Уразова А.Қ. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сыныбы 5«А» Күні 27. 11. 2014 Тақырыбы Ақыл — тозбайтын тон, Білім –таусылмайтын кен



Дата28.01.2018
өлшемі262,9 Kb.
#35260



Уразова А.Қ.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сыныбы 5«А»

Күні 27.11.2014

Тақырыбы


Ақыл — тозбайтын тон,

Білім –таусылмайтын кен.

Мақсаты


Оқушылардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

А Танымдық қызығушылықтарын дамытады;

В Белгілі білім көлемін меңгереді;

С Ақыл-ой күштерін, қабілеттерін қалыптастырады;

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Слайд, интерактивті тақта, электронды оқулық, маркер, постер, суреттер, рефлексия парағы, стикерлер, т.б.

Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Топқа бөлу.





3 мин

Саламатсыздар ма, балалар!

Тренинг Көңіл-күй





Амандасады.

Жеміс-жидектерге байланысты топқа бөлінеді.



Тұсаукесер



10 мин

Ойқозғау. Электронды оқулық

Ұлы Абайдың он жетінші қарасөзі тыңдалады. (постер қорғау)



Сұрақ?1. Абайдың қарасөзінен қандай ой түйдіңіздер.

1-топ Ақыл- тозбайтын тон

2-топ Білім - таусылмайтын кен

3-топ Жүрек-адам денесінің патшасы

4-топ Қайрат- қажыры мен күші мол



Сәбит Перизат .

Тұрмағамбет Ізтілеуовтің

«Ақыл - тон, алдағанға, тозбайтұғын» өлеңін мәнерлеп жатқа айтады.

Электронды оқулықтан Абайдың он жетінші қарасөзін тыңдайды , сұраққа жауап алу. Қайрат, ақыл, жүрек ,білім туралы постер қорғайды, бағдаршам арқылы бағалайды.



Негізгі бөлім


20 мин

Балалар, ақыл-ой күштеріңді және интеллектуалдық қабілеттеріңді білім көлемінде «Жүйрік болсаң шауып көр»-деп алдым.

1.“Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез”

(Сұраққа- жауап)

1. Жеті атаны ата?

2. Үш арсызды ата?

3. Үш биді білесіз бе?

4. Қазақша ай аттары

5. “Фразеологизм сөзінің мағынасы

6.Апта күндерінің қазақша атауы қалай?

7.Лексика нені зерттейді?

8. “Жамағат” сөзінің баламасы

2“Даналар сөзі- ақылдың көзі”деп аталады. Онда даналар сөзінің жауабын тауып,жалғастыру.

1.“ Әз Жәнібек ханның алпыс екі биі болған екен.Бір жолы хан билеріне: “Дүниеде не өлмейді?” деп сұрақ қойғанда, алпыс бір биінің бір ауыздан берген жауабы қандай? (Жалғастыр)

2.Бұқар жырау тоқсан жасқа келгенінде Қаз дауысты Қазыбек би сәлем бере барыпты. Бұқар жырау айтсам, он түрлі жұмбағым бар. Сондағы Қазыбек бидің берген жауабы. (Жалғастыр.)

3.Үш тұғырлы тіл.

Қазір жұмбақтың шешуін тауып , оны орысша мен ағылшынша аударыңыздар..


1.Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.

(бор-мел-chalk)

2.Қабат-қабат қатталған


Асыл сөзбен апталған
Парағы бар сөйлейтін
Ол қазына өлмейтін.

(кітап-книга - book)

3.Оқушыға күнде еріп,


Жүретін не?

(күнделік-дневник - diary)

4.Білімнен мол сый-асы,


Балғындардың ұясы.

(мектеп-школа - school)

5.Білімнің дәнін тереді,


Балаға тәлім береді.

(мұғалім-учитель - teacher) 

6.Бір санға бізді өсірді


Өзі қалып орнында
Бізді алға көшірді.

(сынып-класс – form, grade)

Сергіту сәті. Қаражорға

Оқушылар деңгейлік тапсырмалар арқылы білімін, ақылын сынайды.


Қорытынды

Шағын эссе



Стикерлермен диалог


12 мин

Шығармашылық жұмыс. Эссе

«Білім жолы-нұрлы жол»
Мұғалім: Адамның басшысы-ақыл

Жетекшісі-талап

Шолушысы-ой

Қорғаушысы- сабыр

Сынаушысы-халық

Таусылмайтыны-арман

Ең қымбаттысы-ар сақтау

Сондықтан білімді болу барлығы ақылға байланысты.

Ақылың болса білімді боласың.

Эссе жазады.


Қорытынды бөлімінде балалар сабақ бойынша өз ойларын, сабақта ұнаған сәттерін стикерге жазып, тақтадағы постерге ілу керек.



Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет