Учебно методический


ОНКОГИНЕКОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІС КЕШЕНІ ( ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ, БЛОК № 9)



бет42/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

ОНКОГИНЕКОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІС КЕШЕНІ ( ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ, БЛОК № 9)
Дәріс №10
Тақырыбы:Ерте пайда болған репродуктивті жүйе онкопатологиясының мемлекеттік скринингті бағдарламасы. Жатыр ауруларының фондық, ісік алды аурулары.
Дәріс тезисі
Маңыздылығы. Әйел жыныс ағзаларынығ ісігі кеңінен тараған. Жатыр мойны ісігі барлық аурулардың ішінде 6-шы орында, ал әйелдердің жыныс ағзаларынын онкологиялық ауруларының ішінде 3-ші орында. Жатыр денесінің рагы -12 және 5; аналық безінің рагы -14 және 6 орында. Бес жылдық өмір сүрулері: жатыр мойны рагында 60,7%, жатыр денесінің рагында 61,4%, аналық безінің рагында 51,3% құрайды.
Онкологиядағы ең маңызды проблемалардың бірі скрининг-диагностикасы болып табылады. Скринингтау әдіске- жатыр мойнының қатерлі ісігінде онкоциталогияға жағынды алу, жатыр денесінің қатерлі ісігінде эндометриден аспирациялық биопсия, аналық бездің қатерлі ісігінде- УДЗ.
Жатыр мойнының фондық ауруларына ( нағыз эрозия, жалған эрозия, эрозияланған эктропион, лейкоплакия, эритроплакия, цервикоз, цервикальды каналдың полипы, жедел эндоцервицит, папилома, эндометриоз).
Жатыр мойнының ісік алды процесі- дисплазия: әлсіз (CIN 1), орташа (CIN 2), ауыр (CIN 3).
Жатыр мойнының патологиялық кезіндегі диагностикалау әдістері:
1. Жатыр мойнын қынаптық әйнек арқылы қарау
2. Кольпоскопия. Қалыпты кольпоскапиялық көрініс, аномальды инвазивті карсиномага күмәнді кольпоскопиялық көрініс және басқа да кольпоскапиялық көріністер. Кольпоскапия тапсырмалары.
3. Цитологиялық зерттеу әдісі. Жатыр мойны рагынын фонды және ісікалды ауруларынын клиникалық көрінісі, емдеу әдістері, профилактикалық және диспансерлік бакылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет