Ульмисекова Динара Мейрамқызы Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында баланың тілдерді меңгеруге қызығушылығын арттыру



Дата25.08.2017
өлшемі77,96 Kb.
#26179
Павлодар қаласы, №122 мектепке дейінгі гимназия
Ағылшын тілі маманы: Ульмисекова Динара Мейрамқызы

Тақырыбы: Ағылшын тілі  сабағында  баланың тілдерді меңгеруге қызығушылығын арттыру

1.Мақсаты- бағдарламадан алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау және білім беруді ойынмен ұштастыру, өйткені ойын –оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория

2.Міндеті- баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа әрекеттерін айқындайды және мына қасиеттері қалыптасады:

- Қисынды ой- қабілеті дамиды;

- Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;

- Сөздік қоры байиды, тілі дамиды

- Зейіні қалыптасады

- Байқампаздығы қалыптасады

- Өзара сыйластыққа үйренеді

- Ойынның ережесін бұзбау, яғни тәртіптілікке баулиды

- Бірі – біріне деген балалардың сенімі артады

- Білімге деген қызығушылығы, ынтасы артады.

Елбасы  жолдауында кез – келген орта  санатты  мектептің  балаларының  ең жоғарғы  деңгейдегі  шет тілін  оқып  үйренуіне жағдай  жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз  керек  делінген. Қазіргі  таңда елімізде шет тілін  меңгертуге аса мән беріліп  отыр. Қазақстан Республикасындағы ең  бірінші  кезекте тұрған тіл саясаты туралы  басты  мәселе мемлекеттік  тілді  еркін меңгерту,шет тілін  меңгертудегі  басты  мақсат – білім алушылардың  сапасын  халықаралық  стандартқа сай  көтеру. Қазақстанның  білім  беру  жүйесінің  әлемдік білім кеңістігіне  біртіндеп  өтуі  жағдайында  шетел  тілдерін  оқытудың ролі  артады. Ағылшын тілін  оқытуға қызығушылықтарын арттыру әдістемесінің  бірі  ойын  элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту.

Баланың  шаршауын  сейілтіп,қызығушылығын арттыратын тек  ойын  элементтері  болып  саналады.Ойын  баланы бірігіп  жұмыс  істеуге бағыт  береді,іздендіруге  дағдысына  қалыптастыруына  мүмкіндік  туғызады.

Ағылшын  тілін  оқытуда ойын  түрлерін  мынадай  мақсатта қолдану  тиімді.

1.Алфавитті  дұрыс  меңгерту

2.Орфографияны  дұрыс   оқыту

3.Дұрыс   оқу  дағдысын қалыптастыру

4.Лексиканы  меңгерту

5.Балалардың  ойын  дамыту, дұрыс  айту,дұрыс  білу дағдысын  қалыптастыру.

Балаларды  шетел  тілінде  сөйлеуге  қарым-қатынас  жасауға  шет тілін  әрбір  педагог  өз  сабақтарында  жаттығудың  бір  түрі  ретінде  ойындарды қолданылып,сабақты  қызықты  өтуге, балалардың тілге  деген  қызығушылығын  арттыруға  білім  деңгейін  тексеру  құралы  ретінде  пайдалануға  болады.

Таңдап  алынған  ойындар балалардың  сөз  байлығына ,тіл  қорына  сай  болу  керек. Педагог кез-келген   ойынды  өткізу  үшін  алдын-ала  жоспар құрып  алуы  керек. Сонымен бірге педагог ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.

Ол әдістемелік  тұрғыдан  алғанда   мынадай  бөліктерден  тұрады:

1.Ойынның  өтілетін сабақтарының  мазмұны мен  тақырыбына  сай  болуы.

2.Ойынға  берілген уақытты  нақты  белгілеу.

3.Ойынның ойналу  түрі  топ  болып  ойнау.

4.Ойынға  қажетті  материалдардың түгел  дайындалып қойылуы.

5.Қолданылған  сөздер,сөз тіркестері,олең таңдау

6.Ойындардың  өту  барысының  жоспарын  жасау.

Педагог алдымен баланың оқуға  қызығушылығын ояту қажет. Баланың қызығу жәрдемімен  оқып үйрену барысында қабілеті  ашылып, дарыны  ұшталады, өз күшіне  мүмкіндігіне  сенімі  артады,кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие  бола бастайды.

Қызығуды  туғызу  үшін  ойын  түрлерін  пайдаланудың  орны  бөлек. Тиімді  пайдаланылған  ойын түрлері педагогтың  түсіндіріп  отырған материалын  балалардың зор ынтамен  тыңдап  берік  меңгеруіне  көмектеседі. Қызықты  ойын түрінен кейін  олар тез  серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы  орындайтын  болады. Ойындар барлық топтарда қолданылады.

Сонымен  бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер  арқылы да оқытуға  болады.Біз  сынып ішінде  ойындарынды қашан қолдануымыз керек.Мысалы  сабақ үстінде  жаңа  сөздерді қайталау үшін,отілген жаңа  сабақты  еске  түсіру  үшін қолданған жөн.

Топта   мынадай  ойындарды ойнауға  болады:

What’s  in the  bag?

Around  the  world

Board Race

Order Race

Question race

Bingo

Go fish ойындарын қолдануға  да болады. Бұл ойындар балалардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің  жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін  меңгеруіне  көп көмектеседі.



Ойындар балалардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша  алған  білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды  көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылас қоюына баулиды және балалардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады.  Ойындар арнайы  мақсатты көздейді  және нақты  міндеттерді шешеді.

Ойынның мақсаты бағдарламада  анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау  және  пысықтау немесе  тексеру сипатында болып  келеді. Ойынның міндеті  баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін  арттыру  мақсатында  іріктеліп  алынған нақты  мазмұнымен  анықталады.

Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез –құлқына өзі  басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу  әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде  ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі  пайдаланып  отыру  керек.

Ағылшын тілі пәнінде көбіне рольдік ойындар, грамматикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады.   Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге  адамның өмір сүруінің маңызды  бір түрі. Іс-әрекетті  кесте  түрінде қарастырсақ,баланың белсенділігімен білім  сапасын көрсетеді. 

Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рольдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда  зор маңыз атқарады. Ойын әсері  арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой  ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырылығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін дамытады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде сабақта пайдаланылатын танымдық ойындар, сөздік ойындар жан-жақты  дамытып білімді толық игеруіне көмектеседі.

Ойын  түрлерінің  материалдары  сабақтың  тақырыбы   мен   мазмұнына   неғұрлым  сәйкес  келсе,   оның  танымдық,   тәрбиелік    маңызы  арта   түседі.  Оны  тиімді   пайдалануда:

-Баланың қисынды ой- қабілеті дамиды;

- Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;

- Сөздік қоры байиды, тілі дамиды

- Зейіні қалыптасады

- Байқампаздығы қалыптасады

- Өзара сыйластыққа үйренеді

- Бірі – біріне деген балалардың сенімі артады

- Білімге деген қызығушылығы, ынтасы артады.



Қорыта келе балалардың ағылшын тілін меңгерту үшін тиімді әдістің бірі ойын технологиясының зор екендігін байқауға болады. Сабақтың тартымды өтуі, ойын түрлерін жаңашаландырып ұтымды қолдана білу педагогтан ізденісті талап етеді. Бұл дегеніміз - бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару педагогтың қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңарған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасауы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет