ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША ЛОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕРЕҢДЕТІЛГЕН ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ
8 сынып оқушыларына арналған
(8-сынып – 68 с.)
Көшербаева Сандуғаш Тұрлыханқызы
№178 лицейдің физика пәнінің мұғалімі
Пікір жазған: Қошанов Б. Д. - Математика және модельдеу институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.
Түсініктеме хат мазмұны
«Физика пәні бойынша логикалық және тереңдетілген есептер шығару» курсы 8-сыныпқа арналған физикадан стандартты курстың толықтырылуы болып саналады.
Ұсынылып отырған бағдарлама физиканы меңгерудін жоғарылататын деңгейін қалыптастыру қамтамасыз ететін негізгі бағдарлы элективті курсы мазмұны жағынан мектептегі негізгі курстың оқу бағдарламасына сәйкес құрылған.
Ұсынылып отырған бағдарлама қазіргі заман талап етіп отырған қажеттілік пен сұранысқа сәйкес туындап отыр.
Курстың мақсаты
физика пәні бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету-бағдарлы оқытуды ұйымдастыру;
мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқыту және эксперименттік дәлелдемелеріне көз жеткізу;
пәнаралык (химия математика және т.б.) байланысты нығайту, физиканың қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыру;
алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету;
дүниенің қазіргі замандағы физикалық бейнесі - табиғаттың біртұтастығы оның физикалық мәнін жеке тұлғаның саналы түрде түсінуін, интеллектуалды дамуын қалыптастыру.
Курстың міндеті:
есеп шартын, әрбір тақырыпта есептің барлық түрлері, оның ішінде сапалық, графиктік, есептеуге арналған тапсырмаларды күрделігіне қарай талдау дағдысын қалыптастыру;
есеп шығаруды бастамас бұрын физикалық құрылыста сипаттай білуге үйрете отырып, математикалық аппаратты дұрыс қолдана білу; есептің дұрыс шығарылғандығын «БХЖ» жүйесінде анықталатын физикалық шаманың өлшем бірлігін тексеруге айырықша көңіл бөлу керек.
физикалық процестерді түсінуге және есеп шығаруды жеңілдетуге икемдік беретін есептердін суреттеріне, графиктеріне, сызбеларына, кестелерге, физикалық тұрақтылар ға назар аудару.
оқушыларды теорияны берік меңгеруге, есеп шығарудың дағдылары мен мәдениетін қалыптастыруға үйрету.
лабораториялық жұмысты орындау барысында теориялық білімдерін эксперименттік түрде дәлелдеуіне назар аудару.
Достарыңызбен бөлісу: |