Учебно методический


Дәріс №7 Тақырыбы: Нейроэндокринді синдромдар. Климактерлік, посткастрациялық, менструация



бет40/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

Дәріс №7


Тақырыбы: Нейроэндокринді синдромдар. Климактерлік, посткастрациялық, менструация
алды синдромы.
Мақсаты: нейроэндокринді синдром жайлы жалпы түсінік беру, жіктелу, этиология,
клиника, диагностика, терапия принциптерімен таныстыру.
Дәрістің тезисі
Пременструальды синдром (ПМС) немесе предменструальді керілу синдромы –
патологиялық симптомокомплекс, менструальды циклдың екінші фазасында
нейропсихикалық, вегето-тамырлық және алмасу-эндокриндік бұзылыстармен сипатталады.
ПМС жиілігі өзгеріп тұрады және әйел жасына байланысты: 30-ға дейін – 20%, 30-дан
кейін – 50%-ке дейін.
ПМС пайда болуына әкелетін факторлар: стресс, нейроинфекция, асқынған босану
және аборттар, әр түрлі жарақаттар және оперативті ену.
ПМС даму теориялары: гормональді, «сулы интоксикация, психосоматикалық
бұзылыс, аллергиялық және т.б.
ПМС клиникалық түрлері: нейропсихикалық, ісінулік, цефалгиялық, криздік.
Симптомдар санына, олардың ұзақтығына және айқындылығына байланысты ПМС-тің
жеңіл және ауыр түрін бөледі.
ПМС стадиялары: компенсирленген, субкомпенсирленген, декомпенсирленген.
Диагностика: психикалық ауру жоқ екендігін көрсететін психиатр шешімі;
симптоматиканың менструальді циклмен тығыз байланысы – клиниканың менструация
алдында 7-10 күн бұрын және менструациядан кейін тоқтауы.
Диагностика: циклдің екінші фазасында пролактин, прогестерон, эстрадиол деңгейін
анықтау, КТ, МРТ, ЭЭГ, диурезді өлшеу, маммография, невропатолог, психиатр,
терапевт, эндокринолог кеңесі.
Емі: психотерапия, КОК, седативті, психотропті, антигистаминді препараттар. ПМС-тің ауыр ағымында – агонист Гн-РГ 6 ай.
Климактерикалық синдром (КС) – әйелдерде климактерикалық кезеңде пайда болатын, нерв-психикалық, вегето-тамырлық және алмасу-трофикалық бұзылыстармен сипатталатын патологиялық жағдай.
Менопауза орташа 50 жаста келеді. 45 жасқа дейін етеккірдің тоқтауын ерте менопауза дейді. 40 жасқа дейін тоқтау – мезгілсіз менопауза(аналық бездің мезгілсіз жеткіліксіздігі). 60-80% әйелдерде пери немесе ерте постменопаузада әр түрлі айқындылықты климактерикалық синдром басталады.
Жіктелуі:
Климактерияда келесі фазалар бар: пременопауза, менопауза, перименопауза, постменопауза.
Пременопауза – бірінші климактерикалық симптомдардан соңғы менструацияға дейінгі уақыт;
Менопауза – соңғы өзіндік менструация, аналық бездермен серттелген(мерзімді ретроспективті анықтайды, дәлірек соңғы менструациядан кейін 12 ай)кезең .
Перименопауза – пременопауза мен менопаузадан кейінгі жылды қосатын кезең.
Постменопауза - менопаузадан басталады,65-69-да бітеді. Ерте(5 жылға дейін), кеш(5-тен 10-ға дейін.)
Этиология және патогенез:
Климактерикалық периоданалық без қызметінің бірте-бірте төмендеуімен, одан кейін оның «өшуімен» сипатталады(менопаузаның 1-3 жылдары жалғыз фолликулдар байқалады, тек кішкене көрінеді, олар келешекте жоқ болады). Нәтижесінде пайда болған жағдай – гипергонадотропты гипергонадизм(эстрогенді жетіспеушілік), лимбикалық система, нейрогормондар бөлінуінің бұзылыстарымен бірге жүреді.
Клиника:
Пайда болған уақытына қарай:
Ерте;
мәулетті (менопаузадан кейін 1-2 жыл);
кеш (2-5 жыл менопаузы).
Климактерикалық синдромның ерте симптомдары:
● вазомоторлы – тер басу, қалтырау, , артериальді гипотензия приливы ысу, қалтырау, жоғарылаған тер бөлінісі,артериальді гипотензия және гипертензия , жүрек жиі соғады;
● эмоциональді- вегетативті - тітіркеннгіштік, ұйқышылдық, әлсіздік, уайымшылдық, депрессия, либидо төмендеуі.
Менопауза басталғаннан кейін 1-3 жылдан сон, келесі симптомдар пайда болады:
●УГР;
● тері және оның қосымшаларының зақымдалуы(тырнақ құрғауы, әжімдер).
Климактерийдің кеш көрінісіне жатады:
● постменопаузальді метаболикалық синдром (атеросклероз, артериальді гипертензия, гиперлипедемия, инсулинорезистенттілік);
● неврологиялық: когнитивті функцияның төмендеуі а;
● сүйек-бұлышқеттік: остеопороз, остеоартрит.
Диагностика:
анамнез,
физикальді зерттеу (дене массасының индексі, дене бітімі, әр түрлі ағзалардың жағдайы.
Зертхана-аспаптық зерттеу : цитологиялық зерттеу, жатыр мойнынан мазоктарды алып зерттеу(Папаниколау бойынша), ( мазок по Папаниколау); гормондар (ФСГ, ЛГ, эстрагено, пролактин,ТТГ,тестостерон қандағы); қанның биохимиялық анализі ( креатинин,АЛТ,АСТ, ЩФ, глюкоза,билирубин, холестерин, триглицериды); липидті спектр ( холестерин в ЛПВП,ЛПНП,ЛПОНП, липопротеид,атерогендік индекс); маммография ; трансвагинальді УДЗ (М-эходағы 4-5 мм эндометрийда патология жоқ екенін көрсетеді,остеоденсиметрия .
Ем: ЗГТ эстроген, физиотерапевтикалық әдістер, гомеопатикалық заттармен.
Тотальді овариоэктомиядан кейінгі синдром (ТОКС) - посткастрациялық синдром, хирургиялық менопауза.
Қуысты операциялар ішінде гистерэктомия 25-38%. ТОКС жиілігі 70-80%.
Клиникалық көрініс айқындылығына қарай жеңіл, орта, ауыр боп бөлінеді.
Этиология: екі қызмет атқаратын безді алып тастаса, ФСГ, ЛГ өседі.айқын гипоэстрогения..
ТОКС-қа кіреді: вегето-тамырлық, нейропсихикалық, алмасу-эндокриндік.
Диагностика:
анамнез,
физикальді зерттеу (дене массасының индексі, дене бітімі, әр түрлі органдардың жұмысы),
зертхана-аспаптық зерттеу: гормондар (ФСГ, ЛГ, эстрадиол), психоэмоциональді, урогенитальді бұзылыстар, остеопороз,
басқа специалисттер кеңесі (уролог, маммолог, психолог, эндокринолог).
Емі: ЗГТ эстрогендармен, физиотерапевтикалық әдістер, седативті препараттар, көрсеткіш бойынша – транквилизатор, антидепрессант.
Иллюстрациялық материал: мультимедиялық презентация(кесте және суреттерімен бірге..
Әдебиет:
Орысша
негізгі:
1.Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.
қосымша:
Гинекология: учебное пособие по клинической практике для студентов медицинских колледжей/ под.ред. К.А.Аяпова – Алматы, 2005.,
Қазақша
негізгі:
1.Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж.
қосымша:
Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.
Бақылау сұрақтары(кері байланыс):
Пременструальды керілу синдромына анықтама?
ТОКС этиологиясі (тотальді овариэктомиядан кейінгі жаман)?
Климактерийдің фаза бойынша жіктелуі?
Климактерийдің кеш көрінуіне не жатады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет