Дәріс №2 Тақырыбы: Менструальді циклдің бұзылуы. ДЖҚК(Дисфункциональді жатырлық қан кету). Мақсаты: қалыпты менструальді циклі, оның реттелуі және менструальді қызмет бұзылуымен жалпы таныстыру; этиология, клиника, диагностика және цикл бұзылысы кезіндегі емдеу принциптерімен таныстыру.
Дәріс тезистері
Менструальді цикл (МЦ) – әйел организміндегі күрделі биологиялық процесс. Ол әйелдің жыныс ағзаларындағы белгілі заңдылықтарға бағынатын циклдік өзгерістермен және басқа жүйелердің функциональді жағдайының ауытқуымен сипатталады. Қалыпты менструальді цикл негізгі үш компоненттен тұрады:
-әйел жыныс безіндегі – аналық без, дәлірек – гипоталамус-гипофиз-аналық без жүйесіндегі(аналық бездік цикл) циклдік өзгерістер;
-Жатыр, көбінесе эндометрийдегі циклдік өзгерістер (жатырлық цикл);
-организмнің әр түрлі функцияларының физиологиялық ауытқуы (менструальді толқын).
Репродуктивті жүйенің 5 түрі бар:
I -деңгей: тін–нысана – гормондар нүктесі.
II- деңгей: эндокриндік без – аналық без.
III- деңгей: гипофиз
IV -деңгей: гипоталамус
V -деңгей: ОЖЖ-ң экстрагипоталамикалық құрылымы.
Менструальді цикл бұзылысы әйелдердің әр түрлі жастық кезеңдерінде кездесуі мүмкін: жыныстық жетілу кезінде, репродуктивті кезінде және пременопаузада.
Клиникалық көріністеріне байланысты 3 негізгі тобы бар:
Аменорея және гипоменструальді синдром;
Қан кетуге байланысты, менструальді цикл бұзылыстары
Ауыру сезімімен өтетін менструация – альгодисменорея.
Жүрек-қантамыр, қан жасау жүйелері және бауыр аурулары;
Гинекологиялық операциялар;
Зәр шығару жолдарының жарақаттары;
Жыныстық жетілу кезеңіндегі гипоталамоө-гипофизарлы жүйенің жасқа байланысты даму бұзылыстары;
Пременопаузадағы гипоталамустық орталықтардың инволюциялық қайта құрылуы.
ДЖҚК. Дисфункциональді жатырлық қан кету(ДЖҚК) – гипоталамус-гипофиз-аналық без-жатыр жүйесінде, репродуктивті органдар патологиясі және қан аурулары болмаған жағдайдағы функциональді бұзылыстар.
Әйел жасына байланысты емдеу принциптері: хирургиялық гемостаз(цервикальді өзек, жатыр қуысын бөлек емдеу-диагностикалық қыру), гормональді гемостаз, реттейтін гормонотерапия.