Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы Орындаған: толеген жансая


Стандарт Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшелерін жуу



бет3/4
Дата10.03.2023
өлшемі12,77 Kb.
#171692
1   2   3   4
Байланысты:
Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы Орындаған толеген жансая-melimde.com

Стандарт Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшелерін жуу.

Максаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, науқастың жеке бас талығын сақтау, зәр бөліп шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жыныс ауруларының алдын-алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі.

Дайындаңыз: ішінде жылы (t-37-38°C) әлсіз калий перманганат 1: 5000 фурациллин ерітіндісі немесе суы бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын, корнцангті, залалсыздандырылған сүрткілерді, клеенканы, зәр қабылдағышты (судноны), қолғаптарды, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты , қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Стандарт Ер адамның жыныс мүшесін жуу.

Мақсаты: жыныс мүшелері аймағы тазалығын сақтау, науқастың жеке бас тазалығын сактау, зәр шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы аурулардың алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайында.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған, лотокты, сүрткілерді, қолғаптарды, кленканы, жаялықты, сабынды, судноны, ішінде суы бар құмыраны (судың Т -37-38֠С) немссе Эсмарх крушкасын.

Стандарт Зәр қабылдағышты беру.

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастыц физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде қолданылады.

Дайындаңыз: зарарсыздандырылған зәр қабылдағышты, залалсыздандырылған дәке сүрткілерін, кленканы, жаялықты, резеңке қолғаптарды, кермені, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаска емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқастың кереуетінің жанына кермені қойыңыз.

3. Көрпені қайырып тастаңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жаққа алшақтатуын өтініңіз. Егер ол осыны өз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет