Энтальпия (H) – бұл жүйе тұрақты қысымда болғандағы энергия, және сандық жағынан ішкі энергия U мен потенциалды энергия pV қосындысына тең.
H = U + pV ( 2.2)
Мұндағы, p –қысым, V–жүйе көлемі.
Энтальпия-тұрақты қысымдағы жүйенің энергиясы. Ол ішкі энергия мен потенциалдық энергияның қосындысына тең: ΔH=U+PV
Энтальпия ішкі энергия сияқты жүйенің бастапқы және соңғы күйіне ғана тәуелді:
ΔH=H баст -H соңғы=H2 – H1
Энтальпияның өлшем бірліктері- Бірліктердің Халықаралық жүйесінде (СИ) Дж өлшенеді.
Экзотермиялық процестер үшін ΔU<0; ΔH<0, алэндотермиялық процестер үшін ΔU>0; ΔH>0
Ішкі энергия (U) – берілген жүйені құрайтын бөлшектердің қозғалыстары мен өзара әрекеттесулерінің барлық түрлерін қамтитын энергияның толық қоры:
жүйенің барлық бөлшектерінің:молекулалар, атомдар, иондар, электрондар, протондар және т.б. қозғалыс, айналу, тербеліс қимылдарының энергиясы;
бөлшектердің күштік өзара әрекеттесуінің энергиясы(электромагниттік, гравитациялық және т.б.);
энергияның мүмкін болатын басқа түрлері.
∆U= U2-U1
Термодинамиканың нөлінші бастамасы(термодинамикалық тепе-теңдік заңы):
Егер екі жүйенің әрқайсысы үшінші жүйемен тепе-теңдікте болса, онда осы жүйелер бір-бірімен жылулық тепе-теңдікте болады деп айтуға болады.
Термодинамиканың бірінші бастамасы(энергияның сақталу және айналу заңы):
Термодинамикалық жүйенің бір күйінен екінші күйіне өткенде энергия ешқайдан пайда болмайды және ешқайда жоғалып кетпейді, бір түрінен екінші түріне қатаң эквивалентті мөлшерде айналады.
|
Оқушылар сабақтағы алған білімдерін жинақтау әдісінде қолданып, сәйкестікті анықтайды
|
Достарыңызбен бөлісу: |