Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет24/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Жаңа Вавилон империясы
Б.з.д. ІІІ мыңжылдықтан бері әйгілі Вавилон б.з.д. VІ ғ. ор-
тасында ерекше айбындылыққа қол жеткізеді. Навуходоносор ІІ 
басқарғанда қала халқының саны 1 млн адамды құрайтын әлемдік 
сауда орталығына айналады, ол қатаң жоспар бойынша дамыды. 
Қала орталығында «ішкі қала» деп аталатын ғибадатханалар мен 
сарайлардан тұратын қасиетті телім орналасқан. Оның ауданы 10 
шаршы км, халқының саны 200 мың адамды құраған. Ол биіктігі 20 
м және қалыңдығы 7; 7,8 және 3,3 м болатын үш қабатты битуммен 
байланыстырылған күйдірілмеген кірпіш қабырғамен қоршалған. 
Қаланың шығыс және батыс бөліктері көпірлермен қосылған
қабырғалар мен мұнаралар тісті жиекқабырғамен аяқталған.
Ішкі қала шұңқырмен қоршалған. Бас солтүстік есік – Иш-
тар қақпасы ою-өрнек және арыстан, бұқа және құбыжықтардың 
бейнесі салынған глазурлі қыш кірпішпен қапталған 4 мұнаралы 
ішкібекініспен қорғалған. 
Негізгі қала құрылысы жұпыны сипатта болды, үстінде терраса-
сы бар бір, кейде екі қабатты болып келген. Ішкі қалада құрылыс 3-4 
қабатты үйлермен жүйелі болып келген, көшелерінің ені 4 м. Бүкіл 
қала арқылы өтетін негізгі жол «шеру жолы» бас ғибадатханамен 
және Иштардың солтүстік қақпаларымен қосылады.
Қасиетті телімде 533 ғибадатхана болды және аудан 30 га жерді 
алып жатты. Оның солтүстік бөлігінде биіктігі 91 м төртбұрышты 
зиккурат тұрды (91 х 91 м). Ол күйдірілмеген кірпіштен қаланған 
және күйдірілген кірпішпен қапталған. 7 террасада жарқыраған 
көгілдір глазурлі ғибадатхана-обсерватория орналасқан. Зиккурат 
түстері: қара, ақ, қарақошқыл, көгілдір, қызыл, күміс, алтын. Қасиетті 
телімнің оңтүстік ауласын құдайдың алтын мүсіні орнатылған Мар-
дук ғибадатханасы алып жатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет