156
ҚОСЫМША А
Әлем кӛшбасшылары
Мазмҧны:
Саяси кӛшбасшылар
Мәдениет саласындағы кӛшбасшылық
Спорт саласындағы кӛшбасшылар
Әскери кӛшбасшылар
Саяси көшбасшылар
Уинстон Спенсер Леонард Черчилль
(1874-1965) – кӛрнекті британиялық саясаткер, саяси
және әскери қайраткер, 1940-1945 және 1951-1955 жж. Ұлыбританияның премьер-министрі
қызметін атқарған. Тілші, жазушы, ғалым. Нобель сыйлығына ие болған әдебиетші. BBC-дің
2002 жылы жүргізген сауалнамасы бойынша Ұлы британдық тұлға ретінде мойындалған.
У. Черчилль – ерекше қайратты білгір тұлға болып табылады. Ол кӛптеген министрлікте
жұмыс жасаған, сонымен қатар екі дүние жүзілік соғыс қарсаңында әскери шабуыл
жоспарларын жоспарлау шараларына ат салысқан. Оның «Екінші дүние жүзілік соғыс» атты
кітабын оқи отырып, 30-жылдардың соңғы кезеңіндегі дипломатиялық қиын кезеңдерді
автордың егжей-тегжейлі сипаттағанына, сол кітаптың келесі бетінде магнитті минаның
толық техникалық сипаттамасына арнайы тоқталып бейнелегеніне таң қаласың. Черчилль,
кӛшбасшы тұлға ретінде, мемлекеттік басқару шараларына тікелей немесе жанама түрде
қатысты барлық шараларға белсенді түрде ат салысып, барлығына қызығушылық танытты.
Ол керемет шешендік қасиетке ие болатын – яғни, соғыс жылдары оның радио желісіндегі
халыққа деген хабарландырулары (соның ішіндегі ең танымалы, «Ол деген олардың ең
керемет кездері») кӛптеген тыңдармандарды жинайтын. Сол хабарландырулары арқылы
Британия халқының жүректеріне сенім үмітін ұялататын. Британдық саясаткердің кӛптеген
сӛздері шешендік ӛнер үлгісі, ал жеке сӛйлемдері қанатты сӛздер болып танылды.
«Табысқа ешқашан кепілдік болмайды, оған тек лайықты болу керек»
157
Достарыңызбен бөлісу: |