В. Г. Доронкин автомобиль


  Функционалдық және қосымша жабдықтар



Pdf көрінісі
бет26/72
Дата13.06.2023
өлшемі2,35 Mb.
#178711
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72
Байланысты:
8dea1d77f4b79caa663766f747074394

1.7 
Функционалдық және қосымша жабдықтар 
29 
 
1.7 


1.17-сурет.
Дыбыстық сигнал: 
1
— мембрана; 
2
— түйіспелер; 
3
— диффузор; 
4
— 
сақина; 
5
— пластина; 
6
— қаңқа; 
7
— ӛзек; 
8
— орам; 
9
— зәкір 
дірілді тональды және шулы дыбыс сигналдары 
қолданылады (1.17-сурет). 
Жеңіл 
автомобильдерде 
әдетте 
екі 
дыбыстық сигнал қолданылады: жоғары және 
тӛмен тонды. Сигналдар үйлесімді аккордқа 
бапталған және бір уақытта әрекет етеді. Сигнал 
орамы бойымен ӛтетін тоқ ӛзекті магниттейді, 
ол зәкірді тартады және қаңқа мен сақина 
арасында 
бекітілген 
серіппелі 
болат 
мембранының иілуін туғызады Сонымен қатар 
зәкір серіппелі пластинаға әсер етеді және 
түйіспелерді ағытады. 
Орамдағы тоқ үзіледі және ӛзек магнитсіздендіріледі. Мембрана бастапқы 
қалпына келеді және түйіспелер тұйықталады. Сигнал жұмысы түйіспелердің 
400... 500 Гц жиілігімен қайталанады. Мембранамен туындаған ауаның ауытқуы 
дыбыс шығарады, ал диффузор (резонатор) әуенді дыбыс береді. Дыбыстың 
тиісті тоны мен тембры мембрананың қалыңдығы мен диаметріне, сондай-ақ 
резонатор диаметріне тәуелді. Жоғары тонды сигналда мембрана тӛмен тон 
сигналына қарағанда жіңішке. Дыбыс сигналының екеуінде де рупорлар жоқ 
және олар шулы типті дыбыстық сигналдар болып табылады.
Бақылау-өлшеу аспаптары 
автомобильдің жекелеген жүйелері мен 
механизмдерінің жағдайы мен әрекет етуін бақылауға арналған, олар отын 
багындағы 
отынның 
деңгейін, 
салқындату 
жүйесіндегі 
салқындату 
сұйықтығының температурасын және қозғалтқыштың жағу жүйесіндегі майдың 
қысымын кӛрсететін кӛрсеткіштерден тұрады. Одан басқа, бірқатар бақылау 
шамдары бар: отын резерві, май қысымы, аккумуляторлық батарея заряды
карбюратордың ауа қақпағы, сыртқы жарықтандыру, бұрылыс кӛрсеткіштері, 
фара жарығының ұзаққа түсу кӛрсеткіші, таратқыш қораптың диффиренциалын 
бұғаттау, тежегіш сұйықтығының деңгейі, тұрақ тежегіш, артқы терезе әйнегін 
жылыту, тұманға қарсы артқы жарық, авариялық сигнализация. Бақылау-ӛлшеу 
аспаптарына сондай-ақ вольтметр, спидометр, электронды тахометр және 
эконометр жатады. 
Вольтметр
қозғалтқыш жұмыс істемей тұрған кезде аккумуляторлық 
баратея кернеуін, ал қозғалтқыш жұмыс істегенде генератордың кернеуін 
кӛрсетеді. 
Спидометр
автомобильдің қозғалыс жылдамдығын және жүріп ӛтілген 
жолдың (тәуліктік және жалпы ең алғашқы пайдаланудан бастап) ұзақтығын 
ӛлшейді. Ол арнайы жетектен иілгіш білікпен іске қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет