Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет36/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   384
Байланысты:
Факултатив

Курстың міндеті:
• Оқушылардың математикалық білімдерін қалыптастыру;
• Оқушылардың жалпы мәдениеттік көзқарастарын кеңейту;
• Өзіңнің қаншалықты икемді екеніңді анықтауға және алдағы перспективаға жету мүмкіндіктеріңді бағалау мен дамыту;
• Есептерді шешудің негізгі және стандартты емес әдіс-тәсілдерімен танысу;
• Білім мен іскерлік дағдыны кеңейту, түрлі проблемалық ситуацияларды шешу дағдыларына үйрену.
Курстың өзектілігі:
Кейбір оқушылардың математикаға деген көзқарастары өте кең, сондықтан да оларға мектеп бағдарламасы аздық етеді. Ұсынылып отырған бағдарлама оқушылардың математикаға деген қабілеттерін, ақылдың кеңін, тез ойлау мен есептеу мүмкіндіктерін тек терең білімнің нәтижесінде ғана қол жеткізе алатынын көрсетеді. Сондай-ақ білімді шоғырландырып, жалпы тайталасқа, өзіне сенімді оқушыларды даярлауға бағытталады. Бағдарлама 5, 6, 7 сыныптарға лайықталып жасалынған.
Курс рациональды түрдегі қатаңдық пен қолжетімділікпен сипатталады, себебі тақырыптар 5 сыныптан басталып, 6 сыныпта жалғастыра оқытылып, ал 7 сыныпта жоғары дәрежеде оқытылады. Курсқа логикалық есептер, болжам жасауға арналған есептер, жиындар теориясына және комбинаторика элементтеріне есептер, Дирихле принципі мен Эйлер дөңгелектері көмегімен шығарылатын есептер еңгізілген, сол себепті осы курс оқушының алған білімін негізгі курс бойынша кеңейтеді, тереңдетеді және жүйелейді. Теориялық материал типтік есептерді талдаудан тұрады, өзіндік жұмыстарға арналған жаттығулар, өзін-өзі тексеру сұрақтары, негізгі формулалар, тарихи деректер бар. Әрбір бөлім жобамен аяқталады. Оқушылар логика тәсілдері мен логикалық ережелерді оқып үйренеді. Курстың қолданбалылығы мен практикалылығы адамның әртүрлі сферадағы өмірімен байланыстырылған есептерден, ертегі және ойын түрінде берілген есептерден, тарихи есептер, құюға байланысты, жиындар мен комбинаторика есептерінен тұрады. Бұдан басқа ұлы математиктердің өмірі мен ашқан жаңалықтары, соның ішінде қазақ математиктері жайлы мағлұматтарды жинаумен айналысады. Білім жаңа деңгейге көтерілген сайын оқушылар үшін де қиындықтар туындайды. Математика – баланың ой-өрісін дамытатын инструмент, сол себепті осы курстың мақсаты – баланың потенциалын ашу, оны заманның қарқынына ілесе алатындай етіп шығару. Осы курс пәнге деген қызығушылықты қалыптастыруға, математикаға қабілеті бар балаларды анықтауға және болашақта математикамен байланысты мамандықты таңдауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет