Ушатов марат әбдікаламҧлы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту


M.Sc. in Educational Leadership: Higher Education



Pdf көрінісі
бет45/63
Дата03.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#167289
түріДиссертация
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Байланысты:
Ushatov Marat Abdikalamuly D2

M.Sc. in Educational Leadership: Higher Education
Бұл бағдарлама университеттер және олармен ӛзара байланысты 
мекемелерде жұмыс істейтін, ӛздерінің мекемелері мен жұмыстарында және 
жалпы қоғамда ӛзгерістер енгізуге қажетті білім мен дағдыларға ие 
саясаткерлер, әкімшілер, зерттеушілер мен оқытушыларға арналған.


129 
Студенттер «Educational Leadership and Educational Context and Reform in 
Kazakhstan» сынды негізгі пәндерге қосымша ретінде «Organization and 
Governance in Higher Education», «Higher Education Finance» и «Globalization and 
Higher Education» сынды элективті пәндерді таңдай алады.
Бағдарлама студенттерге зерттеудің сандық және сапалық әдістерімен 
егжей-тегжейлі даярлықты ұсынады, Қазақстандық контекстте де және 
халықаралық деңгейдегі контекстте де жоғары білім берудің ағымдағы және 
болашақ реформаларын талдау мен бағалауға арналған зерттеулерді қолдануға 
қажет дағдылармен қамтамасыз етеді. Студенттер осы зерттеу дағдыларына 
сүйене отырып, ӛз таңдауларыы бойынша жоғары білім берудің маңызды 
мәселесі бойынша тәуелсіз ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізе алады. 
M.Sc. in Educational Leadership: Higher Education бағдарламасының 
түлектері ары қарайғы жұмысқа тұру, докторлық зерттеулер жүргізу, 
мемлекеттік органдармен, дамыту мәселелерімен айналысатын мекемелермен, 
ҮЕҰ, талдау орталықтарымен және университеттермен жұмыс істеу бойынша 
үлкен таңдауға ие.
M.Sc. in Educational Leadership: Inclusive Education
Инклюзивті білім беруге оқытудың барлық деңгейінде: мектепке дейінгі
бастауыш, орта, жоғары және ӛмір бойы үздіксіз білім беру кезеңдерінде 
студенттердің әр түрлілігін мойындайтын саяси тәсіл тән.
Инклюзивті білім беру белгілі бір мақсаттарға жету мақсатында белсенді 
режимде жұмыс істеуге дайын, барлық студенттердің жетістіктері мен 
ілгерілігін қолдай алатын ақпараттанған, стратегиялық ойлай алатын және 
кӛшбасшы-трансформаторларды талап етеді. Ол - M.Sc. in Educational 
Leadership: Inclusive Education бағдарламасы аясында NUGSE бойынша оқитын 
білім беру кӛшбасшылары. 
Инклюзивті білім беру бағдарламасының түлектері докторантураның ары 
қарайғы бағдарламасына және Білім және ғылым министрлігі мен басқа да 
үкіметтік мекемелерде, дамыту бойынша агенттіктерде, ҮЕҰ, талдау 
орталықтарында және университеттерде қызмет етуге дайындалады.
Түсуге қойылатын талаптар: 
6) үміткердің «Білім беру саласын басқарудағы ғылым магистрі» 
бағдарламасына түсуге түрткі болған себептер туралы, үміткердің ұзақ мерзімді 
мансаптық мақсаттары және бұл бағдарламаның сол мақсаттарға жетуде қандай 
кӛмегі болатыны туралы эссе;
7) үміткердің кәсіби және академиялық қабілетін бағалауға мүмкіндігі бар 
және оның жетістіктері мен болашақ жоспарларынан хабардар тұлғалардан екі 
ұсыным хат. Ұсыным хаттары корпоративті электрондық мекен-жайдан 
жіберілуі керек.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, педагогикалық мамандық 
студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту мақсатында озық тәжірибе ескеріліп, 
педагогикалық жоғары оқу орнында, болмаса, жоғарғы білім беру деңгейінде 
«Білім берудегі лидер» мамандығы ашылып,мамандық аталмыш бойынша 
білім алуға мүмкіндік қарастырылса. 


