті материал: семалармен,суреттермен жабдықталған мультимедиялық презентациялар.


Әдебиеттер:
Орыс тілінде
Негізгі:
1.Акушерство: кітап + СД/под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М.,ГЭОТАР – Медиа, 2008.
С. – 541-555.
Қосымша:
1.Айламазян Э.Г. Акушерство: студенттерге арналған кітап мед.ВУЗов. С. – Петербург. – 2005. –
С. -282-291.
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Раисова А.Т. Акушерия және гинекология. – Алматы, 2006

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):


Босану анамалияларының классификасы
Босану анамалияларының себептері
Патологиялық прелиминарлы кезеңге не тән?
Босану кезіндегі 1-к әлсіздікке не тән?
Босану кезіндегі 2-к әлсіздікке не тән?
Дискоординирленген босану әрекетіне не тән?
Шектен тыс босануға не тән?
Босану анамалияларының профилактикасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет