Тақырыбы: «Зерттеу әдістері. Гинекологиялық аурулардың пропедевтикасы» Мақсаты: гинекологиядағы негізгі зерттеу әдістері туралы түсініктеме, гинекологиялық аурулардың негізгі симптомдары, гинекологиялық аурулардың құрылымы
Дәріс тезистері
Гинекология –әйелдердің жыныс ағзаларының жүктіліктен тыс кезеңіндегі дерттерін зерттейтін ғылым.
Гинекологиялық науқастарда анамнез жинау ерекшелітері.
Негізгі симптомдар: ауру сезімі, менструальді циклдің бұзылыстары, репродуктивті қызметтің бұзылуы(бедеулік, көтермеу), көрші ағзалардың қызметінің бұзылуы(қуық, ішек). Қосымша шағымдар: қабыну процесінде – температура көтерілуі, интоксикация симпотомдары; қан аққанда жалпы әлсіздік, бас айналу және т.б. шағымданады
Объективті зерттеу: жалпы қарап тексеру, жүйелер және ағзалар бойынша зерттеу. Гинекологиялық науқастарды зерттегенде дене бітімін анықтау және тері жабындыларын бағалау маңызды орын алады. Дене бітімінің негізгі 4 түрін ажыратады: пикнотикалық, инфантильді, астеникалық, интерсексуальді. Қарап тексергенде түктелу(оволосение) түріне назар аударады. Қалыпты түктелу шап аймағында және қолтық ойысында байқалады. Гирсутизм – түктердің еркек типі бойынша өсуі(іштің ақ сызығы бойымен, бетте, сүт бездерінде, санның ішкі бетінде), жиі ол әйел ағзасында андрогеннің артық өндірілуімен байланысты. Гирсутизм дәрежесін Ферриман-Галвей шкаласы бойынша бағалайды. Сүт бездерін зерттегенде, көлеміне, гипотрофия немесе гипертрофия болуына, терідегі трофикалық өзгерістерге назар аударады және науқастың тұрған және жатқан қалпында жүйелі пальпациясын жүргізеді.
Арнайы гинекологиялық тексеру: сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексеру, айналарда(на зеркалах) қарап тексеру, бимануальді қынаптық тексеру, ректальді тексеру, комбинирленген тік ішек-қынап-құрсақ қабырғалық зерттеу.
Гинекологиядағы қосымша зерттеу әдістері: бактериоскопиялық, бактериологиялық зерттеу, функциональді диагностика әдістері, гистологиялық зерттеу, цитологиялық әдіс, эндоскопиялық, УДЗ, ретнтгенологиялық, радиоиммунологиялық әдістер.
Гинекологиялық аурулар құрылымы: әйел жыныс ағзаларының қабынулық аурулар тобы, етеккір циклінің бұзылуы, жаңа түзілімдер, эндометриоз, нейроэндокринді синдромдар, әйел жыныс ағзаларының дұрыс емес қалпы және даму ақаулары.
Гинекологиялық науқастың патологиялық мәліметтер жинағы,болжама диагноз, алдын-ала диагноз, қорытынды диагнозі.
Иллюстрациялық материал: мультимедиялық презентация кесте және суреттерімен бірге.
Әдебиеттер:
Орыс тілінде:
негізгі:
1.Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.,
С.- 1- 23.
қосымша:
Гинекология: учебное пособие по клинической практике для студентов медицинских
колледжей/ под.ред. К.А.Аяпова – Алматы, 2005., С.-5-7
Қазақ тілінде:
негізгі:
Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж.
қосымша:
Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
Гинекологиялық науқастарды зерттеу әдістері?
Гинекологиялық зерттеуге не кіреді?
Гинекологиялық аурулардың семиотикасы?
Гинекологиялық аурулардың құрылымы?
Жатыр мойнын айнамен қарап тексергенде нені бағалайды?