130 
Енді аталмыш параграфтың міндетіне сәйкес қалыптастырушы 
эксперимент нәтижесін қарастырсақ. 
Қалыптастырушы экспериментке Абай атындағы Қазақ Ұлттық 
педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» мамандығының 
ІІІ курс студенттері қатысты.
Студенттердің лидерлік әлеуетін дамытуға байланысты біз педагогикалық 
жоғары оқу орны оқытушылары мен әр түрлі курстағы студенттерден 
сауалнама жүргіздік.
Студенттердің лидерлік әлеуетін жоғары оқу орнында кӛрсете алуы жайлы 
сауалнама 
нәтижелерін 
талдау 
барысында, 
келесі 
басым 
болған 
айқындамаларды айтуға болады: 
- оқытушалырдың айтуы бойынша студенттердің лидерлік әлеуеті 
әлеуметтік жұмыстармен айналысқанда кӛрінеді; 
- оқытушылар студенттердің лидерлік әлеуетінің кӛріністері формалды 
емес формада кӛрінетінін (лидер ресми емес ортақ беделге ие болған жағдайда), 
яғни, ғылыми жұмыстармен айналысатын немесе үздік оқитын студент, сондай-
ақ, топтағы старостаның орнын басатын студенттерді айтады;
- 1-2 курс студенттері лидерлік кӛріністерін формалды емес формада 
кӛреді. Олар лидерлік әлеуеттерінің кӛрсету мүмкіндіктерін үздік оқумен, 
ғылыми жұмыстармен айналысуымен, курстық және дипломдық жұмыстарды 
жазу барысында деп белгілейді. Бірақ, соңғы курсқа келгенде олардың 
кӛзқарастары күрт ӛзгеретіні байқалады. 
Сауалнама нәтижелері қатысушылардың оқу барысында лидерлік әлеуетін 
тек кӛрсету ғана емес, оны тәрбиелеу маңыздылығын айқындады. 
Қатысушылардың басым кӛпшілігі студенттердің лидерлік әлеуетін дамытуға 
аса назар салуды, сондай-ақ, оны тәрбиелеуге бағытталған арнайы курстар, 
түрлі тренингтерге және іскерлік ойындарға қатысу маңыздылығын толық 
қолдады. Студенттердің лидерлік әлеуеттерінің кӛріністерін оқытушылар 
зияткерлік пен ұйымдастырушылық деп белгілегенімен, студенттер тек 
ұйымдастырушылық қасиетпен шектеледі. 
Жоғарыда айтылған теориялық тұжырым (ойлар) мен тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстарды есепке ала отырып, біздің ойымызша лидерлік 
әлеуетті дамыту үшін, келесі педагогикалық шарттарға басымдылық беру 
керек: 
- лидерлік әлеуеттері жайлы түсінігін ой елегінен ӛткізу тұлғаның бағдары 
ету;
- арнайы ұйымдасқан, танымдық-кәсіптік жағдаяттарға, лидерлік 
әрекеттерге студенттерді баулу. Олар: түрлі саладағы тренинг пен іскерлік 
ойындар, «Педагогика және психология» курстары, университеттің 
«жоспарлы» қоғамдық жұмыстары; 
- оқудан тыс ӛзіндік лидерлік тәжірибені байыту (олимпиадалар, кәсіп 
орындарындағы тәжірибелік сабақтар, курстық және дипломдық жұмыстарын 
жазу). 


131 
Сонымен қатар, студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту шарттарының бірі 
- педагогтардың лидерлерді тәрбиелеуге дайындығы, оның ішінде лидерлік 
сапаның анықтаушы факторы – қазіргі кездегі лидерлік феномені; 
педагогтардың лидермен жұмыс жасау ерекшеліктері, студенттің лидерлік 
әлеуетін диагностикалау дағдысы, топтағы лидерлік орта құру қабілеті, 
лидерлермен әрекетке түсу ұмтылысы. 
Студенттерде лидерлік әлеуетті дамыту ӛзектілігін, олардың кәсіби 
қызметтегі маңызын сауалнама алынған студенттердің 98%-ы растап отыр. 
Соның негізінде лидерлік әлеуеттерді дамыту ӛзектілігі мынадай жағдайларда 
анықталады: 
1)
Жаңашыл әлеуметтік талаптарға сәйкес келетін жаңа ұрпақ мұғалімінің 
қалыптасуы; 
2)
Болашақ мұғалімнің бәсекеге қабілетті тұлға болуындағы лидерлік 
әлеуеттің маңыздылығы
3)
Лидерлік әлеуеттің педагог қызметінің жоғарылуына тиімді әсер етуі; 
4)
Оқушылар бойында лидерлік әлеуеттің дамуы, мұғалім бойында да осы 
қасиеттердің болуы шарттылығы; 
5)
Лидер оқытушы оқу орнындағы реформалауда белсенділік таныту 
және оқу-тәрбиелік үдерісте ӛзгеріс енгізе алу қабілетінің болуы. 
Мұғалімдерден алынған сауалнама бойынша лидерлік әлеует студенттік 
шақтағы ӛзін-ӛзі таныту үшін ғана маңызды құрал болып есептелмейді, 
педагогикалық жоғары оқу орындары бітірушілерінің кезекті әлеуметтік 
бейімделуі үшін де маңызды.
Лидерлік әлеует ӛмірлік іс-әрекеттің шарттарына сәйкес екпіндеп ӛзгеретін 
болашақ мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауына кӛмектеседі. 
Жоғары оқу орындары студенттерінің бойындағы лидерлік әлеуеттің дамуына 
жағдай жасау, білім берудегі қызмет кӛрсету нарығындағы бәсекелестікке 
қабілеттілік шарттарындағы саналы кӛзқарастың маңызы зор. 
Сонымен 
қатар, 
педагогика 
және 
психология 
мамандығының 
студенттерінен «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет