Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы Орындаған: толеген жансая



бет2/4
Дата10.03.2023
өлшемі12,77 Kb.
#171692
1   2   3   4
Байланысты:
Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы Орындаған толеген жансая-melimde.com

Қуықты жуу.

Мақсаты: қуыктың қабыну процесін емдеу, тіндердің шіру өнімдерін, іріңді немес ұсақ тастарды механикалық алып тастау. Зәр мүшелер эндоскопиялық зерттеу алдында.

Дайындаңыз: науқастың жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал-жабдықтарды; қуыкты жууға арналған 37°С дсйін жылытылған антисептикалық ерітіндіні (фурацилин ерітіндісін нсемесе перманганат калийдің әлсіз ерітіндісін және т.б), Және шприцін, қолғаптарды, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Ескерту:


қуықты жуар алдында бір несеп шығаруда бөлінген несеп мөлшерін өлшеу арқылы, қуықтың сыйымдылығын анықтайды.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның кслісімін алыңыз.

2. Науқастың бөксе астына кленканы және жаялықты салыңыз. Науқасты арқасымен жатқызып. тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ажыратыңыз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды 70% спиртпен суландырған мақта шариктерімен, тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ерітіндісімеп тазартыңыз. Залалсыздандырған қолғапты киіңіз.

4. Науқастың сыртқы жыпыс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз).

5. Әйелдің қуығына катетерлеуді жүргізіңіз (іс-әрекетті қараңыз).

6. Катетерлеу арқылы қуықты босатыңыз (катетерді шығармаңыз).

7. 50-мл мөлшеріндегі жылытылған фурацилин еріКатетердін бос шетіне Жане шприцін жалғастырып, фурацилин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп қуыққа салыңыз.

8. Катетердегі Жане шприцін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шегін несеп жинайтын ыдысқа салыңыз, сұйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады.

9. Жуылған су таза болып шыққанша, жууды бірнеше рет қайталаңыз.

10. Қуықта аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып, катетерді шығарыңыз да зарарсыздандыру ерітідіндісіне салыңыз.

11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

12. Науқастың тұруына және ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, оны 1 сағат бойы бақылаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет