Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет61/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   384
Байланысты:
Факултатив

Курстың мақсаты:
Теңдеулер мен теңсіздіктер курсы бойынша білім деңгейін тереңдету, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысын дамыту, қалыптастыру.
Курстың міндеттері:

  • Жоғары дәрежелі теңдеулерді, биквадрат және симметриялы теңдеулерді шеше білу;

  • теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешу тәсілдерін есептерге қолдана білу;

- теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйелерінің графиктерін сала білу және оларды шешудің тиімді жолдарын таңдай білу;
- логикалық және шығармашылық ойлауларын дамыту.
Бағдарламаның өзектілігі:

  • саралап оқытуға және оқушының жеке қабілетін дамытуға бағдарлануы;

  • оқу материалдарын жүйелі ұйымдастыру, оның рационалдығы мен логикалық оңтайлылығы, ұстанымдылығы;

  • оқушының жеке шығармашылық қабілетін дамыта оқытуға, математикалық олмпиадаларға дайындауға бейімділігі;

- оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырып, сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға мүмкіндік жасауы;
- оқушылардың танымдық, зерттеушілік іс-әрекеттерінің дамуы;
- топта және жұпта бірлесе жұмыс жасай отырып, өмір бойы білім алуға дағдылануы;
- нақты критерийлер арқылы оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауы жүзеге асады.
Бұл бағдарлама аптасына 2 сағат - барлығы 68 сағаттық оқыту курсына сәйкес жасалынған және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен жалпы орта білім беретін мектептердің оқу бағдарламасына енбеген, математиканы тереңдетіп оқытылтын сыныптың оқу бағдарламасының материалдарына баса назар аударылған.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

  1. Теңдеулер мен теңсіздіктер туралы негізгі түсініктер (6с)

Теңдеулер мен теңсіздіктердің шешімдері (2). Теңдеулер мен теңсіздіктер ұғымын түсіндіру және анықтамасын беру.
Мәндес (парапар) теңдеулер. Теңдеулер жүйесі және жиынтығы (2). Мәндес теңдеулер туралы түсінік және теңдеулер түбірлерінің бірдей болатындығын ұғындыру. Теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешудің толық алгоритмін үйрету.
Мәндес (парапар) теңсіздіктер. Теңсіздіктер жүйесі және жиынтығы (2). Мәндес теңсіздіктер ұғымын түсіндіру. Теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін шешудің толық алгоритмін үйрету.

  1. Сызықтық теңдеулер және теңдеулер жүйелері. Сызықтық теңсіздіктер (13c)

Сызықтық теңдеулер (2) Сызықтық теңдеулерді шешу тәсілдерін түсіндіру.
Сызықтық теңдеулер құруға келтірілетін есептер (2) . Белгісіз мәліметтерді айнымалылар арқылы белгілеп, олардың арасындағы тәуелділіктерді анықтай отырып, теңдеу құруға үйрету.
Екі белгісізі бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдістері (3). Теңдеулер жүйесін шешудің алмастыру, алгебралық қосу және графиктік тәсілдерін меңгерту.
Сызықтық теңдеулер жүйесіне келтірілетін есептер (2) . Айқындалған тәуелділік заңдылығы көмегімен белгісіз бен берілгендерді байланыстыратын теңдеулер жүйесін құрастыруды үйрету.
Бір белгісізі бар сызықтық теңсіздіктерді шешу (2). ) Сызықтық теңсіздіктерді шешу тәсілдерін түсіндіру. Бір белгісізі бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі (2). Бір белгісізі бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешудің толық алгоритмін үйрету.
III.Квадрат теңдеулер және оларға келтірілетін теңдеулер (10с)
Квадрат теңдеулер (2).
Виет теоремасы (2).
Квадрат үшмүшелікті көбейткіштерге жіктеу (2).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет