Урок №, тема урока Бақылау жұмысы Нұсқа 13 Цель обучения (коротко)



Дата19.05.2020
өлшемі25,22 Kb.
#69756
түріУрок
Байланысты:
Нұсқа 13 Дынник Даниил


Қазақ тілі пәні бойынша 11-сынып оқушысының өзіндік

жұмысының жоспары
19.05.2020


Предмет

Қазақ тілі

ФИО учителя

Кабашева Ж.С.

Учебник

Қазақ тілі. 11 сынып

Урок №, тема урока

Бақылау жұмысы Нұсқа 13


Цель обучения (коротко)

Өткен тақырыптар мен грамматикадан алған білімлерін тексеру.

Имя, фамилия учащегося

(заполнить ученика(-цы)



Всем




Порядок действия

Ресурсы


Выполняй

Нұсқа 13


Лексико-грамматикалық блок

1. Синонимдік қатарды анықтаңыз.

A) Қызық – қылық.

B) Арзан – қымбат.

C) Суық – ыстық

D) Қымбат – құнды.

E) Қиын – оңай



2. Синонимдер қатарын анықтаңыз.

A) аласа, биік

B) қызыл, көк

C) уақыт, мезгіл

D) жақсы, жаман

E) ұзын, қысқа



3. Үш буынды сөзді белгілеңіз.

A) орамжапырақ

B) уық

C) арзан


D) мемлекеттік

E) дастарқан



4. Бірыңғай қысаң дауыстылары бар сөзді белгілеңіз.

A) қуаныш

B) қарағай

C) достық

D) жыбыр

E) заңгер



5. Сандық, күрек сөздеріне жалғанатын жұрнақтарды анықтаңыз.

A) -тың, -тің

B) -қа, -ке

C) -дай, -дей

D) -еке, -ке

E) -ша, -ше



6. Дара түбірді табыңыз.

A) ТМД.


B) Он бес.

C) Ата-ана.

D) Мәдениет сарайы.

E) Кестеде.



7. Көптік жалғауларды белгілеңіз.

A) -мын, -мін, -сың, -сің

B) -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

C) -ым, -ім, -ың, -ің, -м, -ң, -сы, -сі

D) -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер

E) -ыншы, -інші, -ншы, -нші



8. Реттік сан есімді белгілеңіз.

A) Жүз.

B) Отыздаған.

C) Тоғызыншы.

D) Үштен бір.

E) Бесеу.



9. Жақты сөйлемнің белгісін көрсетіңіз.

A) Тек тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем.

B) Баяндауыш өзі сөйлемге ұйытқы болады.

C) Тек тұрлаулы мүшелерден тұрады.

D) Бастауышты мүлде қажет етпейтін сөйлем.

E) Баяндауыш арқылы бастауышты табуға болатын сөйлем.



10. «Және, мен, пен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.

A) Кезектес салалас құрмалас.

B) Ыңғайлас салалас құрмалас.

C) Қарсылықты салалас құрмалас.

D) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

E) Қарсылықты сабақтас құрмалас.



11. «Красивый» сөзінің қазақша аудармасын анықтаңыз.

A) Сұлу, әдемі.

B) Мұғалім, ұстаз.

C) Ерте, кеш.

D) Кіші, аласа.

E) Жаман, нашар.



12. Буынға бөлінбейтін сөзді белгілеңіз.

A) ұлт


B) ауыл

C) ермек


D) уақыт

E) әдепті



13. Қандай түбір екенін анықтаңыз.

Сыйлық.

A) Біріккен сөз.

B) Қос түбірлі сөз.

C) Туынды түбір.

D) Қыстырма сөз.

E) Негізгі түбір.



14. Топтау сан есімін анықтаңыз.

A) Алтыншы, сегізінші.

B) Он-оннан, бес-бестен.

C) Алты, жүз бес.

D) Төртеу, жетеу.

E) Тоғыз, қырық төрт.



15. Сөйлемдегі етістіктің шағын анықтаңыз.

Көне түркі жазба ескерткіштері үш топқа бөлінеді.

A) Ауыспалы осы шақ.

B) Бұрынғы өткен шақ.

C) Жедел өткен шақ.

D) Нақ осы шақ.

E) Мақсатты келер шақ.



16. Лепті сөйлемді анықтаңыз.

A) Күн қандай тамаша

B) Елдің бірлігі, ынтымағы нығая береді

C) Бұл қандай көл

D) Қазақ жері кенге бай

E) Қазақстан әлем елдерімен бейбіт өмір сүреді



17. Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұратынын анықтаңыз.

A) Жай, күрделі.

B) Лепті, хабарлы.

C) Бағыныңқы, басыңқы.

D) Сұраулы, лепті.

E) Бұйрықты, сұраулы.



18. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

A) Жазды, бақты, келді.

B) Сызық, жазық, дала.

C) Қала, көше, дүкен.

D) Жолықты, ұшырасты, кездесті.

E) Ауылдас, мұңдас, замандас.



19. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді табыңыз.

A) Жақсыда жаттық жоқ.

B) Өнерлі өрге жүзеді.

C) Кішіпейілділіктен кішіреймейсің.

D) Қарт кісі келе жатыр.

E) Жанар сабақты жақсы оқиды.



20. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

A) Жастар жеңіл музыканы ұнатады, ал жасөспірімдер технодиско музыкасын жақсы көреді.

B) Достарыңның алдында қадірлі болғың келсе, өзің де оларды сыйла.

C) Әр адам қоғамға пайда әкеледі және өзін де дамытады.

D) Киіз үй – мал өсірушілердің негізгі баспанасы, өйткені өте ыңғайлы.

E) Түстен кейін демалыс саябағына барып, қайыққа мініп серуендедім.






ОҚЫЛЫМ

Бейбарыс сұлтан (1223-1277жж)

Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Бейбарыс – Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. Бейбарыстың әкесі – Жамақ, анасы – Әйнек. Ол хорезмдік бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар. Алғашқысы бойынша, әскери жорықтардың салдарынан, екіншісі бойынша, әкесінің жаулары оны құлдыққа сатып жіберген. Бейбарыс – қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам.

Мәмлүк мемлекетінің іргесін Мұхамед пайғамбар мұрагерлерінің арасындағы көп жылдық қақтығыстар мен қызу тартыстардан кейін оның қызы Фатима мен күйеу баласы Ғали-Арыстан қалады. Өз мемлекетін жаудан қорғауда олар жергілікті халыққа емес, күшті де қайратты қыпшақ жігіттеріне иек артты. Ал 1217 жылдан бастап исламның сопылық бағытқа көшуіне байланысты, әскерге түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады, бұл әскери төңкерістердің алдын алудың қамы еді. Мысыр сұлтаны күзет үшін жігіттерді итальян көпестестерінен сатып алды. Осылайша Бейбарыс та Дамаскіде 800 дирхемге сатылған болатын. Мұнда ол өз жерлестерімен қауышты. Бейбарыс өзін әскери өнердің шебері ретінде таныта білді. Мысыр сұлтаны Аюби оны өзінің хатшысы етіп тағайындады. Сол кезеңде Бейбарыс басқарған Мәмлүк мемлекетінің әскері орта ғасырдағы екі ірі қолға – «крест жорығы» мен моңғол басқыншыларына тойтарыс берді.

1260 жылы Күтіз сұлтан қайтыс болғаннан кейін, Бейбарыс таққа отырды. Мысыр мемлекет басына мәмлүк (қыпшақ) әулетінің келуімен және алтын Ордамен байланыстың нығаюына орай жедел қарқынмен дамыды.

Билік тізгінін мықтап қолға алған Бейбарыс әр қаланы күшейтіп, әрбір қалада тұрақты әскер ұстады. Мемлекеттегі тәртіпті нығайтты. Сарай маңында орын алатын өзара қырқысуларды түпкілікті тоқтатты. Арналық жүйені енгізді. Мәмлүк мемлекеті көркейе түсті. Мәмлүктерге әлемнің түкпір-түкпірінен көпестер ағылып келе бастады. Барлық өзендерге көпір және әрбір қалаға бір мешіттен салынды. Бейбарыс шығыстағы барлық араб иеліктерінің әміршісі деген атаққа қол жеткізді.




1. Бейбарыс сұлтанның шыққан тегін көрсетіңіз?

A) Оғыз.

B) Түрік.

C) Араб.

D) Сақ.

E) Қыпшақ.



2. Бейбарыс сұлтан туралы мәтін оқырманның қандай сезімін тудырады?

A) Мақтаныш.

B) Қорқыныш.

C) Алғыс.

D) Қуаныш.

E) Өкініш.



3. Бейбарыс қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне қалай

көтерілді?

A) Әскери өнерімен.

B) Айламен.

C) Әскери төңкеріс арқылы.

D) Кресшілердің көмегімен.

E) Арабтардың көмегімен.



4. Бейбарыс сұлтанның билігінің ең көрнекті нәтижесін көрсетіңіз?

A) Мемлекеттегі тәртіпті нығайтты.

B) Мысырды моңғол шапқыншыларынан қорғап қалды.

C) Мысырды кресшілерден тазартты.

D) Мәмлүктер мемлекетін ірі державаға айналдырды.

E) Орта Азиядағы селжүктерді, кіші Арменияны толығымен өзіне бағындырды.



5. Бейбарыс Мысыр еліне қалай келді?

A) Білім алуға келді.

B) Ел аралап келді.

C) Сауда жасауға келді.

D) Соғысқа қатысты.

E) Құлдыққа сатылды.









Д/з




Рефлексия

Теперь знаю…


Я могу выполнять

(по одному из критериев)



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет