Мақсат. АӨК индустриалды дамыту заманауи технологияларды енгізу негізінде ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеуге сүйенетін болады.
2015 жылы ауыл шаруашылық өнімдерді өндіру көлемі 1137,9 млн. теңгені немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 108,7% (2014жыл – 1047,1 млн. теңге). ЖКИ –104,5 %.
2015 жылы мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің көлемі 406,8 млн. теңгені құраған. ЖКИ – 108,1%. Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіру көлемі – 731,1 млн. теңге. ЖКИ – 102,6%.
Мал шаруашылығы саласында мал шаруашылығы өнімдерінің, мал басы және құстардың өсім тенденциясы байқалады.
2015 жылы ет өндіру көлемі 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,1% өскен және 599,8 тоннаны (2014 жыл – 555 тонна), сүт 3,7% және 1704 тонна (2014 жыл – 1642 тонна), жұмыртқа 3,6% және 1166 мың дананы (2014 жыл – 1124,91 мың дана) құраған.
Достарыңызбен бөлісу: |